• Дата публикации: 04/12/2019 - 15:26
    Мазмұны:

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайрус Ысмаилова Мансұрқызының туғанына 90 жыл толуына орай «Бейнелеу өнерінің шебері» атты көрме ашылды.

    Гүлфайрус Ысмайылованың портреттік және көркемсурет туындыларының саны 100-ден асады. Ол «Құрмет белгісі», Халықтар достығы, «Парасат» ордендерімен, өнерге қосқан сүбелі үлесі үшін «Тарлан» сыйлығымен марапатталған.

    Оқырмандар назарына желтоқсан айының соңына дейін ұсынылып отырған көрмеге қылқалам шеберінің өміріне, шығармашылығына қатысты, сонымен қатар ол туралы естеліктер айтылған әдебиеттер және бірнеше туындыларының көшірмелері қойылды.  

     

  • Дата публикации: 21/11/2019 - 19:17
    Мазмұны:

            Бүгін Қызылорда облысының  тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.

    Облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамов төрағалық еткен бұл жиында Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Бәбіш Мола, Қышқала қалашықтарында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері,            Тарихи-мәдени мұра обьектілері бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, Сыр өңірі ескерткіштерін қайтажаңғырту мәселелері және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне ұсынылатын ескерткіштер туралы мәселелер қаралды.

    Кеңеске елімізге белгілі ғалымдар, археологтар, тарихшылар, мәдениет саласының өкілдері және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

    Кеңес отырысында өңірде биылғы жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша дайындалған кең көлемді заттай экспонаттардан көрме ұйымдастырылды.  

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт мнистрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Тарихи мәдени мұра обьектілері бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бағытында жаңадан қабылданатын Заң жобасымен таныстырды. 

     

  • Дата публикации: 18/11/2019 - 12:55
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылдың 15 қарашасы күні жобалық кеңсе аясында жүзеге асырылған «Жыр мұра» жобасының қорытынды концерті өтті.

    «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция ұйымдастырылып, нәтижесінде 45 жыршы-жыраудың дауысы, 35 ескі сарындағы мақам-саздар, 27 адамнан аңыз әңгімелер, 5 қолжазба, 25 терме-толғау мәтіндері, 10 дастан, 58 өнерпаздың орындауындағы терме толғаулар жазылып алынып, қазіргі уақытта орталықтың қорына өткізілді.

    Бүгінгі күнге дейін Қармақшы, Арал, Шиелі аудандарында жыр мектептері жұмыс жасап, 236 бала дәріс алса, «Жыр мұра» жобасы аясында Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 4 жыр-терме үйірмесі және 7 ауданнан 7 «қобыз» үйірмесі ашылды.

    Жоба аясында облыс аудандарынан және Қызылорда қаласынан жыр әлеміне 15 жаңа есім анықталды.

     

  • Дата публикации: 05/11/2019 - 17:36
    Мазмұны:

             ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады.

             Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер - ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етпеуге тиіс.

             Талап етілген жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 70-56-36 телефоны бойынша хабарласуға болады.

     

     

  • Дата публикации: 04/10/2019 - 10:31
    Мазмұны:

        2019 жылы 24-25 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында Жастар жылына  орай  Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Қызылорда облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық  «Жас архивистер» конкурсы  өтті. Конкурсқа Қазақстан Республикасы Президенті Архивінен және   Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау Батыс Қазақстан, Қызылорда облысынан 8   команда  қатысты.

         Конкурстың мақсаты - жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында архив саласының рөлін, архивист мамандығының мәртебесін көтеру болып табылады.

    Екі күндік бағдарламаны қамтитын конкурста командалар 4 сайыстан додаға түсті.

    Конкурстың бағдарламасы бойынша  2019 жылғы 24 қыркүйекте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуова  жас архивистермен кездесу өткізді. Кездесуден кейін жас архивистер командалары архив заңнамалары бойынша тест тапсырды және жаңадан берілген архив ғимаратымен, құжаттық көрмелермен танысты. 

      25 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауына орналасқан Жастар ресурстық орталығында  конкурс жалғасын  тапты. Конкурсты облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов ашып, командаларға сәттілік тіледі.

      Бұл күні  командалар «Архив жастары – болашаққа жол бастар» тақырыбында сәлемдесу,  архив жұмысы туралы видеоролик  және  үйге берілген  тапсырма «Біздің архивтің жеті қыры»тақырыбындасайысқа түсті. Екі күнге созылған республикалық конкурста қазылар  алқасының  қортындысымен  жүлдегер командалар анықталды.  Бас жүлдені  Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы жеңіп алды.

    І орынды Қазақстан Республикасы Президенті Архиві «Жас қыран» командасы иеленсе, ІІ орынды Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» командасы, ІІІ орынды Алматы қаласының «Алатау жастары»  командалары қанжығасына байлады.

    Сонымен қатар,   командалар алғыс хаттармен марапатталды.

    Еске салсақ, 2017 жылы Алматы қаласында Қазақстан -Республикасы Президенті архиві мен Алматы қаласы мемлекеттік архивінің  ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсында Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы Бас бәйгені жеңіп алды.

     

  • Дата публикации: 03/10/2019 - 16:31
    Мазмұны:

               25 қыркүйек күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жастар арасында тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды табу мақсатында «Тіл – елдігіміздің негізі» атты облыстық байқауы өтті.

    Байқауға 16-29 жас аралығындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен қатар қалалық, аудандық мектеп оқушылары барлығы 18 өнерпаздар қатысып, сайысқа түсті.

             Қазылар алқасының шешімімен, Бас жүлде Сандуғаш Жұбанова (Жалағаш ауданы), І-орынды Хайрулла Айбек (Қызылорда қаласы),                      ІІ-орынды Сәбит Думан (Шиелі кенті) және Айдын Кекілбаева (Жаңақорған ауданы), ІІІ-орынды Олжас Шарапов (Арал ауданы) мен Айнұр Бекжановалар (Қызылорда қаласы) иеленді.

     

  • Дата публикации: 28/05/2019 - 15:29
    Мазмұны:

    27-28 мамыр күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған «Парасатты поэзия» халықаралық фестивальға қатысушылар өңіріміздің барлық аудандарында өтіп жатқан жыр кештеріне қатысып, өлең-жырларымен Сыр халқына рухани азық сыйлауда.

             29 мамыр күні сағат 17.00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалдің қорытынды  шарасы  өтеді.

     

  • Дата публикации: 28/05/2019 - 12:11
    Мазмұны:

    27 мамыр күні «Парасатты поэзия» халықаралық фестиваль бағдарламасына сәйкес Түрік, Әзірбайжан Жазушылар одағының мүшесі Мехмед Нури Пармаксыз (Түркия), Әзірбайжан Жазушылар одағының баспасөз хатшысы, Әзірбайжан және Евразия Жазушылар одағының мүшесі Хаял Рза (Әзірбайжан), Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Байбота Қошым-Ноғай мен Қалқаман Сарин, т.б. фестивальға қатысушы ақындар облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Қала тарихы музейінің экспозициясымен, «Рухани жаңғыру» орталығының жұмысымен және қаламыздың көрікті орындарымен танысып, «Жазушылар композициясы» және Ә.Тәжібаев ескерткіштері жанында ұйымдастырылған «Жастар жырлайды» жыр кешіне қатысты.

     

  • Дата публикации: 26/04/2019 - 19:15
    Мазмұны:

    2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V "мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР заңының 44 бабына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптестің "Баймұрат батыр ауылы Ақжарма ауылдық округінде 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы, Н.Тасымов көшесі №20, Ауылдық жерлерде мәдени-демалыс іс-шараларын дамытуға арналған.

    Жобаның мақсаты: ауылдық жерлерде мәдени-демалыс іс-шараларын дамыту.

    Жоба бойынша техникалық-экономикалық талаптар:

    Жер учаскесінің көлемі-1,2 га

    Жалпы ауданы-0,3764 га

    Құрылыс алаңы-887,9 м2

    Ғимараттың жалпы ауданы – 655,23 м2

    Негізгі параметрлері: екі қабатты ғимарат, көлемі 4212,5 м3, көлемі 27,2*30 м және екі жағынан кіре берісі бар.

    Ғимараттың бірінші қабатында: фойе-вестибюль, гардероб, 150 орынға арналған көрермендер залы,эстрада, сахна аппаратурасының қоймасы, дәліз, әртістердің жалпы демалу бөлмесі, костюм (әйелдер), костюм (ерлер), әртістерге арналған душ бөлмесі (әйелдер) бар санузел, әртістерге арналған душ бөлмесі(ерлер) бар санузел, венткамера, тамбур, электр қалқан бөлмесі, қойма, буфет бағаны, буфет жанындағы қосалқы және жуу бөлмесі, дәліз, ерлер санузелі, әйелдер санузелі, санузел, кресло-арбадағы мүгедектерге арналған бөлме, жинау мүкәммалының бөлмесі, әкімшілік бөлмесі, тамбур, касса.

    Екінші қабатта: кабинет, клуб директорының бөлмесі, киноаппараттық және дыбысаппараттық, дәліз.

    Әлеуетті инвесторларға қойылатын талаптар:

    1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (жеке кәсіпкер үшін) ие болу);

    2) төлем қабілеті бар, салық берешегі жоқ;

    3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

    4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның Қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс.;

    5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмауға;

    Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

    Балама ұсыныс болуы тиіс:

    2015 жылғы 31 қазандағы №379-V ҚР "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңының және ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес әзірленген және ресімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы бизнес-жоспар.

    әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайы;

    мемлекеттік тиесілігі туралы ақпарат( заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін));

    әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және тұлғалар туралы мәліметтер;

    әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

    Анықтама үшін: Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

    Мекен-жайы: Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан к-сі, н / ж;

    Телефон: + 7 (7242) 620-53-04, электрондық мекен-жайы: oblcultkzl@mail.ru ескерту.

     

  • Дата публикации: 25/04/2019 - 15:35
    Мазмұны:

     «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бағыты бойынша Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Жыр мұра» жобасын жүзеге асыруда.

    «Жыр мұра» жобасының негізгі мақсаты - халық арасында ұмытылып бара жатқан  жыр-термелерді, мақам-саздарды, күйлерді  қайта жаңғыртып келешек ұрпаққа табыстау, Қорқыт мұраларын жан-жақты насихаттау, жыр әлеміне жас жаңа есімдерді шығару.  

    Жобасы аясында «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция облысымыздың 7 ауданы мен Қызылорда қаласын аралап, ел ішіндегі асыл қазыналарымызды жинақтау бағытында жұмыс жасап қайтты.

    Нәтижесінде, халық арасындағы құнды мәдени мұралар жинақталып, көшірмелері алынып, ел  ішінде танылмай жүрген талантты өнерпаздардың орындауында жыр-термелер жазылып алынды.

     Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Жыр мұра» жобасының ашылуы – рухани жиында Сыр елінің жыр өнеріндегі аға буын жырауларымызбен қатар жас буын  өнерпаздар бас қосып өз пікірлерін ортаға салса, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы жыр мектептерінің жетекшілері ашық сабақтар өткізді.

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика