Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыс, қала, аудан архивтерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің есебі

1.   Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

 «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері:

1. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2. «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Қызылорда қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Арал аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Қазалы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Байқоңыр қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     9. «Сырдария аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    10. «Шиелі аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    11. «Жаңақорған аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Архивтік анықтамалар беру»

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру

1.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3. www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Тегін және (немесе ) ақылы негізде көрсетілуі

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

2017 жылдың 12 айында «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жалпы  20258  қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін қызмет беруші арқылы (архив мекемелері) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Облыс, қала, аудан архивтері арқылы  2770  мемлекеттік қызметі көрсетілген.

Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 3597 қызмет ұсынылған.

«Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Портал арқылы 13891 қызмет көрсетілген.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

Стандарт саны – 1

Регламент саны - 1

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтероблыс әкімдігінің ресми интернет ресурсында (e-kyzylorda.gov.kz) орналастырылған. Онымен қоса,  Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстық, қалалық, аудандық архивтердің ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған. Стендте өтініштің, стандарттың, регламенттің мәтіндері, қызмет көрсету уақыты және т.б. орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша  жария талқылау өткізу туралы ақпарат

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 19 сәуірде «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2016 жылдың атқарылған есебіне жария талқылау өткізілді. Жария талқылау барысында жария талқылауға қатысушылардан ескертулер ұсынылмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы жеке және заңды тұлға өкілдері жария талқылау барысында архив қызметкерлеріне алғыс білдіріп алдағы уақытта да қанағаттанарлық жауап алатындарына сенім артты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы М. Делмұхановпен 2017 жылғы 30 қаңтардағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сол қызметтерді көрсету процестері туралы тұрғындардың хабардарлығын  арттыруға қатысты әзірленген іс-шаралар кестесінің (ары-қарай – Іс-шаралар кестесі) 17-тармағына сәйкес 2017   жылдың 25 қазанында Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, сапасы және орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы  Қызылорда қалалық филиалының, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет  көрсету орталығы» және  «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті, архив мекемелерінің қызметкерлері қатысып, өзара пікір алмасып,өз ұсыныстарын білдірді. Іс-шаралар кестесінің 18-тармағына сәйкес Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты архив мекемелері арқылы көрсетілетін «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі туралы жарнама әлеуметтік желіге жарияланды. Аталған іс-шаралар кестесінің ІІ бөліміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстық баспасөз орталығында жергілікті БАҚ-ң өкілдеріне есеп берілді. Сонымен қатар, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында облыстық «Ақмешіт апталығы» газетіне(26.09.2017 жылғы №73)  «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, абыройлы міндет», (12.12.2017 жыл) «Архив порталын пайдалану тиімді», «Қазалы» газетінің (17.06.2017 жылғы №45) «Электронды үкімет порталы арқылы «Архивтік анықтамалар беру», «Тіршілік тынысы»  газетінің (11.02.2017 жылғы №11)  «Архивтік анықтамалар беру» атты мақалалар жарияланды.

3.   Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есепті мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Есепті мерзімде облыстағы архив мекемелеріндегі ішкі бақылау нәтижелеріне үнемі бақылау жүргізіліп, ішкі бақылауға байланысты есептілік нысаны ай сайын жинақталып облыс әкімі аппаратына мерзімінде тапсырылып отырды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

-

 5.   Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді   алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында  облыстағы архив мекемелерінде аппараттық оқулар өткізіліп,  іс-тәжірибелік көмектер көрсетілді. Аталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

2016 жылы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыс, қала, аудан архивтерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің есебі

1.   Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

 «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері:

1. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2. «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Қызылорда қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Арал аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Қазалы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Байқоңыр қалалық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Жалағаш аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     9. «Сырдария аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    10. «Шиелі аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    11. «Жаңақорған аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Мұрағат анықтамаларын беру»

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру

1.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3. www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Тегін және (немесе ) ақылы негізде көрсетілуі

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Әлеуметтік – құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарда тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын,азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

2016 жылдың 12 айында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жалпы 15876 қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін қызмет беруші арқылы (архив мекемелері) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Облыс, қала, аудан архивтері арқылы 2198  мемлекеттік қызметі көрсетілген.

Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 3938 қызмет ұсынылған.

«Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

Портал арқылы 9740 қызмет көрсетілген.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

Стандарт саны – 1

Регламент саны - 1

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер облыс әкімдігінің ресми интернет ресурсында (e-kyzylorda.gov.kz) орналастырылған. Онымен қоса,  Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстық, қалалық, аудандық архивтердің ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған. Стендте өтініштің, стандарттың, регламенттің мәтіндері, қызмет көрсету уақыты және т.б. орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша  жария талқылау өткізу туралы ақпарат

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 19 сәуірде «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2016 жылдың атқарылған есебіне жария талқылау өткізілді. Жария талқылау барысында жария талқылауға қатысушылардан ескертулер ұсынылмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы жеке және заңды тұлға өкілдері жария талқылау барысында архив қызметкерлеріне алғыс білдіріп алдағы уақытта да қанағаттанарлық жауап алатындарына сенім артты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында облыстық «Сыр бойы» газетіне(29.10.2016 жылғы №164-165)  «Архив саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері», «Кызылординские вести» газетіне (29.10.2016 жыл) «Особенности выполнения государственной услуги в архивной сфере» атты мақалалар жарияланды.

3.   Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есепті мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2016 жылдың 4 айлық көрсеткіші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау іс-шарасына сәйкес облыстық мемлекеттік архиві, облыстық қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві, Қызылорда қалалық архивтеріне «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бақылау шаралары жүргізілді. Тексеру барысында архив мекемелерінің жауапты қызметкерлері тарапынан мекемеге пошта арқылы келіп түскен өтініш және өтінішке сәйкес қажетті құжаттар топтамасы «электронды үкіметтің өңірлік шлюзіне уақытылы тіркелмегені, сондай-ақ, мемлекеттік корпорация арқылы келетін өтініштерді «Мұрағат анықтамаларын беру» стандартында бекітілген өтініш үлгісімен қабылдамағаны туралы мәліметтер анықталды. Осыған байланысты  жауапты мамандарға «Ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы көрілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

-

 5.   Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді   алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында  облыстағы архив мекемелерінде аппараттық оқулар өткізіліп,  іс-тәжірибелік көмектер көрсетілді. Аталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 11-01-2018 18:14

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика