Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыс мәдениет және өнер, архив мекемелерінің

2017 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

 

Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 13 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 409 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылы облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 2 млрд. 275 млн. теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

2017 жылы Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылдық клубының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Шиелі ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылды.

2017 жылы барлығы 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: облыстық бюджеттен 3 мәдениет нысаны - Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кино-бейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты мен Жалағаш аудандық архиві,  аудандық бюджеттерден 3 клуб - Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданының  Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйі.

  Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынып, филармонияның өнер ұжымдары мен жеке орындаушыларына концерттік киімдер тіктірілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету  мақсатында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ, дыбыс жазу студиясы алынып, бүгінгі күні кітапхана қорындағы 14 баспа әдебиеттер дыбыстандырылып жазылды. Сондай-ақ, мүгедек балалардың шығармашылықпен айналысуына жол ашу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Жүрек жылуы» байқауы өткізіліп келеді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 16 749 сақтау бірлігінің (істердің) 1 633 921 парағы сандық жүйеге енгізілді.

 Архив қоры 17 090 сақтау бірлігіндегі құжаттармен толықтырылды. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 20 258 сұранысы заңдылықтарға сәйкес орындалды.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 72 семинар, 34 лекция, 80 экскурсия және мектеп оқушыларына 100 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 83 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 48 көрме әзірленді.

«Электронды кітапхана» ақпараттық жүйелерін қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  кітапхана қорларын электронды форматқа көшіруде бірінші кезекте облыс кітапханалары тарихи және ғылыми құндылық болып табылатын сирек кітаптар мен өлкетану басылымдары (кітаптар, газеттер) цифрлы форматқа көшірілуде.

 «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында 4590 кітап (1064437 бет) цифрлық нұсқаға көшірілді. Облыста заманауи байланыс құралдарымен, компьютермен жабдықталған, интернет желісіне қосылған және ауыл тұрғындарының кез келген ақпаратқа тең дәрежеде қол жеткізе алатын жаңа үлгідегі 47 модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасайды.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 491 284 дананы құрайды, оның 2 372 951 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 54 501 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 46 583 дана. 2017 жылы облыс кітапханалары 249 012 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 4 497 153, келушілер саны 1 876 217 құрады.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 129 935 экспонат бар.

Жыл көлемінде облыс музейлері бойынша 3760 экспонат жинақталып, оның ішінде 1338 экспонат облыстық музей қорында жинақталған.

2017 жылы облыс музейлерінде  9962 экскурсия жүргізіліп, 784 лекция, 605 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 117 768 адамды құрады.

2017 жылыдың мамыр айында «Жайнай бер, Қызылорда» атты республикалық суретшілер симпозиумы ұйымдастырылып, шараға  республикамыздың әр өңірінен 25 суретші қатысты. Симпозиум қорытындысымен суретшілердің салған туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыс бойынша 12 ескерткіш енгізілді (археологиялық Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Жент қалашықтары,  сәулет және қала құрылысы ескерткіштері – Қорқыт ата ескерткіш кешені, Оқшы ата, Төлегетай-Қылышты ата, Қорасан ата , Жанқожа баба, Бұқарбай батыр кесенелері, Бегім ана мұнарасы және Қызылорда қаласындағы Христос спаситель шіркеуі).

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілді.

Музей қорындағы құнды да көне жәдігеолер мен тарихи-мәдени жазбалардың тарихын халыққа таныстыру, насихаттау мақсатында «Бір жәдігер» жобасы «Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асуда.

Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында 2017 жылы Қызылорда және Алматы қалаларында семинар-тренингтер өткізіліп, шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан сарапшы мамандар, халықаралық түркі академиясының өкілдері қатысып, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Конвенция талаптарына сәйкес құжаттамалар топтамасы әзірленіп, деректі фильм түсірілді.

  Нәтижесінде «Қорқыт ата мұралары» ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне (Париж қ.) ұсынылды.

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылы 8 456 мәдени шара өткізіліп, оған 1 763 115 көрермен тартылған.

Облыс бойынша 20 облыстық, 3 аймақтық, 5 республикалық, 2 халықаралық  деңгейдегі конкурс-фестивальдер мен ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі, Текей батырдың 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылардың конкурсы, қараша айында ақын, драматург Иран-Ғайыптың шығармашылығына арналған «Бұ дүние ғайыбы» жыр кеші, композитор Ілия Жақановтың «Әнім саған, Сыр елім» атты шығармашылық концерті, халықаралық «Парасатты поэзия» атты жыр кеші өткізілді.

 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді. Күндер аясында облысымыздағы өнер ұжымдарының концерттері мен қойылымдары, этноауылда облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған «Сыр шежіресі» атты көрмесі ұйымдастырылды.

2017 жылы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 276 спектакль қойылып, оның ішінде 76 - драмалық, 106 - балаларға арналға, 94 – қуыршақ театрының қойылымдары. Оған 94 900 көрермен қамтылды. Театр репертуары 9 жаңа спектакльмен толықты.

Облыстық филармония 198 концерт өткізіп, оған 46 612 көрермен қамтылды.

Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру мақсатында облыстық филармония өнер ұжымдарының гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып, Орынбор және Ташкент қалаларында концерттер өткізілді.

 Өткен  жылы Қазақстан мен Әзірбайжан Республикалары арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында және таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Әзірбайжан елінде Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Баку және Шеки қалаларында облыс өнер шеберлерінің концерті мен облыстық театрдың спектакльдері әзірбайжан жұртшылығына ұсынылды.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің

2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары

және ІҮ тоқсанындағы міндеттері туралы мәлімет

 

Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 12 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 408 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылдың 9 айында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 822 629,8 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылдың 9 айында 6 063 мәдени шара өткізіліп, оған 1 157 521 көрермен тартылған.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 518 903 дананы құрайды, оның 2 375 314 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 29299 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 25 502 дана.

9 айда облыс кітапханалары 199 234 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 3 460 180, келушілер саны 1 378 183 құрады.

Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 56 654 жазба жіберіліп, 64 503 жазба алынды.

Барлығы  цифрлы форматқа 4196 кітап (864 593 бет) және 6 газет  29 978 бет көшірілді.

Облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға сервер, компьютер, т.б. құрал-жабдықтар алынды.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 124 360 экспонат бар. 9 айда  облыс музейлері бойынша 2630 эспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры 982 экспонатпен толықтырылды. Есепті мерзімде облыс музейлерінде 6476 экскурсия жүргізіліп, 449 лекция, 397 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер 80 765 адамды құрады.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 152 спектакль қойып, оған 51300 көрермен қамтылды. Оның ішінде 99-і балаларға арналған қойылымдар.

Облыстық филармония барлығы 138 концерт ұйымдастырып,  оған 40 240 көрермен тартылды.

  Облыстағы архив мекемелеріне 14697 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 11888 сақтау бірлігінің (істердің) 1 808 021 парағы сандық жүйеге енгізілді.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте түрлі тақырыптарда 55 семинар, 23 лекция, 67 экскурсия және мектеп оқушыларына 80 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 61  мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 41 көрме ұйымдастырылды.

Облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 15027 сұраныстарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2635 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 10580 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1812 сұраныс түсіп, орындалды.

Өткізілген шаралар:

2017 жылдың 12-13 сәуір аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, оларды көркемөнерпаздар үйірмелерге баулу мақсатында облыстық  ХХІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.

27 сәуір – 3 мамыр аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы өткізілді. Симпозиумда еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан елімізге ғана емес, шетел мемлекеттеріне есімдері белгілі суретшілер бас қосты.

Симпозиум қорытындысымен суретшілер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері симпозиум барысында салған суреттерін көркемсурет галереясына сыйға тартты.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырдария ауданы, Н.Ілиясов атындағы ауылдық мәдениет үйінде балалар тақырыбына жазылған әндерден облыстық «Бала – өмір, балдәурен» атты композиторлар мен әншілер конкурсы болып өтті.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу және төл өнерімізді дамытып, заманға сай жаңашыландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақстан» ТРК АҚ «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 13 маусымы күні «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы республикалық  телевизиялық мега жобаның облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға аудандардан іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша «Мен қазақпын» халықаралық мега жобасына «Үздік аймақтық күйші» номинациясы бойынша С.Ділдабаев, «Үздік аймақтық дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша З.Баймұрзаева, «Үздік аймақтық жыршы-термеші» номинациясы бойынша М.Сүгірбай республикалық кезеңге қатысуға жолдама берілді. Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен көпшілікке танылмай жүрген кино-фото түсірушілердің шығармашылығын дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында «ЭКСПО қарсаңындағы Қызылорда» атты әуесқой кино түсірушілер мен фотосуретшілердің облыстық байқауы болып өтті.

Үстіміздегі жылдың 10-14 тамыз күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының мәдениет күндері өтті.

Күндер бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы бірқатар мәдениет орындары мен демалыс саябақтарында театр қойылымдары мен шығармашылық ұжымдардың концерттері ұйымдастырылды.

«Этноауыл» ұлттық мәдени кешеніндегі «Сыр жешіресі» атты көрмеде өңіріміздің қолөнер шеберлері 10 күн бойы сату-көрмелерін өткізді.

Түркі тілдес елдердің ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара  мәдени қарым-қатынасы мен байланысын нығайту, қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен жұртшылықты таныстыру және кеңінен насихаттау мақсатында қыркүйек айының 27-29 күндері Қызылорда облысы әкімдігі және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты  фольклорлық - музыкалық өнер фестивалі өткізілді.

Фестиваль аясында, «Тұран таңбалары» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этноархеологиялық көрмесі дайындалып, фольклор-танушы ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Бұл фестивальге 10 елден (Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Англия, Ресей Федерациясынан –Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Саха-Якутия, Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы) және қазақстанның белгілі ғалымдары мен өнерпаздар, дәстүрлі әншілер, сондай-ақ, Қазақстаннның халық артисі, Әлем артисі Айман Мұсаходжаева қатысты.

Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден және Қазақстаннан келген ғалымдар мен музыка мамандары Қызылорда қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен облыстық филармонияда шеберлік дәрістері өткізілді.

Фестивальдің жабылу салтанаты Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды ескерткіш-кешенінде ұйымдастырылып, шара барысында қонақтар «Салт-дәстүрі сақталған Сыр елі» атты этноауыл көрінісімен (бесікке салу, беташар, тілашар, тұсау кесу, ұлттық алтыбақан ойындары т.б.) танысты.

 

2017 жылдың ІҮ тоқсанындағы міндеттер:

·        «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалін ұйымдастыру;

·        Халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылардың байқауын ұйымлдастыру;

·        1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты ұйымдастыру;

·        16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік салтанатты ұйымдастыру;

·        Жаңа жылға арналған мерекелік шара ұйымдастыру;


Облыс мәдениет  және өнер мекемелерінің

2017 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстары

және ІІІ тоқсанындағы міндеттері туралы мәлімет

 

Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана,12 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 408 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылдың І жартыжылдығында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 269 497,9 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

2017 жылы облыстық бюджеттен 3 сала нысанына (Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кинобейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты және Жалағаш аудандық архиві)  және аудандық бюджеттерден 3 клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына (Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданы  Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйінің шатырына) қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынды. Сондай-ақ,  облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылып, мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ алынды.

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылдың I жартыжылдығында 4035 мәдени шара өткізіліп, оған 819308 көрермен тартылған.

Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 164268,5 мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 507 721 дананы құрайды, оның 2 365 960 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 17532 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 15599 дана.

2017 жылдың І жартыжылдығында облыс кітапханалары 151194 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 2475112, келушілер саны 1017793-ті құрады.

Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 54838, есепті кезеңде 6032 библиографиялық жазба жіберіліп, олардан барлығы 62826, есепті кезеңде 5312 жазба алынды.

Есепті кезеңде цифрлы форматқа 593 кітап (100279 бет) және 6 газет топтамасы (7785 бет) көшірілді.

Облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13201,1 мың теңге қаржы бөлініп, сервер, компьютер, т.б. құрал-жабдықтар алынды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 127807 экспонат бар.

2017 жылдың І жартыжылдығында облыс музейлері бойынша 1665 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры 436 экспонатпен толықтырылды.

Есепті мерзімде облыс музейлерінде 4636 экскурсия жүргізіліп,340 лекция, 294 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер 63971 адамды құрады.

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, насихаттау және сақтау мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйі, олардың сақталу  жайы, өңірдегі археологиялық зерттеулердің барысы талқыланды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылда 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай  «Музей түні – 2017» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Биыл ұйымдастырушылар келушілерге 20-ға жуық шара ұсынды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кең көлемді мақаласынан туындайтын «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бағдарламалары аясында өңіріміздегі археологиялық және киелі орындарды насихаттау мақсатында «Казконтент» АҚ, «Хабар», «Қазақстан» РТРК, «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарында арнайы бағдарламалар берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеулер жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Сығанақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысымен танысты.

Есепті мерзім ішінде облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану,сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 4 отырысы өткізілді. Онда монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға, тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне толықтыруға келісім беру мәселелері қаралды.

 

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 135 спектакль қойып, оған 34200 көрермен қамтылды. Оның ішінде 38-і балаларға арналған қойылымдар және 18-і жастар труппасының спектакльдері. 

Облыстық филармония барлығы 107 концерт ұйымдастырып,  оған 31662  көрермен тартылды. Өзге облыстар мен елді мекендерде 43 гастрольдік, 10  қайырымдылық  концерттер өткізілді .  

Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына орай, Әзірбайжан Республикасындағы Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері 2017 жылдың сәуір айында ұйымдастырылды. Күндер аясында Сыр елінің кәсіби өнер ұжымдары – облыстық филармония және облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Баку және Шеки қалаларында концерттер мен қойылымдар ұсынды.

Сондай-ақ, облыстық филармонияның әртістері ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына орай үйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты.

         Облыстағы архив мекемелеріне 10399 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

         «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 7935 сақтау бірлігінің (істердің) 919 047  парағы сандық жүйеге енгізілді.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте түрлі тақырыптарда 43 семинар,  19 лекция, 60 экскурсия және мектеп оқушыларына 64 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 46  мақала жарияланды.  Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 29 көрме ұйымдастырылды.

2017 жылдың І жартыжылдығында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 11079 сұраныстарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2124 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 7566 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1389 сұраныс түсіп, орындалды.

Өткізілген шаралар:

2017 жылдың 12-13 сәуір аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, оларды көркемөнерпаздар үйірмелерге баулу мақсатында облыстық  ХХІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.

27 сәуір – 3 мамыр аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы өткізілді. Симпозиумда еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан елімізге ғана емес, шет ел мемлекеттеріне есімдері белгілі суретшілер бас қосты.

Симпозиум қорытындысымен суретшілер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері симпозиум барысында салған суреттерін көркемсурет галереясына сыйға тартты.

         1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырдария ауданы, Н.Ілиясов атындағы ауылдық мәдениет үйінде балалар тақырыбына жазылған әндерден облыстық «Бала – өмір, балдәурен» атты композиторлар мен әншілер конкурсы болып өтті.

         Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу және төл өнерімізді дамытып, заманға сай жаңашыландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақстан» ТРК АҚ «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 13 маусымы күні «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы республикалық  телевизиялық мега жобаның облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға аудандардан іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша «Мен қазақпын» халықаралық мега жобасына «Үздік аймақтық күйші» номинациясы бойынша С.Ділдабаев, «Үздік аймақтық дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша З.Баймұрзаева, «Үздік аймақтық жыршы-термеші» номинациясы бойынша М.Сүгірбай республикалық кезеңге қатысуға жолдама берілді.

Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен көпшілікке танылмай жүрген кино-фото түсірушілердің шығармашылығын дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында «ЭКСПО қарсаңындағы Қызылорда» атты әуесқой кино түсірушілер мен фотосуретшілердің облыстық байқауы болып өтті.

 

2017 жылдың ІІІ тоқсанындағы  міндеттер:

 

·        Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме аясында Қызылорда облысының өнер күндерін ұйымдастыру;

·        Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу;

·        "Иран бағы" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізу;


 

Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің

2017 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары

және ІІ тоқсанның міндеттері туралы мәлімет

 

2017 жылдың І тоқсанында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 578 млн. 378 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

2017 жылы облыстық бюджеттен 3 мәдениет нысанына (Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кино-бейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты мен Жалағаш аудандық архиві)  және аудандық бюджеттерден 3 клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы (Олар Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданының  Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет Үйінің шатырына) бөлінді.

  Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынды. Сондай-ақ, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылып, мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ алынды.

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2017 жылдың І тоқсанында 1807 мәдени шара өткізіліп, оған 308739 көрермен тартылған.

Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 28356,1м.т мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 494300 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 354014 дана кітап. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханаларының қоры жаңадан 4468 дана кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 4319 дана.

2017 жылдың І тоқсанында облыс кітапханалары 82930 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 1 252011, келушілер саны 499794-ті құрады.

Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 51265, есепті кезеңде 2459 библиографиялық жазба жіберіліп, олардан барлығы 58791, есепті кезеңде 1277 жазба алынды.

Есепті кезеңде цифрлы форматқа 284 кітап (55414 бет) және 4 газет топтамасы (1232 бет) көшірілді.

Қаңтар айында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты көрме және «Халықаралық көрмелер тарихынан» атты слайд-сабақ өткізілді. Наурызда «Терроризмге жол жоқ!» атты библио-квилт – түрлі-түсті бөлшектерден тұратын кітапханалық ақпараттық стенд жасалып, документті видео-сабақ өткізілді. «Кітапханаға калай жетуге болады?» атты қала көшелерінде әр жастағы азаматтарға ақпарат беріліп, сұрақтар қойылып, сұхбат түрінде либмоб ұйымдастырылды.

Облыс музейлерінің қорында – 126 916 экспонат бар.

2017 жылдың І тоқсанында облыс музейлері бойынша – 823 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры – 211 экспонатпен толықтырылды.

Есепті мерзімде облыс музейлерінде 1810 экскурсия жүргізіліп, 179 лекция,  135 көрме және 21 іс-шара ұйымдастырылды. Оған келушілер 25062 адамды құрайды.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Көркемсурет галереясында «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында облыс мектептерінің дарынды оқушыларының қатысуымен «EXPO-2017 – болашақтың айнасы» тақырыбында облыстық көрме ұйымдастырылды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың ақ жолы» атты көрме және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Сыр өңірінің зергерлік өнері» ғылыми-танымдық жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бейнелеу өнеріне бейімі бар мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Ертегі кейіпкерлері» атты сурет салу байқауы өткізілді.

Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші және Мұхамедқали Сужиковтың мүсіні орнатылды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті есепті мерзімде барлығы 66 спектакль қойып, оған 16500 көрермен қамтылды. Оның ішінде 22-і балаларға арналған қойылымдар және 5-і жастар труппасының спектакльдері.

Театрда 2 жаңа спектакль сахналанып, Әзірбайжанның жазушы-драматургі Мирза Фатали Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің» комедиясы және М.Ахмановтың «Наурыз Думан» балалар қойылымының премьерасы болды.

Театр ұжымы наурыз айында Қармашы ауданында гастрольдік қойылымдар ұйымдастырды.

Облыстық филармония барлығы 47 концерттер ұйымдастырып, оған 14305 көрермен тартылды. Өзге облыстар мен елді мекендерде 22 гастрольдік, 8 қайырымдылық концерттер өткізілді .

Филармония өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Наурыз мерекесіне арналған  «Наурыз-думан» мерекелік концертін ұйымдастырды.

         Есепті мерзімде облыстағы архив мекемелеріне 4762 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

         «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 4109 сақтау бірлігінің (істердің) 511 536 парағы сандық жүйеге енгізілді.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 22 семинар, 8 лекция, 20 экскурсия және мектеп оқушыларына 20 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 23 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 17 көрме әзірленді.

2017 жылдың І тоқсанында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 5274 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырылды. Оның ішінде 847 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 3825 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 602 сұраныс түсіп, орындалды.

Өткізілген шаралар:

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық тізбесіне «Қорқыт ата мұралары» номинациясын енгізу үшін Қызылорда және Алматы қалаларында семинар-тренингтер өткізілді. Аталмыш шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен арнайы өкілдер мен сарапшылар қатысты. Нәтижесінде материалдық емес мәдени мұраларымызды сақтау, дамыту мақсатында «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық тізбесіне ұсынылды.

2017 жылдың ақпан айында ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің конкурсы, ақын З.Шүкіровтың 90 жылдығына арналған «Бір жұлдыз боп жанам мен» облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Нүрекеев атындағы «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты аймақтық әзіл-сықақ отауларының байқауы және 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

«ЭКСПО–2017» Халықаралық көрмесі аясында «Жастары жалындаған Қазақ елі!», Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған «Жауһар мұра» атты күйшілердің және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, музыкант Т.Каденовтың шығармашылығына арналған « Саз ғұмыр» атты кеші т.б. өткізілді.

 

2017 жылдың ІІ тоқсанындағы міндеттер:

  • Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына және облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына кино-бейне бөлімі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Баку және Шеки қалаларында облыстық театр және филармония шығармашылық ұжымдарының гастрольдік сапарын ұйымдастыру;
  • Облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы.
  • Тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу мақсатында ортағасырлық Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашықтарына қазба жұмыстарын жалғастыру, сонымен қатар жаңадан Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне де археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
  • Республикалық Суретшілер симпозиумын өткізу;
  • 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанат.

Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылдағы міндеттері жайлы мәлімет

 

2016 жылы облыстық мәдениет, өнер және архив саласы қызметіне облыстық бюджеттен 1902207,8 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз игерілді.

Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қызметін дамыту мақсатында облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылып, ескерткі-кешен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрме аясында шет елдерден келетін қонақтарды қабылдайтын нысандар тізбесіне енді.

Облысымыздағы мәдениет ошақтарының жай-күйін жақсарту бағытында да біршама жұмыстар атқарылды.

Жаңақорған ауданындағы Талап ауылдық округіне қарасты Бесарық елді мекенінде ауылдық клубтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден 8 клуб пен 1 кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл көлемінде облыс бойынша 8088 мәдени шара өткізіліп, оған 1 785 671 көрермен қамтылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы, классикалық әндер фестивалі, дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивальдері ұйымдастырылды. Атақты күрішші, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өткізілді. Биылғы жылы Астана қаласы, Ақтөбе облысында Қызылорда облысының күндері болып өтті.

Күндердің бағдарламасына сәйкес, Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде «Ырысты, күрішті Қызылорда» атты облыс өнерпаздарының концерті және «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған көрме өткізілді. Конгресс-Холл залында «Сыр – Алаштың анасы» атты облыс өнер шеберлерінің мерекелік концерті және «Тәуелсіздіктің дара жолындағы Сыр елінің жетістіктері» атты фото-көрме, «Тәуелсіздіктік сырлы бояулары» тақырыбында облыс суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

     Оқырмандар сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыруға облыстық бюджеттен 10 700,0 мың теңге бөлініп, 8 мың данаға жуық дана жаңа әдебиеттер алынды.

«Модельді ауылдық кітапхана» жобасына сәйкес облыс бойынша 44 модельді ауылдық кітапхана құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына заманауи қызметтер көрсетуде.

Облыстық бюджет есебінен облыстық тарихи-өлкетану музейін жөндеу, реконструкциялау жұмыстары атқарылды, Шиелі ауданында Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне жаңа ғимарат салынды.

Облыс тұрғындарының концерттер мен спектакльдерге қолжетімділігін арттыру мақсатында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде 223 спектакль қойып, 73 400 көрерменді қамтыды. Театр репертуары биыл 6 жаңа спектакльмен толықтырылды.

Облыстық филармония 278 концерт ұйымдастырып, оған 77140 көрермен тартылды. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру мақсатында облыстық филармония жанынан балалар музыкалық театр-студиясы құрылып, білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.

Алыс-жақын шет елдермен мәдени байланысты нығайту бағытында жұмыстар жалғастырылуда. Облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі Түркияда, АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, өнер көрсетті. Филармонияның өнер ұжымы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ресейдің Орынбор қаласында, Ташкентте, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында және арнайы мерекелік бағдарламалармен елді мекендерде гастрольдік концертер ұйымдастырды.

Халықаралық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған конкурс-фестивальдерде өңірімізден қатысқан талантты балалар мен шығармашылық ұжымдар жеңімпаз атанып келеді. Атап айтар болсақ, елді-мекендердегі үйірмелерден дәріс алған өнерлі балалар 2016 жылы халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауларында бірнеше жүлделі орындарды иеленсе, Баку қаласында өткен халықаралық мугамдар конкурсында Қармақшы ауданы К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің шәкірті Малика Алдамжарова ІІІ орынды, Қазақстаның еңбек сіңірген артисі Қ.Ақдауәлетова жетекшілік ететін балалар студиясының бір топ бүлдіршіндері Грузияда өткен халықаралық конкурстың барлық жүлделі орындарын жеңіп алды.

Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Әуен Fest» камералық оркестрлердің республикалық фестивалінде  облыстық филармонияның камералық оркестрі ІІІ орынды, Ақтау қаласында өткен «Әбіш әлемі» атты І республикалық театр фестиваліне Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры «Адам болып өтейін» спектаклімен қатысып, «Заманмен үндескен спектакль» номинациясын иеленді.

Өткен жылы облыс аумағында белгілі тұлғалардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында 2 ескерткіш және 15 бюст орнатылды. Сонымен қатар, бюджет қаржысына Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының кезекті отырысы Қызылорда облысында ұйымдастырылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілген.

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, нәтижесінде 2014 жылдан бері археологиялық зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келген, Сығанақ, Жанкент, Шірік-рабат қалашықтарымен қатар, биылғы жылы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін объектілердің ауқымы кеңейтіліп, ортағасырлық Жент, Сортөбе, Кердері кесенелеріне де қазба жұмыстары жүргізілетін болды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың желтоқсан айында Мәдениет және спорт Министрлігі жанындағы ескерткіштерге мәртебе беру жөніндегі Арнайы комиссия отырысы өткізіліп, Қызылорда облысы бойынша 9 ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілді.

2016 жылы архив мекемелеріне 18476 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды. «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 19117 сақтау бірлігінің (істердің) 2 234 733  парағы сандық жүйеге енгізілді.

2016 жылғы «Байқоңыр» кешеніне байланысты Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысының хаттамалық шешімімен Байқоңыр қалалық архивіне Байқоңырдың ресейлік архивінен қазақстандық мекемелердің 725 құжаты қайтарылып, тарихи сипаттағы негіздемелеріміз өз архивімізде сақталатын болды.

 

2017 жылдың міндеттері:

 

  • Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және автоматты өрт сөндіру жүйесін орнату;
  • Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кино-бейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты мен Жалағаш аудандық архиві ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Ортағасырлық Сығанақ, Шірік-Рабат Жанкент, Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
  • «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндерін ұйымдастыру;
  • Түркі тілдес елдердің Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу;
  • Облыстық театр және филармония шығармашылық ұжымдарының Әзірбайжан Республикасының Баку, Шеки қалаларына гастрольдік сапарын ұйымдастыру;
  • Суретшілер симпозиумын ұйымдастыру.

Облыс мәдениет, өнер және архив мекемелерінің

2016 жылдың 9 айында атқарған

жұмыстары туралы мәлімет

 

Облыс бойынша 397 мәдениет және өнер мекемелері мен 11 архив  халыққа қызмет көрсетеді.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 505 қаулысына сәйкес «Қорқыт ата» мемориалдық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, мекемелер саны 1-ге өсті.

 2016 жылдың 9 айында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 млрд. 451 млн. 173 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

Жаңақорған ауданындағы Талап ауылдық округіне қарасты Бесарық елді мекенінде ауылдық клубтың құрылысы пайдалануға берілді.

        2016 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 6 клуб пен 1 кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстарына 201 млн. 119 мың теңге, Шиелі ауданында 2 клубтың күрделі жөндеуіне аудандық бюджеттен 62 млн.839 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта облыс бойынша 1 кітапхана, 3 клубтың жөндеу жұмыстары аяқталса, 5  клубқа жүргізілуде.

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2016 жылдың 9 айында 5727 мәдени шара өткізіліп, оған 1206834 көрермен қамтылған.

 Оның ішінде, 25-і конкурс-фестивальдер және 1 халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2-і республикалық, 2-і аймақтық конкурстар, 17-і облыстық байқау-конкурстар, 3 жыршы-жыраулар фестивалі).

Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 22 млн. 394 мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.

Облыс кітапханаларына жаңадан барлығы 34084 дана кітаптар, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 6649 дана кітаптар алынып, таратылды.

 2015 жылдың 9 айымен салыстырғанда оқырмандер саны 4978-ге, кітап берілімі 34766-ға, келушілер саны 12557-ге артқан.

Облыс бойынша 37 модельді кітапхана жұмыс жасайды.

Облыстағы 209 кітапхананың 156-ы 388 компьютермен жабдықталған. Интернет жүйесіне – 103 кітапхана қосылған. Жыл басынан бері кітапхана қызметін 195 460 оқырман пайдаланды.

Есепті кезеңде «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында қор сақталымын қамтамасыз ету, оны жетілдіру мақсатында 110552 беттен тұратын 647 кітап, 4546 газеттер цифрлық нұсқаға көшірілді.

2016 жылы «Кітапхана нақты және виртуалды әлемде» атты көшпелі семинар-тренинг «Файлдарды тіркеу», «Виртуалды анықтама қызметі» тақырыптары бойынша сабақтар өткізілді. Облыстық кітапханада «Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Облыс музейлерінде 7447 экскурсия, 553 лекция, 433 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 86652 адамды құрады.

         Облыс музейлері бойынша жыл басынан 2442 төлқұжат толтырылып, «Музеолог» бағдарламасына 2332 экспонат енгізілді.

2016 жылдың 9 айында облыс музейлері бойынша 3333 экспонат жинақталып, оның ішінде 47-і сатып алынды.

2016 жылдың 9 айында облыстық филармония 178 концерт ұйымдастырып, оған 61235 көрермен тартылды. Оның ішінде өзге облыстар мен елді мекендерде 48 гастрольдік, 14 қайырымдылық  концерттер өткізілді.

Облыстық филармония өнер ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай Ресей Федерациясының Орынбор қаласында, Ташкентте және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында гастрольдік концерттерін ұйымдастырды.

Елді мекен тұрғындарының концерттік шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өнер ұжымы Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына гастрольдік сапарлар ұйымдастырды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде  барлығы 160 спектакль қойды. Театр репертуарын толықтыру мақсатында 6 жаңа спектакль сахналанды.

Ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешіміне сәйкес, 2014-2016 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, кезең-кезеңімен Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ, т.б. қалашықтарға археологиялық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қазба барысында табылған жәдігерлер облыстық музейге тапсырылды.

2016 жылы ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің қорғау аймақтары белгіленді.

 Архив мекемелеріне есепті мерзімде 16974 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 14563 сақтау бірлігінің (істердің) 1674856 парағы сандық жүйеге енгізілді.

2016 жылдың 9 айында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 11976 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 3170 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 7135 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелеріне 1671 сұраныс түсіп, орындалды.

 

Өткізілген шаралар:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына республикалық деңгейде композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Дүйсекеев әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты Ү республикалық әншілер конкурсы, әнші-композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің әндерін орындаушылардың «Отан – Ана» атты республикалық жас әншілер конкурсы, фольклортанушы ғалым, белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 60 жылдық мерейтойы аясында «Өнер –түркі халықтары бірлігінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ұлы дала әуендері» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті болып өтті.

Сонымен қатар, 3-4 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының күндері  өткізілді.

Күндердің бағдарламасына сәйкес, Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде «Ырысты, күрішті Қызылорда» атты облыс өнерпаздарының концерті және «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Конгресс-Холл залында «Сыр – Алаштың анасы» атты облыс өнер шеберлерінің мерекелік концерті және «Тәуелсіздіктің дара жолындағы Сыр елінің жетістіктері» атты фото-көрме және «Тәуелсіздіктік сырлы бояулары» тақырыбында облыс суретшілерінің көрмесі.

Қазақстанға танымал суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Б.Бөкешовтің «Аралдың асау толқыны» атты жеке көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге суретшінің 60-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қызылорда облысы мен Жамбыл облысы өнерпаздарының біріккен концерті ұйымдастырылды.

 

ІУ тоқсанда атқарылатын шаралар:

  •  «Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру;
  • Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысын ұйымдастыру;
  • Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаев және Қырғызстанның халық жазушысы Ш.Айтматовтың шығармалары желісімен жазылған  С.Жүсіптің «Адам болып өтейін» спектаклінің премьерасы;
  • Классикалық әндер фестивалін өткізу;
  • Алматы облысының мәдениет күндері;
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік салтанат;
  • 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік салтанат.

Облыс мәдениет  және өнер мекемелерінің

2016 жылдың I жартыжылдығында атқарған

жұмыстары туралы  мәлімет

 

2016 жылдың І жартыжылдығында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 989 млн. 383 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

Жаңақорған ауданындағы Талап ауылдық округіне қарасты Бесарық елді мекенінде ауылдық клубтың құрылысы пайдалануға берілді.

        2016 жылы Жол картасы -2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 6 клуб пен 1 кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстарына 201 млн. 119 мың теңге,  Шиелі ауданында 2 клубтың күрделі жөндеуіне аудандық  бюджеттен 62 млн.839 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта облыс бойынша 5 клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

        Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2016 жылдың І жартыжылдығында 3959 мәдени шара өткізіліп, оған 793284 көрермен тартылған.  Оның ішінде,  2-і республикалық, 2-і аймақтық конкурстар, 10- ы облыстық байқау-конкурстар.

        Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық - техникалық нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден  22394,4 мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.

Клуб кәсіпорындарындағы үйірме саны - 754, үйірмеге қатысушылар саны – 9475 өнерпазды құрайды.

 Облыс  кітапханаларының кітап қоры есепті мерзімде 4 507 132 дананы құрайды, оның ішінде  2 347 337 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Оқырмандар саны 148 083, кітап берілімі 2 440 400 дана, келушілер саны 968 184 адамды құрайды.

Облыс кітапханаларына жаңадан барлығы 27 196 дана кітаптар, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 6059 дана, мемлекеттік тапсырыспен 17300 дана кітаптар алынып, таратылды.

«Қазақстан Республикасы кітапхана саласын жаңғырту туралы» бағдарламасының аясында бүгінгі күні облыста 35 модельді кітапхана жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында қор сақталымын қамтамасыз ету, оны жетілдіру мақсатында 2186 кітап (44325 бет) цифрлық нұсқаға көшірілді.

         Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 43621 жазба жіберіліп, олардан барлығы 50485 жазба алынды.

         Облыс бойынша 209 мемлекеттік кітапхананың 101-і Интернет жүйесіне қосылған оның 63-і ауылдық кітапханалар.

Облыс бойынша 10 тірек елді мекенінде (Шижаға, Қамбаш, Жалаңтөс батыр, Өркендеу, Мәдениет, Аққұм, Іңкәрдария, Ақжарма, Сұлутөбе, Еңбекші) ақпараттық онлайн-орталықтары жұмыс жасайды.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнаулы кітапхана АИС СБ РК арнайы бағдарламасымен жұмыс істейді.  Электронды каталогқа барлығы 1 390687 дана кітап енгізілді.

         2016 жылдың ақпан, сәуір айында Жаңақорған, Сырдария аудандарында «Кітапхана нақты және виртуалды әлемде» атты көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырылып, «Электронды каталог – толықмәтінді файлдарды тіркеу», «Виртуалды анықтама қызметі» тақырыптары бойынша сабақтар  өткізілді. Облыстық кітапханада «Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн – семинар өткізілді.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 123 186 экспонат сақтаулы, оның ішінде 73895-і негізгі қорға, 49291-і көмекші қорға жатады. Есепті мерзімде облыс музейлерінің қоры 2141 экспонатпен толықтырылды.

         Облыс музейлерінде 4510 экскурсия, 323 лекция, 290 көрме ұйымдас-тырылды. Оған келушілер саны 57332  адамды құрады.

         Облыс музейлері бойынша жыл басынан 1642 төлқұжат толтырылып, «Музеолог» бағдарламасына 1542 экспонат енгізілді.

2016 жылдың І жартыжылдығында облыстық филармония 114 концерт ұйымдастырып, оған 48434 көрермен тартылды. Оның ішінде өзге облыстар мен елді мекендерде 31 гастрольдік,  10 қайырымдылық концерттер өткізілді.

Облыстық филармония өнер ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай  Ресей Федерациясының Орынбор қаласында, Ташкент қаласында және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында  гастрольдік концерттерін ұйымдастырды.

 «ТҮРКСОЙ» халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымының шақыртуымен  облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі  Түркияда және  АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, қазақтың ұлттық би өнерін әлемдік деңгейде паш етті.

Филармония артистері 4 халықаралық, 7 республикалық, 8 облыстық конкурс-фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры  есепті мерзімде барлығы 137 спектакль қойып, оған 12960 көрермен қамтыды. Оның ішінде 80-і балаларға арналған қойылымдар. 

Театрда 6 жаңа спектакль сахналанды. Олар, ақын Мағжан Жұмабаевтың өміріне  арнап жазылған Д.Исабековтің  «Жүз жылдық махаббат» драмасы, Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов», С.Балғабевтың «Ең әдемі келіншек» және 3-і балаларға арналған қойылым.

Облыс көлемінде 511 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар,  216 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.

Есепті мерзім ішінде Қызылорда облысының Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми әдістемелік Кеңестің Далалық комиссиясы Ежелгі Шірік Рабат, Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент қалаларында іс-сапарда болып, алдағы қазба маусымында атқарылатын шаралар, қазба және сақтау (консервация)  жұмыстары жүргізілетін нысандар нақтыланды.

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Жеңіс саябағында Кеңес Одағының батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне арналған 12 бюст орнатылды.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенінің қорғау аймағы бекітілді.

2016 жылы Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 24,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында үнемделген қаржы есебінен мекеме ғимаратына өрт дабыл және бейне бақылау қондырғылары орнатылды.

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен  тарихи орындар күніне орай Қармақшы ауданында «Ежелгі өркениет ізімен» атты пресс-тур ұйымдастырылды. Шара аясында Жетіасар мәдениеті ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне енгізілетін ескерткіштермен таныстырылды. Оған Республикаға белгілі археолог-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның халықаралық эксперті Д.А.Воякин, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, т.ғ.к. Ә. Тәжекеевтер қатысты.

Архив мекемелеріне есепті мерзімде 11954 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.

«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 9905 сақтау бірлігінің (істердің) 1122284  парағы сандық жүйеге енгізілді.

2016 жылдың 6 айында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 8086 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2187 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 4765 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1134 сұраныс түсіп, орындалды.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 34 семинар, 11 лекция, 56 экскурсия және мектеп оқушыларына 48 сабақ өткізілді.

2016 жылдың мамыр айында барлық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен және ведомстволық архивке жауапты мамандарымен «Құжаттама және архив ісі» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес ұйымдастырылды.

 Өткізілген шаралар:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдасын, сондай-ақ «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды.  Атап айтар болсақ, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, көркемсөз жанрын дамыту, жастарды концерт жүргізушілікке  бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілері мен конферансьелердің облыстық конкурсы,  ұлттық тарихты зерделеу мақсатында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты қылқалам шеберлерінің көрмесі мен «Мәңгілік мәртебесі – Тәуелсіздік» атты театрландырылған қойылымдардың және «Бозторғай» балалар шығармышылығының облыстық байқаулары өткізілді.

Облыстық деңгейдегі шаралар, конкурс байқаулар аудандарда да  өткізілуде. Шиелі ауданында наурыз айында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театртанушы, профессор Бағыбек Құндақбайұлының 90 жылдығына арналған «Театр көктемі» атты халық театрларының облыстық байқауы, сондай-ақ,  жыршы-термеші,  Нартай әндерін насихаттаушы  Әбіләш Әбуовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Алты Алаштан ән оздырған - Әбіләш» атты облыстық жас жыршы-термешілердің байқауы, Қызылорда қалалық мәдениет үйінде  жас ақындар айтысы және сырдария ауданында жылжымалы мәдени кешендердің облыстық байқауы өткізілді.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  К.Дүйсекеев   әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты Ү республикалық  әншілер конкурсы, әнші-композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Батырхан Шөкеновтің әндерін орындаушылардың  «Отан – Ана» атты республикалық жас әншілер конкурсы, фольклортанушы ғалым, белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 60 жылдық мерейтойы аясында «Өнер–түркі халықтары бірлігінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ұлы дала әуендері» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті болып өтті.

Сондай-ақ, шара барысында  жырау Алмас Алматовтың «Шыңғыснама» тарихи дастан кітабының, «Шыңғыснама» музыкалық эпосы (СД-диск) мен «Жыр керуені» кітабының тұсауы кесіліп, рухани қауымға таратылды.

2016 жылдың ІІ жартыжылдығында атқаратын міндеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанат;
  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрек жылуы» атты өнер фестивалі;
  1. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы;
  1. 1 желтоқсан–Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік салтанат;
  1. 16 желтоқсан– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігне арналған мерекелік салтанат;

 


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2016 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары және ІІ тоқсанда атқарылатын міндеттері туралы мәлімет

Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 11 музей, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 393 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына 2016 жылдың I тоқсанында облыстық бюджеттен барлық бағдарламалар бойынша 474966,0 мың теңге қаржы бөлініп, 472232,2 мың теңге қаржысы игерілді. Пайыздық көрсеткіш бойынша 99,4 пайызға орындалды.

 

Кітапханалар бойынша:

         Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 495056 дананы  құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 328224 дана кітап. Есепті мерзімде 82220 оқырманға қызмет көрсетті. Оқырмандар саны 2015 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 1064-ке артқан. Облыс бойынша 2016 жылдың І тоқсанында жаңадан 7187 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 4962 дана кітап түсті. Облыс бойынша 209 мемлекеттік кітапхана 382 компьютермен жабдықталған, оның 135-і ауылдық кітапханаларда. Интернет жүйесіне қосылған кітапханалар саны – 97 (46,4 %), оның 61-і ауылдық кітапханалар (37,0 %). Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 40707, есепті кезеңде 2790 библиографиялық жазба жіберіліп, олардан барлығы 47940, есепті кезеңде 2506 жазба алынды. Кітапхананың интернет-ресурсында (Kitapkhana.kz) Қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 145 жыл толуына орай «Күш атасы» атты электронды фотоальбом ұйымдастырылды. Есепті кезеңде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана цифрлы форматқа 3 газет топтамасын және 135 кітапты (22554 бет) көшірді. Кітаптарды қалпына келтіру секторында есепті кезеңде 397 кітап қайта қалпына келтірілді, 334 газет түптелді. Қазіргі таңда қордағы қалпына келтірілген кітаптардың жалпы саны 6006, газет саны 5005.

         2016 жылдың 1-тоқсанында кітапхана саласын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 224 649,0 мың теңгені құрады, оның ішінде Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне материалдық-техникалық базасын нығайтуға 190,0 мың теңге қаржы бөлінді.

 

         Музейлер бойынша:

Облыста барлығы 11 музей халыққа қызмет көрсетеді, облыстық тарихи-өлкетану музейі, 7 аудандық тарихи-өлкетану музейі, Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Шиелі ауданындағы Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейі және Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 118 189 экспонат бар, оның – 70723-і негізгі қорға, 47456-ы көмекші қорға жатады. 2016 жылдың I тоқсанында облыс музейлері бойынша – 1024 экспонат жинақталды, оның 29-ы сатып алынды. Жылжымалы көрмелерге музей қорынан 540 дана экспонат берілді.

         Облыс музейлері бойынша 597 төлқұжат толтырылып, музеолог бағдарламасына 542 экспонат енгізілді, 1402 экскурсия жүргізіліп, 179 лекция оқылды, 154 көрме ұйымдастырылды, музейге келушілер 20509 адамды құрады.

         Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейіне 2015 жылы басталған күрделі жөндеу, реэкспозиция жұмыстары наурыз айында толық аяқталды. Музейдің жаңа экспозициясының ашылуы 2016 жылдың сәуір айына жоспарлануда.

         Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша:

         2016 жылы облыс көлеміндегі тарихи-мәдени мұра нысандарының саны 511-ге жетті. Оның 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері болса, алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының саны 216 болды. Есепті мерзімде «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйі және олардың қорғалу мәселелері» тақырыбында семинар және Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми әдістемелік Кеңес жанынан құрылған Далалық комиссияның құрамы Ежелгі Шірік Рабат, Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент қалаларына іс-сапарда болып, алдағы қазба маусымында атқарылатын шаралар, қазба және сақтау (консервация) жұмыстары жүргізілетін нысандарды нақтылады. Археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін наурыз айында мемлекеттік сатып алу конкурс жарияланды. І-тоқсанда өткізілген облыстық комиссияның 1 отырысында тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне 15 ескерткіш енгізіліп, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылында Есет батыр Көкіұлының, Аққұм ауылында Алдаберген Бисеновтің мүсіндерін орнатуға және Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Айтуаров Сражадин Дүйсенбайұлының Қызылорда қаласындағы есімі берілген көшеге мемориалдық тақта орнатуға келісім берілді.

         Сонымен қатар, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Жеңіс саябағында Кеңес Одағының батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне арналған 12 мүсін дайындалды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 72 спектакль қойып, оған 12960 көрермен қамтыды. Оның ішінде 34-і балаларға арналған қойылымдар.

Театрда наурыз айында ақын Мағжан Жұмабаевтың өміріне арнап жазылған Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» драмасы сахналанып, премьерасы өткізілді.

 

         Облыстық филармония бойынша:

         2016 жылдың І тоқсанында облыстық филармония 46 концерт ұйымдастырып, оған 22790 көрермен тартылды. Оның ішінде өзге облыстар мен елді мекендерде 21 гастрольдік, 7 қайырымдылық концерттер өткізілді.

         Осы кезең ішінде облыстық филармония өнер ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай Ресей Федерациясының Орынбор қаласында, Батыс Қазақстан облысы мен Тараз қаласында  гастрольдік концерттерін ұйымдастырды.

«ТҮРКСОЙ» халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымының шақыртуымен облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі Түркияда және АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, қазақтың ұлттық би өнерін әлемдік деңгейде паш етті.

Облыс мұрағаттары

2016  жылдың I тоқсанында архив ісін жетілдіруде ауқымды істер жүзеге асырылып, алға қойған міндеттердің басым көпшілігі орындалды.

         Архивтік құжаттар жыл артқан сайын толастап, Ұлттық архив қоры құнды құжаттармен толығуда. Есепті мерзімде облыстағы архив мекемелеріне 4636 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды.

         «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 5020 ісінің 563184 парақ сандық жүйеге енгізілді.

Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 17 семинар, 5 лекция, 16 экскурсия және мектеп оқушыларына 19 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 15 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 12 көрме әзірленді.

Есепті мерзім ішінде облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 4290 сұраныстарын орындап, жауаптары уақытылы қанағаттандырылды. Оның ішінде 985 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, электронды үкімет порталы арқылы 2728 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 577 сұраныс түсіп, орындалды.

         Клуб кәсіпорындары бойынша:

         Облыс бойынша 7 аудандық, 5 қалалық, 7 кенттік, 36 ауылдық мәдениет үйлері мен 116 ауылдық клуб, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, қалалық мәдени-демалыс паркі, барлығы 173 клуб кәсіпорны халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Шиелі ауданы Алғабас ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 31839,0 теңге мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

         Облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 2016 жылдың І тоқсанында 1807 мәдени шара өткізіліп, оған 308739 көрермен тартылған. Оның ішінде облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 7 мәдени- көпшілік шаралар өткізіліп, оған 5090 көрермен қамтылды.Облыстық деңгейде 4 байқау ұйымдастырылып, оған 292 өнерпаз қатысты. Клуб кәсіпорындарындағы үйірме саны - 749, үйірмеге қатысушылар саны – 9492 өнерпазды құрайды.

         Өткізілген шаралар:

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдасын, сондай-ақ «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, ұлттық өнерде өзіндік орны бар Р.Әшімов жыраудың шығармалары мен мақам-саздарын халық жадында жаңғырту, қайталанбас өнер иесінің мұрасын насихаттау, оны ұрпақ санасына сіңіру мақсатында 2016 жылдың ақпан айында Арал ауданында «Мәдениет саласының үздігі» Рысбек Әшімовті еске алуға арналған «Рухты жырдың Рысбегі» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, көркемсөз жанрын дамыту, жастарды концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілері мен конферансьелердің облыстық конкурсы, ұлттық тарихты зерделеу мақсатында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты қылқалам шеберлерінің көрмесі мен «Мәңгілік мәртебесі – Тәуелсіздік» атты театрландырылған қойылымдардың облыстық байқаулары өткізілді.

         Облыстық деңгейдегі шаралар, конкурс байқаулар аудандарда да өткізілуде. Шиелі ауданында наурыз айында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театртанушы, педагог, профессор Бағыбек Құндақбайұлының 90 жылдығына арналған «Театр көктемі» атты халық театрларының облыстық байқауы, жыршы-термеші, Нартай әндерін насихаттаушы Әбіләш Әбуовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Алты Алаштан ән оздырған - Әбіләш» атты облыстық жас жыршы-термешілердің байқауы, Қызылорда қалалық мәдениет үйінде жас ақындар айтысы өткізілді.

         8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мереке күніңмен» атты мерекелік салтанат және орталық алаңда Наурыз мейрамына «Ұлы даланың ұлы таңы» атты театрландырылған көпшілік қойылым, мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

ІІ тоқсанның міндеттері:

1.Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Дүйсекеев әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты Ү республикалық  әншілер конкурсы; (8-9 сәуірде өткізілді)

2.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Отан – Ана» атты республикалық жас әншілер конкурсын өткізу;

3.Ақтөбе облысында Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концерті және облыс суретшілерінің көрмесі ұйымдастыру;

4.9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніна арналған мерекелік салтанат;

5.«Бозторғай» балалар шығармашылығының облыстық байқауын өткізу,

6.21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шараны ұйымдастыру;

7.Мүмкіндігі шектеулі балалардың V «Жүрек жылуы» атты облыстық өнер фестивалін өткізу;

8.Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасының премьерасы

9.Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу.


Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылдағы міндеттері

жайлы мәлімет

 

     

Облыста 2015 жылы 8 клуб пен 1 кітапхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олар: Шиелі ауданындағы Төңкеріс, Сұлутөбе, Арал ауданындағы Қамыстыбас, Сексеул, Қазалы ауданындағы Абай, Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин, Іңкәрдария, Айдарлы, Қармақшы ауданындағы  кітапхана  (музеймен бірге).

 Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов мемориалдық музейіне күрделі жөндеу және барлық залдары өзгертіліп, реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

Клубтар бойынша:

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2015 жылы 7821 мәдени-шара өткізіліп, оған 1599572 көрермен қамтылды. Оның ішінде 1-і республикалық, 1-і аймақтық, 13 облыстық байқау-конкурстар мен 2- республикалық ақындар айтысы . (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына республикалық ақындар айтысы, «Жеңіске рух берген әндер» атты балалар хор ұжымдарының облыстық конкурсы, «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалі, т.б.)

 Клубтардағы  көркемөнерпаздар үйірмелер саны - 745, оған қатысушылар саны – 9264.

 Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық - техникалық нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 149,5 млн.  қаржы бөлінді. 

Өткізілген шаралар:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – тіршілік тірегі» атты мерекелік салтанат және Наурыз мейрамына арналған «Нұрландырған елімді нұрлы Наурыз!» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

2015 жылдың сәуір – мамыр айларында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты балалар хор ұжымдарының облыстық  фестивалі, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Ұлы Жеңіс –  мәңгі ел жадында» атты мерекелік салтанат, «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты республикалық ақындар айтысы және «Тағзым» алаңында әскери шеру мен әскери әндерден концерт өткізілді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана және Тараз қалаларында өткен мерейтойлық шараларға Сыр елінің өнер шеберлері қатысты. Облысымызда республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Сондай-ақ, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың және әнші-композитор

Нартай Бекежановтың 125 жылдығына орай Алматы қаласында жыршы-термешілердің концерті «Өздерің білер Нартаймын» атты дәстүрлі орындаушылардың республикалық конкурс ұйымдастырылды.

          Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясы дайындаған Сыр елінің өнерлі өрендері шетелдерде және Қазақстанда өткізілген конкурстарға қатысып, үлкен жетістіктерімен қуантуда. Испанияда өткен халықаралық балалар шығармашылығы конкурсына облысымыздан 5 өнерпаз және «Сыр гүлдері» би тобы қатысып, 1 Бас жүлде, 3 бірінші орын, 1 екінші орынды иеленді. Талантты әншілер Ұлпан Әбдікәрімова «Менің Қазақстаным» халықаралық ән конкурсында Бас жүлде алса, ХVІІІ халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінде «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Назым Сағынтай ІІ орынды иеленді. Қараша айында Шымкент қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Дарын-2015» конкурсында Алтай Азамат пен Бақытова Тоғжан Бас жүлдені, 4 бірдей жас дарынымыз жүлделі І орынды жеңіп алса, күні кеше Латвия елінде өткен «Симфония-2015» халықаралық конкурсына қатысқан талантты өнерпаздарымыз Әбді Айсұлу, Омар Диас Алтын медальды, Төлеген Дильназ  Күміс медальды  жеңіп алды.

Облыс кітапханалары 2015 жылы 240157 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 4 416 733 дана, өткен жылмен салыстырғанда 33608-ге артты. Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 487 792  дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 329 117 дана.   Облыс бойынша жаңадан 79 991 дана кітап алынды, оның ішінде қазақ тілінде 66 431 дана, орыс тіліндегісі 12 947 дана, басқа тілдегісі 613 дана.

«Қазақстан Республикасы кітапхана саласын жаңғырту туралы»  бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыста 34 модельді кітапхана бар.

Облыс музейлерінің қорында барлығы 120 356 экспонат сақтаулы, оның ішінде 72 500-і негізгі қорға, 47 853-і көмекші қорға жатады. Есепті мерзімде облыс музейлері бойынша барлығы 4 048 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры – 2 520 экспонатпен толықтырылды.

         Облыс музейлерінде 8 083 экскурсия, 774 лекция, 554 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 111 616  адамды құрады.

         Облыс музейлері бойынша жыл басынан  3 989 төлқұжат толтырылып, «Музеолог» бағдарламасына 3 964 экспонат енгізілді.

Облыс көлемінде 496 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер, 201 ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Есепті мерзім ішінде облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 7 отырысы өткізілді.

Есепті мерзім ішінде комиссияның 7 отырысы өткізілді. Комиссияның отырыстарында облыс аумағында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру және оларға тарихи-мәдени сараптама жүргізу, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижеле, ескерткіштердің орнын ауыстыру туралы мәселелер қаралды. Нәтижесінде облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Мемлекеттік комиссия ең үздік деп тапқан жобалар бойынша қала орталығынан Әбділдә Тәжібаев, Арал ауданында Төлеген Медетбаев, Қазалы ауданында Роза Бағланова, Шиелі ауданында Мұстафа Шоқай мүсіндері орнатылды.

Облыстағы мұрағат мекемелері

2015 жылы мұрағат ісін жетілдіруде ауқымды істер жүзеге асырылып, алға қойған міндеттердің басым көпшілігі орындалды.

         Мұрағаттық құжаттар жыл артқан сайын толастап, Ұлттық мұрағат қоры құнды құжаттармен толығуда. Есепті мерзімде облыстағы мұрағат мекемелеріне 18159 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды.

         «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесі аясында 17 қордың 13138 ісінің 1 717 496  парақ сандық жүйеге енгізілді.

Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында мұрағатта әртүрлі тақырыптарда 51 семинар,  35 лекция, 77 экскурсия және мектеп оқушыларына 85 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 85  мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап мұрағат қоры құжаттарынан 36 көрме әзірленді.

Есепті мерзім ішінде облыс мұрағаттары «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 14667 сұраныстарын орындап, жауаптары уақытылы қанағаттандырылды. Оның ішінде 7413 сұраныс «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы келсе,  электронды үкімет порталы арқылы 4910 сұраныс, баламалы түрде тікелей мұрағат мекемелерінде 2344 сұраныс түсіп, орындалды.

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

  2015 жылы 9 жаңа спектакль  сахналанды. Жыл көлемінде барлығы 211 спектакль қойылып, оған 77850 көрермен қамтылды.

2015 жылы елімізде аталып өткен айтулы жыл аясында Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театры сахнасында Т.Ахтановтың «Ант» спектаклінің премьерасы қойылды.

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына Р. Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» және әнші-композитор Нартай Бекежановтың 25 жылдығына О.Бодықовтың «Нартай» драмалары, сондай-ақ, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған спектакльдердің премьерасы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында сахналанды.

Облыс әкімінің қолдауымен  театр ұжымы Лондон қаласында өткізілген Қазақстанның мәдениеті мен өнері күндері аясында Британ корольдігінің музыкалық театры сахнасында Д.Исабековтың драмасын ұсынды.

Облыстық филармония бойынша: 2015 жылы барлығы 252 концерт өткізіліп, оған 86171  көрермен қамтылды. Оның ішінде 12 қайырымдылық концерттер, 56 гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды.

Облыстық филармония Грузия және Өзбекстан елдерімен мәдени байланыс жөнінде меморандум жасады.  Облыс әкімінің қолдауымен филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен бірқатар жеке орындаушылары Түркияда өткен түркі тілдес елдердің Наурыз мерекесіне арналған өнер фестиваліне қатысып, Анкара, Ыстамбул, Адана, Амасия, Самсун қалаларында өнер көрсетті.

23-25 мамыр аралығында Қызылорда облыстық филармониясы Өзбекстан республикасының Ташкент қаласымен аудан орталықтарында және Шымкент қаласына Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Достық әуені» тақырыбымен гастрольдік сапармен барды.

Сондай-ақ, филармонияның өнер ұжымының қатысуымен қазақ хандығының 550 жылдығы мен Н.Бекежановтың 125 жылдығына орай                 «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» атты жыршы-термешілердің концерті Алматы қаласындағы Қазақконцерт залында өткізілсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай облыстың барлық аудандарында «Бірлік бәйтерегі – бақыт байрағы» атты концерттер өткізілді. 

8 қазан күні Тараз қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған мәдени шарада  Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында облыстық филармония әртістері гастрольдік сапарда болды.

2016 жылдың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ы.Жақаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Композитор К.Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» республикалық конкурсын ұйым дастыру;
  • Тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу мақсатында облыстың мәдени мұраларын ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу, сонымен қатар Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарына археологиялық зерттеулер бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • Түркі әлемінің тарихи-мәдени ескерткіші ретінде және Қорқыт мұрасын елге әйгілеу тұрғысынан Қорқыт ата кешенін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

 

Облыс мәдениет  өнер және мұрағат мекемелерінің 2015 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары және ІV тоқсандағы міндеттері жайлы мәлімет

 

    Облыс бойынша 170 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 9 музей, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 393 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

2015 жылдың 1 қазанына дейін облыс мәдениет және өнер мекемелеріне облыстық бюджеттен 1 367 602 мың теңге қаржы бөлініп, 1 366 762,2 мың теңге  игерілді. Яғни, қаржылық жоспар 99,9 пайызға  орындалды.

    Облыста мәдениет нысандарының құрылысын салу бойынша Шиелі ауданындағы Төңкеріс, Арал ауданындағы Қамыстыбас, Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин, Іңкәрдәрия  ауылдық клубтары және  Қармақшы ауданындағы кітапхана мен музейдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    2015 жылы облыс бойынша 14 клубтың күрделі жөндеу жұмыстары мен 1 қалалық кітапхананың жәй жөндеу жұмыстарына 422 554,3 мың теңге бөлініп, қазіргі  таңда 6 клуб пен 1 қалалық кітапхананың жөндеу жұмыстары аяқталды.

   Клуб кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға  2015 жылы барлығы 44135,2 м.т. бөлініп, мәдениет үйлері мен клубтарға дыбыс күшейткіш аппаратура, концерттік киімдер, компьютерлер алынды.

 

    Клубтар бойынша:

   Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2015 жылдың 9 айында 5405 мәдени шара өткізіліп, оған 1 232 140 көрермен қамтылды. Оның ішінде 10 облыстық байқау-конкурстар, 1 республикалық ақындар айтысы, 1 аймақтық жыршы-жыраулар конкурсы.

   Облыс кітапханалары 2015 жылдың 9 айында 190482 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 3 393 815 дана, өткен жылмен салыстырғанда 794-ке артты. Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 506 224  дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 329 310 дана. Өткен 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда, кітап  қоры 23553-ке  өсті. Облыс бойынша 9 айда жаңадан 29791 дана кітап алынды, оның ішінде қазақ тілінде 20999 дана, орыс тіліндегісі 8149 дана, басқа тілдегісі 504 дана.

   «Қазақстан Республикасы кітапхана саласын жаңғырту туралы»  бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыста 33 модельді кітапхана бар.

  Облыс музейлерінің қорында барлығы 118 220 экспонат сақтаулы, оның ішінде 71011-і негізгі қорға, 47209-ы көмекші қорға жатады. Есепті мерзімде облыс музейлері бойынша барлығы 1858 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры –792 экспонатпен толықтырылды.

  Облыс музейлерінде 5913 экскурсия, 445 лекция, 393 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 78350 адамды құрады.

  Облыс музейлері бойынша жыл басынан  2745 төлқұжат толтырылып, «Музеолог» бағдарламасына 2587 экспонат енгізілді.

 

  Облыс көлемінде 496 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер, 201 ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

  Есепті мерзім ішінде облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 5 отырысы өткізілді.

  Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2015 жылдың есепті мерзімінде барлығы 147 спектакль қойды, оның 95-і балаларға арналған қойылымдар. Оған 41588 көрермен қамтылды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 21 спектакльге өсті. Театр репертуары 6 жаңа қойылыммен толықты.

  Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында театр ұжымы халық ақыны, әнші-композитор Н.Бекежановтың 125 жылдығына О.Бодықовтың «Нартай», Алаш қайраткері М.Шоқайдың 125 жылдығына  Р. Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмаларын ұсынды.

   Облыстық филармония 2015 жылдың 9 айында барлығы 161 концерт ұйымдастырып, оған 73765 көрермен тартылды. Оның ішінде 43-і елді мекендерде өткізген гастрольдік концерттер.

   Филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен бірқатар жеке орындаушылар Түркияда өткен түркі тілдес елдердің Наурыз мерекесіне арналған өнер фестиваліне қатысып, Анкара, Ыстамбул, Адана, Амасия, Самсун қалаларында өнер көрсетті.

    Сондай-ақ, филармонияның өнер ұжымы қазақ хандығының 550 жылдығы және Н.Бекежановтың 125 жылдығына орай «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» атты жыршы-термешілердің концерті Алматы қаласындағы Қазақконцерт залында өткізілсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай облыстың барлық аудандарында «Бірлік бәйтерегі – бақыт байрағы» атты концерттер берді. 

     Облыс мұрағаттары

     2015 жылдың 9 айында мұрағат ісін жетілдіруде ауқымды істер жүзеге асырылып, алға қойған міндеттердің басым көпшілігі орындалды.

Мұрағаттық құжаттар жыл артқан сайын толастап, Ұлттық мұрағат қоры құнды құжаттармен толығуда. Есепті мерзімде облыстағы мұрағат мекемелеріне 13742 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды.

     «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесі аясында 15 қордың 9437 ісінің 1 288 260 парақ сандық жүйеге енгізілді.

     Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында мұрағатта әртүрлі тақырыптарда 24 семинар, 28 лекция, 54 экскурсия және мектеп оқушыларына 64 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 69 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап мұрағат қоры құжаттарынан 27 көрме әзірленді. Сонымен қатар, жергілікті телеарналардан барлығы 12 телехабар берілді.

 

 

     Өткізілген шаралар:

     Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға және және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «Нұрлы жол– болашаққа бастар жол» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудандардан 8 мәдени үгіт бригадасы қатысты. Байқау қорытындысымен Бас жүлде - Арал ауданы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, І орын - Жаңақорған ауданы «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, ІІ орын - Жалағаш ауданы «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, ІІІ орын - Сырдария ауданы «Алтын арай» мәдени-үгіт бригадасы мен Шиелі ауданының «Сыр маржаны» мәдени-үгіт бригадасына берілді.

     Cондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «ҚХА – 20 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында балалар шығармашылығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін халыққа таныту мақсатында «Біз бәріміз бірдейміз» балалар шығармашылығы байқауларының және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен концерт өткізілді.

      Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс жырын жырлаймыз!» атты концерт, жүргізушілер мен конферансьелердің облыстық конкурсы өткізілді. Жастар мен студенттерді көркем шығармашылыққа баулу, көркемсөз жанрын және жастардың тіл байлығын дамыту, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында өткен конкурсқа оқу орындарынан барлығы 22 талапкер қатысып, жүлделі І орынды – Н.Жұмабай  /М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті/ иеленді.

        8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – тіршілік тірегі» атты мерекелік салтанат және Наурыз мейрамына арналған «Нұрландырған елімді нұрлы Наурыз!» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

     Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе отырып, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Сыр өңірінің би өнеріне  өзіндік қолтаңбасымен келіп, Сыр мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан хореограф, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Болат Майлыбайұлы Қаржаубаевты еске алу мақсатында  «Биле, өнер шарықта!» атты облыстық би байқауын өткізді.

    Байқаудың мақсаты - көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысына бағыт-бағдар бере отырып жастар арасында би өнеріне деген қызығушылығын арттыру, би ұжымдарының шығармашылығын шыңдау, қолдау көрсету, өнерлерін халыққа кеңінен насихаттау. Байқауға 25-ке тарта бишілер мен би ұжымдары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша кіші топтар арасында І орынды – қалалық өнер мектебінің  «Балбұлақ» би тобы, орта топтар арасында - Бас жүлдені қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған  «Арайлы» би тобы, жоғарғы топтар арасында  І орынды ҚМУ  «Дидар» халық би ансамблі иеленді.

      2015 жылдың сәуір – мамыр айларында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты балалар хор ұжымдарының облыстық  фестивалі, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Ұлы Жеңіс – мәңгі ел жадында» атты мерекелік салтанат, «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» атты республикалық ақындар айтысы және «Тағзым» алаңында әскери шеру мен әскери әндерден концерт өткізілді.

     Сондай-ақ, маусым айында Байқоңыр ғарыш айлығының 60 жылдығына Байқоңыр қаласында мерекелік концерт  және «Ел мәдениеті – Елбасы мерейі» тақырыбында  Қармақшы ауданының  мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген ардагер, «Мәдениет қайраткері» Сұлтан Сармолдиннің  жүлдесі үшін «Үздік клуб қызметкері - 2015» атты  ауылдық клуб меңгерушілерінің  облыстық  кәсіпқойлық сайысы ұйымдастырылды.

     2015 жылдың 11-13 қыркүйегі күндері Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументі алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық шараларға Қызылорда облысы өнерпаздары да қатысты. Мерекелік шаралар аясында  Сыр елі өнер шеберлерінің  концерті өткізілді.  Этноауыл алаңына ұлттық нақышта жабдықталған 3 киіз үй тігіліп, «Ұлықталсын ұлы дала тарихы» атты облыс музейлері қорындағы жәдігерлерден көрме, зергерлік, кілем тоқу өнері, ағаштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік дәрістерін ұйымдастыру, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сату көрмелері ұйымдастырылды.

     Сонымен қатар, облыс өнерпаздары мерейтой шаралар аясында өткен «Сиқырлы би әлемі» атты би фестиваліне, «Ғасырлар үні» атты этно-концертке және гала-концертте өнер көрсетті.

      22-23 қыркүйек күндері А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысындағы мүмкіндігі шектеулі балалар  арасында олардың шығармашылық қабілетін анықтап, бағыт-бағдар беретін, өнерлі балаларды халық арасында кеңінен насихаттап және оларға көмек қолын ұсыну мақсатында Ү облыстық «Жүрек жылуы» атты өнер фестивалі өткізілді. Фестивальға облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан 160-ға жуық балалар қатысып, ән, күй, халықтық орындау, көркемсөз оқу және көркемсурет, қолөнер жанрлары бойынша өз мүмкіндіктерін ортаға салды. Байқау женімпаздарының қорытынды концерті ұйымдастырылды.

      Отбасы күніне орай облыс орталығында «Отбасы – бақыт мекені» атты Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің Айсыновтар халықтық отбасылық ансамблінің  концерті ұйымдастырылды.

 

        ІV тоқсандағы міндеттер:

 

  • Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республикалық ақындар айтысын өткізу және тарихи қойылым дайындау;
  • Әнші-композитор Н.Бекежановтың 125 жылдығына орай, Нартай әндерін орындаушылардың республикалық конкурсын өткізу;
  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанат жиын өткізу;
  • 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік салтанатты ұйымдастыру;
  • Жаңа-жылдық іс-шараларды ұйымдастыру.

          

  Облыс мәдениет, мұрағаттар және өнер мекемелерінің 2015 жылдың І жартыжылдықта атқарған жұмыстары және ІІ жартыжылдықтағы міндеттері жайлы мәлімет

 

       Клубтар бойынша:

      Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2015 жылдың 6 айында 3912 мәдени-шара өткізіліп, оған 694585 көрермен қамтылды. Оның ішінде 8 облыстық байқау-конкурстар, 1-і республикалық ақындар айтысы.

       Клубтардағы  көркемөнерпаздар үйірмелер саны - 734, оған қатысушылар саны- 8997.

       Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық - техникалық нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 44,1 млн. қаржы бөлінді.

       Облыста мәдениет нысандарының құрылысын салу бойынша Шиелі ауданындағы Алғабас ауылдық клубының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

       2015 жылы 9 клубтың күрделі жөндеу жұмыстары мен 1 қалалық кітапхананың жәй жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 245,7 млн.теңге, облыстық бюджеттен 27,3 млн. теңге, аудандық бюджеттерден 3 клубқа 107,8 млн. қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 1 клубтың жөндеу жұмыстары аяқталып, 9 клуб пен 1 кітапханаға жүргізілуде.

       Өткізілген шаралар:

       Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға және  және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «Нұрлы жол– болашаққа бастар жол» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы Жаңақорған аудандық мәдениет Үйінде ұйымдастырылып, оған аудандардан 8 мәдени үгіт бригадасы қатысты. Байқау қорытындысымен  Бас  жүлде - Арал ауданы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, І орын - Жаңақорған ауданы «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, ІІ орын - Жалағаш ауданы «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасына, ІІІ орын - Сырдария ауданы «Алтын арай» мәдени-үгіт бригадасы мен        Шиелі ауданының «Сыр маржаны» мәдени-үгіт бригадасына берілді.

      Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «ҚХА – 20 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында  балалар шығармашылығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін халыққа таныту мақсатында «Біз бәріміз бірдейміз» балалар шығармашылығы байқауларының және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен концерт өткізілді.

      Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс жырын жырлаймыз!» атты концерт жүргізушілер мен конферансьелердің облыстық конкурсы өткізілді. Жастар мен студенттерді көркем шығармашылыққа баулу, көркемсөз жанрын және жастардың тіл байлығын дамыту, концерт жүргізушілікке бейімдеу мақсатында өткен конкурсқа оқу орындарынан барлығы 22 талапкер қатысып, жүлделі І орынды – Н.Жұмабай /М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті/ иеленді.

          Облыс кітапханалары 2015 жылдың І жартыжылдығында 145375 оқырманға қызмет көрсетті. Оқырмандар саны 2014 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 570-ке артқан. Кітап берілімі 2417708 дана, өткен жылмен салыстырғанда 794-ке артты, облыс кітапханаларының кітап қоры 4506479 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2329154 дана. Облыс бойынша  І жартыжылдығында жаңадан 29005 дана кітап алынды, оның ішінде қазақ тілінде 20396 дана.

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды.  

     Облыс музейлерінің қорында барлығы 117888 экспонат сақтаулы, оның ішінде 70849-ы негізгі қорға, 47039-ы көмекші қорға жатады. Есепті мерзімде облыс музейлері бойынша барлығы 1496 экспонат жинақталып, оның ішінде 105 экспонат 3608,1 мың теңгеге сатып алынды. Облыс музейлерінде 4463 экскурсия, 293 лекция, 266 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 56146 адамды құрады.

      Облыс музейлері бойынша жыл басынан бері 2006 төлқұжат толтырылып, музеолог бағдарламасына 1941 экспонат енгізілді.

      2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет галлереясына 8 штаттық бірлік берілді.

      Көркемсурет галереясында Қазақстан Халық Ассамблеясы жылына орай облысымыздағы түрлі ұлт өкілдерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты көрме, «Сыр елі суретшілерінің бейнелеу өнеріндегі ролі» тақырыбында семинар-тренинг, «Менің арманымдағы әйел бейнесі» ,«Театр.Театр.Театр.», танымал коллекционер, Париж Гильдиясы антикварларының құрметті мүшесі, «Мінсіз іскерлік беделі» үшін халықаралық алтын медалінің және Италияның «Әлем үшін Рыцарлық крест» орденінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Азат Әкімбектің «Шығыс арулары, Орталық Азия және Кавказ халықтарының зергерлік бұйымдары (XІХ-XX ғ.ғ.)», Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Тарих. Тағылым. Тағзым» және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Оразбек Есенбаевтың «Шаңырақ» атты көрмелері  ұйымдастырылды.

        Облыс көлемінде 496 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер.

      Есепті мерзім ішінде Қазалы ауданында КСРО Халық әртісі Роза Бағлановаға және Қызылорда қаласында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаевқа бюсті орнатылды.

        Облыстық бюджеттен 20000,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні  Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

     Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2015 жылдың есепті мерзімінде барлығы 134 спектакль қойылып, (оның 87-і балаларға арналған қойылымдар). Оған, 38711 көрермен қамтылды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 39 спектакльге өсті. Театр репертуары 5 жаңа қойылыммен толықты.

     Үстіміздегі жылдың сәуір айында театр ұжымы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Қазақстанның мәдениеті мен өнер күндеріне қатысып,  ағылшын көрермендеріне алғаш рет қазақ тілінде Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасын ұсынды.

       Облыстық филармония 2015 жылдың 6 айында барлығы 105 концерт ұйымдастырып, оған 57697 көрермен тартылды. Оның ішінде 24-і елді мекендерде өткізген гастрольдік концерттер.

      Филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен бірқатар жеке орындаушылар Түркияда өткен түркі тілдес елдердің Наурыз мерекесіне арналған өнер фестиваліне қатысып, Анкара, Ыстамбул, Адана, Амасия, Самсун қалаларында өнер  көрсетті.

      Сондай-ақ, филармонияның өнер ұжымы қазақ хандығының 550 жылдығы және Н.Бекежановтың 125 жылдығына орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты жыршы термешілердің концерті Алматы қаласындағы Қазақконцерт залында өткізілсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай облыстың барлық аудандарында «Бірлік бәйтерегі – бақыт байрағы» атты концерттер берді. 

         Облыс мұрағаттары

         2015 жылдың І жартыжылдығында мұрағат ісін жетілдіруде ауқымды істер жүзеге асырылып, алға қойған міндеттердің басым көпшілігі орындалды.

         Мұрағаттық құжаттар жыл артқан сайын толастап, Ұлттық мұрағат қоры құнды құжаттармен толығуда.  Есепті мерзімде  облыстағы мұрағат мекемелеріне 8586 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды.

         «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесі аясында 13 қордың 5601 ісінің 840343  парақ сандық жүйеге енгізілді.

         Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында мұрағатта әртүрлі тақырыптарда 24 семинар,  27 лекция, 38 экскурсия және мектеп оқушыларына

52 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 41  мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап мұрағат қоры құжаттарынан 17 көрме әзірленді.

         Есепті мерзім ішінде облыс мұрағаттары «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 8209 сұраныстарын орындап, жауаптары уақытылы қанағаттандырылды. Оның ішінде 5373 сұраныс «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы келсе,  электронды үкімет порталы арқылы 1619 сұраныс, баламалы түрде тікелей мұрағат мекемелерінде 1217 сұраныс түсіп, орындалды.

       

        Алдағы ІІ жартыжылдықтағы міндеттері:

  • Жиенбай жыраудың 150 жылдық мерейтойына арналған аймақтық жыршы–жыраулар  конкурсы;
  • ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік  салтанат;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жүрек жылуы» атты облыстық  өнер фестивалі;
  • Қазақ хандығының 550 жылдығына  орай Астана қаласында Қызылорда облысының мерекелік концерті;
  • Қызылорда облысының Алматы облысындағы өнер күндері;
  • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ақындар айтысын өткізу және тарихи қойылым дайындау;
  • Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына арналған "Мұстафа Шоқайдың" спектаклінің жаңа премерасын дайындау;
  • Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театрының 60 жылдық мерейтойы;

 

 

 

Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының 2015 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары жайлы  мәлімет

 

Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 8 музей, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, қалалық мәдени-демалыс паркі және облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі – барлығы 392 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

 

Кітапханалар бойынша:

Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 516706 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 329798 дана кітап. Облыс кітапханалары 81156 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 1 231160 дана, келушілер саны – 479288.

Облыс кітапханалары 2015 жылдың І тоқсанында 81156 оқырманға қызмет көрсетті. Оқырмандар саны 2014 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 359-ға артқан. Кітап  берілімі 1231160 дана, өткен жылмен салыстырғанда 1419-ға артты, 4 516706 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 2 329798 дана кітап. Облыс бойынша І тоқсанда жаңадан 26446 дана кітап, оның ішінде қазақ тілінде 18188 дана кітап түсті.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Қ.Мұхамеджановтың жеке кітапханасынан 7597 дана кітап сыйға берілді, оның ішінде қазақ тілінде 1342  дана, орыс тілінде 5767 дана кітап, басқа тілде 488 дана кітап.

Облыс кітапханаларында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен бірліктің кепілі», «Біздің бірлігіміз көп ұлтты халықтар достығында», «Қоғамдағы келісім-ел тұрақтылығы», «Ассамблея – елімнің бейбітшілігі мен достастығының кепілі», «Бірлік – достықтың киелі бесігі», «Сан ұлтты ұйыстырған Ассамблея», «Еншісін алған еркін ел», «Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары», «Қазақ мемлекетіне 550 жыл» тақырыптарында әдеби кештер, конференциялар, кездесу кештері, кітап көрмелері ұйымдастырылды. 

 

Музейлер бойынша:

Облыс музейлерінің қорында 117184 экспонат сақтаулы, оның ішінде 70351-і негізгі қорға, 46853-і көмекші қорға жатады. Есепті мерзімде облыс музейлері бойынша барлығы 787 экспонат жинақталып, оның ішінде 58 экспонат 2312,7 мың теңгеге сатып алынды. Есепті мерзім ішінде облыс музейлерінде 1320 экскурсия, 144 лекция, 120 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 18767 адамды құрады.

Облыс музейлері бойынша жыл басынан бері 992 төлқұжат толтырылып, музеолог бағдарламасына 952 экспонат енгізілді.

2015 жылдың І тоқсанында Қазақстан Халық Ассамблеясы жылы аясында Көркемсурет галереясында Қызылорда облысындағы түрлі ұлт өкілдерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты көрме, «Сыр елі суретшілерінің бейнелеу өнеріндегі ролі» тақырыбында семинар-тренинг, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған көркемсурет галереясында «Менің арманымдағы әйел бейнесі» атты суретшілер көрмесі және 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры суретшілерінің туындыларынан «Театр.Театр.Театр.» атты көрме  ұйымдастырылды.

 

Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер  бойынша:

Облыс көлемінде 496 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 21-і республикалық, 201 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тізіміне енгізілген. Ал, облыс әкімінің 2010 жылғы № 76 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы қаулысының күші жойылуына байланысты, бүгінгі күні 274 тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қайта дайындау бағытында жұмыстар жүргізілуде. 

1 тоқсанда 6260,0 мың теңге бөлініп, оның 6233,8 мың теңгесі (99,6 пайыз) игерілді. Облыс әкімінің қолдауымен мекемеде «Археология ескерткіштерін қорғау және зерттеу» бөлімі ашылды.

Ақпан айының екінші он күндігінде «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Туған өлке» бағдарламасына қатысты.

2015 жылдың 1-тоқсанында  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияда Қазалы ауданында орнатылатын Халық қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіш-мүсінінің эскиздік жобасы бекітілді және облыстық комиссияда Арал ауданында Айдарбек баба ескерткішін, қоғам қайраткері Төлеген Медетбаевтың мүсінін орнату мәселесі қаралып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мемлекеттік комиссияға ұсыныс берілді. 

 

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

2015 жылдың І тоқсанында барлығы 42 спектакль  қойылды, оның 27-і балаларға арналған қойылымдар. Барлығы 6537 көрермен қамтылды. 27 наурыз  – Халықаралық театр күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

 

Облыстық филармония бойынша:

Есепті мерзім ішінде филармонияның шығармашылық ұжымы барлығы 44 концерт  өткізіп, оған 22265 көрермен қамтылды.

18-30 наурыз аралығыныда Түркияда өткен түркі тілдес елдердің Наурыз мерекесіне арналған өнер фестиваліне филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі қатысып, Анкара, Ыстанбул, Адана, Амасия, Самсун  қалаларында өнер  көрсетті.

Сондай-ақ, филармонияның өнер ұжымы қазақ хандығының 550 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бірлік бәйтерегі – бақыт байрағы» атты концертімен облыстың Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында сапарда болып, 15 концерт берді.

 

Клуб кәсіпорындары бойынша:

Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2015 жылдың І тоқсанында  1816  мәдени- шара өткізіліп, оған  300366  көрермен қамтылды. Клубтардағы  көркемөнерпаздар үйірмелер саны - 734, оған қатысушылар саны- 9041.

 Есепті мерзімде облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталығы  7 мәдени шара ұйымдастырды.  (оның  ішінде 3-і облыстық байқаулар)

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға және  және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «Нұрлы жол– болашаққа бастар жол» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы Жаңақорған аудандық мәдениет Үйінде ұйымдастырылып, оған аудандардан 8 мәдени үгіт бригадасы қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «ҚХА – 20 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында  балалар шығармашылығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін халыққа таныту мақсатында «Біз бәріміз бірдейміз» балалар шығармашылығы байқауларының және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен концерт,

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс жырын жырлаймыз!» атты концерт жүргізушілер мен конферансьелердің  облыстық конкурсы  өткізілді.         

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – тіршілік тірегі» атты мерекелік салтанат және Наурыз мейрамына арналған «Нұрландырған елімді нұрлы Наурыз!» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 18-01-2018 10:07

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика