Новость:: 

    2019 жылы 24-25 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында Жастар жылына  орай  Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Қызылорда облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық  «Жас архивистер» конкурсы  өтті. Конкурсқа Қазақстан Республикасы Президенті Архивінен және   Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау Батыс Қазақстан, Қызылорда облысынан 8   команда  қатысты.

     Конкурстың мақсаты - жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында архив саласының рөлін, архивист мамандығының мәртебесін көтеру болып табылады.

Екі күндік бағдарламаны қамтитын конкурста командалар 4 сайыстан додаға түсті.

Конкурстың бағдарламасы бойынша  2019 жылғы 24 қыркүйекте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуова  жас архивистермен кездесу өткізді. Кездесуден кейін жас архивистер командалары архив заңнамалары бойынша тест тапсырды және жаңадан берілген архив ғимаратымен, құжаттық көрмелермен танысты. 

  25 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауына орналасқан Жастар ресурстық орталығында  конкурс жалғасын  тапты. Конкурсты облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов ашып, командаларға сәттілік тіледі.

  Бұл күні  командалар «Архив жастары – болашаққа жол бастар» тақырыбында сәлемдесу,  архив жұмысы туралы видеоролик  және  үйге берілген  тапсырма «Біздің архивтің жеті қыры»тақырыбындасайысқа түсті. Екі күнге созылған республикалық конкурста қазылар  алқасының  қортындысымен  жүлдегер командалар анықталды.  Бас жүлдені  Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы жеңіп алды.

І орынды Қазақстан Республикасы Президенті Архиві «Жас қыран» командасы иеленсе, ІІ орынды Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» командасы, ІІІ орынды Алматы қаласының «Алатау жастары»  командалары қанжығасына байлады.

Сонымен қатар,   командалар алғыс хаттармен марапатталды.

Еске салсақ, 2017 жылы Алматы қаласында Қазақстан -Республикасы Президенті архиві мен Алматы қаласы мемлекеттік архивінің  ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсында Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы Бас бәйгені жеңіп алды.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 04-10-2019 10:51
Жаңартылған күні: 04-10-2019 10:51

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика