Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.

Тел: 8 (7242) 60-53-03

Факс: 8 (7242) 60-53-03

Сенім телефоны: 8 (7242) 60-53-03

Электрондық пошта адресі: ucad@korda.gov.kz.

Жалпы мәлімет

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында мәдениет және өнер саласында (ларында), сонымен қатар, мұрағат ісі және құжаттама жасау қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары.

Мiндеттерi:

1) қазақ ұлттық және дүниежүзілік мәдениет байлықтарын, Қазақстан Республикасындағы басқа ұлттардың мәдениетін игеру, дамыту, халыққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру;

2) мәдениет және өнер саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын белгілеу және оларды нарықтық экономикасына сәйкес іске асыру әдісінің шаруашылық механизмін жетілдіру, көркем өнерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;

3) облысаралық мәдени байланыстарды дамыту, өнер мен мәдениет саласындағы қол жеткен табыстармен алмасу, облысты мекендейтін барлық ұлттардың мәдени дамуына тиімді шаралар қолдану және оларды дамытуға көмектесу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыс жасау;

4) мұрағат ісін мемлекеттік реттеу;

5) мұрағат ісін мемлекеттік басқару;

6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

Функциялары:

1) мәдениет саласындағы, мұрағат ісі мен құжат жасауда мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

3) театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметiн және халық шығармашылығын, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiнде облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыс мекемелерiнiң мәдениет саласындағы қызметiн қамтамасыз етедi;

4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;

6) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ, елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ, белгіленген нысанда статистикалық есептер бередi;

9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

10) облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

11) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

12) облыстың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;

13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

15) облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

19) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

20) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларға ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

21) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

22) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

23) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

24) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

25) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

26) тарихи-мәдени мұра обьектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді;

27) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

28) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

29) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ, оларға археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

30) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

31) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

32) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

33) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды;

34) облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

35) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

36) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

37) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

38) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

39) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;

40) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

41) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы        облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

42) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

43) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;

44) Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көздері болып табылатын, облыс аумағында орналасқан ұйымдардың құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын келісу;

45) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың құжаттарын жоюға келісу;

46) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын мұрағаттың орналасқан жеріне қарай жоюға келісу;

47) Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

48) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;

49) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

50) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асыру;

51) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;

52) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен күтіп ұстау ережесін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

53) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-жұма – сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін,

Үзіліс – сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.

Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 03-04-2017 18:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика