Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма тарихынан

 

1938 жылы Қызылорда облысының құрылуына байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі  Президиумы  ұйымдастыру бюросы құрамында Қызылорда облысы бойынша  искусство істері жөнінде комитет құрылған болатын. 1940 жылы 17-шілдеде бөлім құру туралы шешім қабылданды. 1945 жылғы 24-қыркүйектегі №578 Қаулыға сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің мәдени-ағарту мекемелері істері бойынша бөлім құрылып, меңгеруші  болып Есенгелдин Төлеген тағайындалды. Одан кейінгі жылдары бөлімді Ж.Байхожаев (1948-1949), Ә.Байшуақов (1951-1955), К.Асқаров (1956-1958),  Ж.Байхожаев (1958-1963),  Б.Досмаханова (1963-1971) басқарды.

1971 жылы облыстық мәдениет басқармасына басшы болып белгілі қоғам қайраткері Үмбетов Жарылқасын Ибрагимұлы келіп, 1987 жылға дейін 16 жыл бойы қызмет атқарды. Бұл тұста облыс мәдениеті ерекше қарқынмен дамып, жаңадан мәдениет ошақтары салынып, көптеген ғимараттар күрделі жөндеуден өткізілді. Әсіресе ол облыстық тарихи-өлкетану музейін орыс шіркеуінен көшіруге күш-қайратын жұмсады. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының ғимараты салынып пайдалануға берілді. Осы кезеңде облысымызда көркемөнерпаздық кең өріс алып, жаңа өнер ұжымдары құрылып жұмыс істей бастады. Жекелеген таланттардың, ансамбльдердің шетелдерге өнер сапарымен баруына мүмкіндік жасалды.

1987 жылы  басқарма басшысы болып басқарма бастығының сол кездегі орынбасары  Ерімбетов Нұрлан тағайындалып, бір жылдан аса уақыт қызмет атқарды. Осы тұста Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 6-шілдедегі №346 «Қызылорда облысының халық шаруашылығын басқару схемасы  туралы» қаулысын іске асыру шаралары туралы» халық депутаттары облыстық Кеңесінің  1988 жылы 17-тамыздағы  №308 шешімі негізінде облыстық Мәдениет комитеті құрылды. Сөйтіп комитет басшылығына осы салада көп жыл қызмет жасаған Жұматаев Амангелді келді. 1992 жылдың наурыз айында комитет басқарма болып қайта құрылды. Сөйтіп 1998-2005 жылдары Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, 2005-2006 жылдары Тайлақбаев Бақтияр Байқараұлы, 2006-2007 жылдары Әлиев Жұмабек Төлешұлы, 2007-2008 жылдары Әлжік Орынбасар Қарабалаұлы, 2008-2013 жылдары Жүсіпов Берік Мырзалыұлы басқарма бастығы  қызметін атқарды. 2013 жылдың наурыз айынан бастап басқарма басшысы қызметін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абдрахманов Ержан Ахметұлы атқарып келеді.

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №815 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 25-07-2016 12:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика