Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «17» ақпандағы

№ 849 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында мәдениет және өнер саласында (ларында), сонымен қатар, мұрағат ісі және құжаттама жасау қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның тұрған жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

14. Басқарманың миссиясы: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мұрағат ісінде және құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Мiндеттерi:

1) қазақ ұлттық және дүниежүзілік мәдениет байлықтарын, Қазақстан Республикасындағы басқа ұлттардың мәдениетін игеру, дамыту, халыққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру;

2) мәдениет және өнер саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын белгілеу және оларды нарықтық экономикасына сәйкес іске асыру әдісінің шаруашылық механизмін жетілдіру, көркем өнерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;

3) облысаралық мәдени байланыстарды дамыту, өнер мен мәдениет саласындағы қол жеткен табыстармен алмасу, облысты мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шаралар қолдану және оларды дамытуға көмектесу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыс жасау;

4) мұрағат ісін мемлекеттік реттеу;

5) мұрағат ісін мемлекеттік басқару;

6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

16. Функциялары:

1) мәдениет саласындағы, мұрағат ісі мен құжат жасауда мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

3) театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметiн және халық шығармашылығын, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiнде облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыс мекемелерiнiң мәдениет саласындағы қызметiн қамтамасыз етедi;

4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;

6) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ, елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ, белгіленген нысанда статистикалық есептер бередi;

9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

10) облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

11) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

12) облыстың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;

13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

15) облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

19) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

20) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларға ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

21) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

22) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

23) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

24) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

25) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

26) тарихи-мәдени мұра обьектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді;

27) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

28) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

29) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ, оларға археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

30) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

31) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

32) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

33) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды34) облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

35) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

36) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

37) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

38) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

39) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;

40) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

41) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы        облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

42) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

43) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;

44) Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көздері болып табылатын, облыс аумағында орналасқан ұйымдардың құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын келісу;

45) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың құжаттарын жоюға келісу;

46) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын мұрағаттың орналасқан жеріне қарай жоюға келісу;

47) Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

48) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;

49) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

50) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асыру;

51) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;

52) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен күтіп ұстау ережесін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

53) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекiтiлген тәртiппен қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;

2) Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне  заңнамада   белгіленген  тәртіппен  тәртіптік  жаза  қолданады

және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Басқарманың жұмыс тәртібі:

1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) Басқарманың жұмыс уақыты: жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

 

4. Басқарманың мүлкі

 

25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер

есебінен қалыптастырылады.

26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 25-07-2016 11:04

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика