Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2018 жылдың наурыз айында өткізілген іс-шаралар

Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

2018 жылдың 1 наурызында Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві облыстық соттың мәжіліс залында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай сот ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ұлттық архив қорындағы «Сыр елінің сот билігі» коллекциясына «Үш би» төсбелгісін иеленген облыстық соттың ардагер судьяларының құжаттарын архив қорына салтанатты түрде қабылдады. Іс – шараға облыстық сот қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

2018 жылы 1 наурызында «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай Байқоңыр қалалық архиві қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақай ауылы №99 орта мектептің оқушыларына «Алғыс - сөздің асылы» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында архив қызметкері Ә.Егізбаева оқушыларды мерекелерімен құтықтай отырып, Алғыс айту мерекесі туралы мағлұмат беріп, оларды көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азаматтар болуға шықырды. Шара соңында оқушылар мерекеге байланысты жыр шумақтары, алғыстары тыңдалды.

2018 жылдың 1 наурызында Шиелі аудандық архиві мен орталықтандырылған кітапхана бірлесіп, №47 М.Ломоносов атындағы қазақ орта лицей мектебінде оқушыларының қатысуымен «Ризалық пен алғыс» тақырыбында  сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты – сыйластық құндылығы туралы түсіністі кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Шара соңында жеңімпаз оқушыларға мадақтама грамоталары табысталды.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

Наурыз айы бойынша 8 шара өткізілді. Шараларға қатысқан жалпы қатысушылар саны – 156 болса, көрермендер саны – 2135.

1 наурыз – Алғыс айту күніне арнап 2 наурыз күні Достық үйінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, Сламбек Тәуекелдің  «Жерұйық» атты көркем фильмі ұсынылды.

7 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы  қазақ музыкалық драма театрында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Ару ғұмыр, сұлу өмір» атты мерекелік салтанатты кеш өткізілді.

12 наурыз күні Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы қызметкерлеріне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, режиссер С.Махмудовтың «Арал реквиемі» атты деректі фильмі ұсынылды. 

14 наурыз күні «Амал келді, жыл келді!» атты көпшілік қойылымымен «Сүлейлер аллеясында» ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, ізгілік пен бірлік, татулық, ырыс, құт-береке бастау алатын Амал мерекесі (Қауышу күні) аталып өтті.  

15 наурыз күні Талсуат елдімекенінде орналасқан №2 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының ем алушыларына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»  АҚ киностудиясының туындысы С.Нарымбетовтің «Мұстафа Шоқай» атты көркем фильмі ұйымдастырылды.

15 наурыз күні «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауының 30 жылдық мерейтойына орай және мәдениет майталманы Қазбек Башаровты еске алуға арналған «Қазбектің қалжыңдары» атты әзіл-сықақ отауларының облыстық байқау-фестивалі ұйымдастырылды.

16 наурыз күні №9 М.Ысқанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттеріне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, режиссер С.Әзимовтің «Жоқтау... Жиырма жыл өткенде» атты деректі фильмі көрсетілді.

26 наурыз күні А.Тоқмағамбетов қалалық мәдениет үйінда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, режиссер С.Әзимовтің «Жоқтау... Жиырма жыл өткенде» атты деректі фильмі ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

2018 жылы 17 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Нағима Абдулқызы Ахмадееваның туғанына 100 жыл толуына орай "Ұлағатты ұстаз Нағима Ахмадеева – 100 жаста" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

2018 жылы 20 наурыз күні Көркемсурет галереясында Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған Қызылорда қаласының жас суретшілерінің «Көктем лебі» атты көрмесі ұйымдастырылды.

2018 жылы 26 наурыз күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және 26 наурыз – «Арал теңізінің күніне» орай «Арал теңізінің экологиялық ахуалы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


2018 жылдың ақпан айында өткізілген іс-шаралар

Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

2018 жылғы 14 ақпанында Арал аудандық архивінде Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» атты ардагерлермен кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері, №220 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – ауған соғысында мерт болған сарбаздар мен жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың  рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақты олардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

2018 жылғы 14 ақпанда Жалағаш аудандық архивінде «Істер номенклатурасын құрастыру және істерді қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жалағаш кенті мен ауылдық округтегі бөбекжайлардың қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін түсіндіру және орындалған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес қалыптастыру болып табылады.

2018 жылы 14 ақпанда Сырдария аудандық архивінде «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғынысын ардагерлері Ж.Нарымбетов, К.Арғынбаев, Ғ.Байтұрғанов және архив қызметкерлері қатысты. Кездесудің мақсаты – ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерін насихаттау, ағаларымыздың зұлматты жылдардағы жауынгерлік өмірі жайында естеліктерін еске алу және құрмет көрсету.

2018 жылдың 15 ақпанында Қармақшы аудандық архиві ауған соғысының ардагері А.Жалмағанбетовпен «Отаншылдық ұлы қасиет» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ауған соғысының ардагері естеліктерімен бөлісті. Кездесудің мақсаты - ауған соғысы жайлы мағлұмат беру, жерлестеріміздің жеткен жетістіктерін және ауған жауынгерлерінің  өмірлерін үлгі ете отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

2018 жылдың 20 ақпанында Қазалы аудандық архиві ұжымының ұйымдастыруымен «Ведомстволық архив ашу және оған қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Қазалы аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің іс жүргізуге және  ведомостволық архивке жауапты мамандары қатысты.

2018 жылдың  23 ақпан күні Сырдария аудандық архив мекемесінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын сақтау мерзімдері көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесі негізінде істер номенклатурасын әзірлеу» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің іс жүргізушілері мен ведомстволық архивке жауапты қызметкерлері қатысты.

2018 жылдың 23 ақпанында Жаңақорған аудандық архивінде «Архивтік анықтамалар беру – мемлекеттік қызметтің бір бағытын іске асыру» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге ЗТМО бөлімшесінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Жаңақорған  аудандық бөлімінің және архив қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің халыққа сапалы қол жетімділігін арттыру.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

Ақпан айы бойынша 7 шара өткізілді. Шараларға қатысқан жалпы қатысушылар саны – 55 болса, көрермендер саны – 1900.

6 ақпан күні Талсуат кентінде орналасқан №2 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының ем алушыларына арнап Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» комедиялық көркем фильмі көрсетілді.

9 ақпан Қызылорда қаласы, ЗК –169/1 мекемесінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы С.Нарымбетовтің «Мұстафа Шоқай туралы» көркем фильмі ұсынылды.

13 ақпан күні Қызылорда қаласында орналасқан №171 Ғани Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген, режиссері Ж.Жетіруовтың «Ұстаздық еткен жалықпас» деректі фильмі көрсетілді.

 21  ақпан күні  Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында  «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» атты  республикалық ақындар айтысы өтті.

23 ақпан күні Шиелі ауданы  Ақмая ауылында  «Төрт қатарда бір ғасыр» атты облыстық арнау айтушылар байқауы ұйымдастырылды.

27 ақпан күні Шиелі ауданы Тартоғай елдімекенінде орналасқан ЗК – 169/4 мекемесінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясының туындысы, Р.Әбдіраштың «Алмас қылыш» атты  көркем фильмі ұсынылды.

27 ақпан А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде "Маржан сөз қоңыр үн" атты облыстық концерт жүргізушілер конкурсы өтті.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

2018 жылы 15 ақпан күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы арнайы жобалардың бірі "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық музей экспозициясында қайта толықтырулар жүргізіліп «Қасиетті Қазақстан және Археология» залы ашылды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының 1-ші кезеңі барысында өңірден 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік қасиетті нысандар тізіміне еніп, 3 тілде шығарылған кітапқа енді.

2018 жылы 17 ақпан күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында және Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында еліміздің іргелі банкі «Халық банк» АҚ-ның 95 жылдық мерейтойына орай қала жұртшылығы мен қонақтарын облыстық музей экспозициясымен таныстыру мақсатында «Музейге саяхат» атты мәдени акция ұйымдастырылып,"Ашық есік" күні өтті.

 


2017 жылдың желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

2017 жылдың желтоқсан айында театр 9840 көрерменге спектакль ұсынды. Спектакльдер саны 36. Оның ішінде драмалық 4, балаларға арналған 34;

Театр 2 желтоқсан күні жаңа қойылым М.Серікбаевтың «Заман-ай» драмасының премьерасын өткізді. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай театрда жылдық жоспар бойынша «Ашық есік күні» болып бекітіліп, Д.Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы көрермендерге ақысыз негізде ұсынылды. 23 желтоқсаннан бастап театрдың кезекті балаларға арналған жаңа жылдық «Ұйқыдағы ару» және «Еріншектер еліндегі жаңа жыл» атты қойылымдары күніне 3-4 мезгілден көрсетілді.

Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазалы аудандық архивінде орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақ елін әлемге танытқан Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге Елбасының баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, газет кітапшалары және буклеттері қойылды.

2017 жылғы 4 желтоқсанда Қармақшы аудандық архив мекемесінде тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты көрме өтті. Іс-шараға аудандық мектеп оқушылары қатысты. Көрмеге Елбасының портреті, кітаптары мен буклеттері қойылды.

2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Шиелі аудандық архивінде «Тәуелсіз елімнің патриотымын» тақырыбында кездесу өткізіліп, оған №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары мен архив қызметкерлері қатысты.

2017 жылғы 8 желтосқанда Жалағаш аудандық архивінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіз елімнің аспаны ашық» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық Әділет басқармасының,  соттың, жер кадастрының қызметкерлері қатысты. Кездесудің мақсаты – Ел тәуелсіздігінің жеткен жетістіктерін, мемлекетіміздің даму жолындағы әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін айқындау, болашыққа деген азаматтық жауапкершілікті көтеру және патриоттық сезімді арттыру.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

Желтоқсан айы бойынша 9 шара өткізілді. Шараларға қатысқан жалпы қатысушылар саны – 380 болса, көрермендер саны – 3475.

«Сыр жомарты» қайырымдылық айлығына орай желтоқсан айында Қызылорда қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында 4 шара, халықаралық 1 шара, аймақтық 1 шара, 2 мерекелік шара, 1 шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

5 желтоқсан күні Талсуат Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының емделушілеріне арнап  «Алдар көсе» туралы ертегілер;

12 қараша – №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына   Қарттар мен мүгедектерге арнап «Біржан сал» көркем фильмі;

15 желтоқсан –  16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара;

 22 желтоқсан –«Парасатты поэзия» атты  Халықаралық жыр кеші;

 25 желтоқсан – Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында Садық Қодарұлының шығармашылығына арналған «Сырдың сырлы тұлғасы» аймақтық жас ақындар айтысы;

 28 желтоқсан – Жаңа 2018 жылын қарсы алуға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.


 

2017 жылдың қараша айында өткізілген іс-шаралар

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

2017 жылдың қараша айында театр 10050 көрерменге спектакль ұсынды. Спектакльдер саны  62 . Оның ішінде драмалық 16, балаларға арналған 35 , қуыршақ 11 .

Сонымен қатар, 14 қараша күні жылдық жоспар бойынша В.Шекспирдің «Макбет» трагедиясының, 16 қарашада Е.Төлеубайдың «Тентек теке» балалар спектаклінің  премьералары ұсынылды. 16-24 қараша аралығында Жаңақорған, Шиелі аудандарына Қ.Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы», Е.Төлеубайдың «Тентек теке» қойылымдарымен кіші гастрольге барып қайтты. 17 қарашада «Болашақ» университетінің акт залында оқытушылар мен студенттерге арнап  Б.Әлімжановтың «Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір» комедиясы көрсетілді.

Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

2017 жылғы 6 қарашада Қармақшы аудандық архив қызметкерлері Иіркөл аудандық округі әкімі аппаратында «Мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару және мекемеде құжаттардың сақталуы, оларға ғылыми техникалық өңдеу, мемлекеттік сақтауға өткізу» атты семинар өткізді. Семинардың мақсаты құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты методикалық және практикалық көмек көрсету.

2017 жылғы 8 қарашада Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастырумен Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Қазақ КСР еңбегі сіңген дәрігер, қоғам қайраткері, медицина ғылымының кандидаты Омаров Ернияз Омарұлының туылғанына 85 жыл толуына орай «Медицина саласының майталманы» тақырыбында кездесу  өткізді. Кездесуге колледж қызметкерлері мен студенттері, қалалық аурухананың ардагерлері және архив қызметкерлері қатысты. Шара соңында колледж студенттері өлең шумақтарын оқып, ән-жырмен шашу шашты. Сый-сияпат көрсетілді.

2017 жылғы 9 қарашада Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығындағы қарышты қадамдар» тақырыбында көрме өткізілді. Көрменің мақсаты   жастарымызға архив қорындағы құжаттардан ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстар туралы түсінік беру және қажырлы еңбектерiмен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосқан   Социалистік Еңбек Ерлерінің жеке тектік қор құжаттарымен таныстыра отырып, патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау. Көрмеге 1938 - 2003 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері туралы және Социалистік Еңбек Ерлерінің  жеке тектік қор  құжаттары қойылды. Көрмемен  орта мектеп оқушылары таныстырылды.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

Қараша айы бойынша 10 шара өткізілді. Шараларға қатысқан жалпы қатысушылар саны – 367 болса, көрермендер саны – 3580.

Оның ішінде «Туған жерге тағзым» атты қайырымдылық акциясына орай Қызылорда қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына 4 шара ұйымдастырылса,  2 шығармашылық кеш, 3 облыстық байқау, 1 мерекелік кеш өткізілді.

 9 қазан – Талсуат елді мекенінде орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы емделушілеріне Р.Әбдіраштың   «Алмас қылыш» көркем фильмі;

 13 қараша – Талсуат Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына «Аңшы бала» көркем фильмі;

 13 қараша – «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобы «Ән тартуым достарға» атты концерті.


 

2017 жылдың қазан айында өткізілген іс-шаралар

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

2017 жылдың қазан айында театр 8580 көрерменге спектакль ұсынды. Спектакльдер саны 26. Оның ішінде драмалық 12 , балаларға арналған 2 , қуыршақ 24 .

Театр 2 қазан күні Қазақстанның халық артисі С.Шотықовтың 80 жылдығына арналған еске алу кешін өткізді. Жылдық жоспар бойынша жастар труппасының қатысуымен Б.Әлімжановтың «Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір» комедиясының премьерасын ұсынды. 17 қазанда тағы жаңа қойылым Қ.Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» комедиясының премьерасын өткізді.

Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

2017 жылғы 4 қазанда Арал аудандық архиві Арал қаласының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Теңіз жағасындағы қала» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге Аралдағы балық комбинатының, электро-техникалық зауытының, «Ажар» тігін фабрикасының, мәдениет, білім, денсаулық, спорт және құрылыс мекемелерінің тарихы жөніндегі фото құжаттары қойылды. Көрмеге аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.

2017 жылғы 5 қазанда Қазалы аудандық архивінде «Мектеп, ұстаз – жыр әнім» тақырыбында көрме өтті. Көрмеге мектеп оқушылары мұғалімдер қатысты. Көрмеге  жеке тектік құжаттарынан алынған аты аңызға айналған  педагог, «Құрмет» орденінің, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері К.Мергенбаеваның және Б.Даулетияровтың құжаттары қойылды.

2017 жылы 11 қазанда Қызылорда облысының  мемлекеттік  архивінің  ұйымдастыруымен «Болашақ» медициналық  колледжінде жастарға діни экстремизм, экстремистік ұйымдармен  күрестегі мемлекеттік саясат туралы түсінік бере отырып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын  жан-жақты талдап,  жастарға ой салу максатында «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» тақырыбындағы дөңгелек  үстел болып өтті. Шараға Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, облыстық дін істер орталығы, облыстық жастар денсаулығы орталығының  мамандары, архив қызметкерлері, «Болашақ» медициналық колледжінің оқытушылары, студенттер  және БАҚ өкілдері  қатысты.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы бойынша 2017 жылдың қазан айында 9 шара өткізілді. Оның ішінде Республикалық 3 шара, 5 облыстық шара, 1 қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Шараларға қатысқан жалпы қатысушылар саны – 350 болса, көрермендер саны – 3860 адам қамтылды.

6 қазан – Сырдария ауданы, Амангелді ауылдық мәдениет үйінде Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Мәден Иманжаппаровтың 75 жылдығына арналған «Атамекен» атты облыстық әншілер конкурсы;

10 қазан – Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Драматург, режиссер Әмір Мәжитовтың 80 жылдығына арналған «Театр тарланы» атты халық театрлары мен драма үйірмелерінің облыстық фестивалі;

 17 қазан –  Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің ҮІІ облыстық «Жүрек жылуы» атты өнер фестивалі.


 

 

2017 жылдың тамыз айында өткізілген іс-шаралар

 
      2017 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Жаңақорған аудандық архивінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының, білім бөліміне қарасты орталықтағы мектеп ұстаздары және әділет басқармасының қызметкерлері арасында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
2017 жылғы 25 тамыздағы Қазалы аудандық архивінде «Ведомстволық архивтегі құжаттарды Ұлттық архив қорына тұрақты қабылдау тәртібі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізушілері мен ведомстволық архивке жауапты қызметкерлері қатысты.
2017 жылғы 25 тамыздағы Байқоңыр қалалық архивінде «Ата Заң-айбыным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға Байқоңыр қалалық сотының, Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының, Байқоңырбаланс ММ қызметкерлері, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Байқоңыр қаласы бойынша бөлімшесі мен архив қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты - Қазақстандық патриотизмді насихаттау, Ата-Заңды ардақтау.
2017 жылғы 25 тамыздағы Сырдария аудандық архив мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында  «Ата Заң-елдігіміздің айғағы» атты салтанатты жиналыс болып өтті. Жиналысқа аудандық архив мекемесінің архивистері мен ауданға қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысты. Архив қызметкерлері жиналысқа қатысушыларды «Ата Заңым-тірлігімнің тірегі» атты тарихи көрмемен таныстырды. 
2017 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Жалағаш аудандық ғимаратында аудандық сот, ішкі саясат  қызметкерлері және архив қызметкерлері арасында «Конституция-ұлтаралық ынтымақтық негізі» атты кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Конституциясы айқындап берген міндеттердің қоғам алдындағы жағдайын кеңінен түсіндіру. 
2017 жылғы 31 тамыздағы Қармақшы аудандық архивінде Қазақстан Республикасы Конституция мерекесіне орай «Ата Заң – ел амандығының кепілі» атты тақырыптық –экспозициялық көрме болып өтті. Көрмеге О. Шораяқұлы атындағы №30 қазақ орта мектебінің оқушылары қатысты. Көрме 4 бөлімнен тұрды: 
1)Ата Заң-азаттығымыздың  кепілі
2)Рәміздер
3)Ата Заң-ел амандығының кепілі 
4)Елбасы жолдаулары

 


2017 жылдың шілде айында өткізілген іс-шаралар

           Облысымыздағы архив мекемелері бойынша:

           2017 жылғы 1 шілдеде Арал ауданы архиві Қамбаш көлі жағасында өткізілген ІІІ халықаралық «Балықшылар» слетіне «Архив құжаттары сыр шертеді» атты  көрме ұйымдастырды. Архив қызметкерлері слет қонақтарына балықшылар өмірін айшықтайтын құжаттарды,  Елбасының Аралға сапарын және архив қорындағы балықшылардың жеке тектік қорынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты К.Бисенова, Д.Қалабаев, Қазақ КСР сыйлығының лауреаты Н.Демеуовтың өмір жолы мен еңбектерін таныстырды.

 

          2017 жылдың 20 шілдесінде аудандағы кеңшарлар мен ұжымшарлардың құрылғанына 50 жыл толуына орай Жалағаш аудандық архивінде ауыл шаруашылығының  мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге еңбек ардагерлері, «Сәрке батыр» ЖШС мамандары, ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкерлері және аумақтық инспекциясының мамандары қатысты. Кездесудің мақсаты – ауылшаруашылық дақылы күріштің өсіру технологиясы және қалыптасу тарихымен таныстыру, өскелең ұрпаққа Социалистік Еңбек ерлерінің, ардагерлердің еңбегін өнеге ету. Шара барысында архив қызметкерлері архивтік құжаттардан дайындалған көрмемен таныстырып, ауылшаруашылық саласының дамуы туралы баяндамалар оқыды.

 

         2017 жылғы 21 шілдеде Жаңақорған ауданы архивінің ұйымдастыруымен Жаңақорған шипажайында және Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ведомостволық архивтерінде «Ведомостволық архивтер жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жаңақорған шипажайының және Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жауапты мамандары мен ведомостволық архивінің қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты ведомостволық архив жұмысын ұйымдастыру барысында үлгілік қағидаларды басшылыққа алып, методикалық және практикалық көмек көрсету болып табылады.

 

        2017 жылғы 20 шілдеде Қазалы аудандық архивінде Қызылорда облысының үздік күрішшісі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Ажаркүл Алдажарованың жеке тектік қорынан дайындалған «Ақ күріштен тау тұрғызған Ажаркүл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты  Ажаркүл Алдажарованың өмір жолын, ерен еңбегі мен шыққан белестерін, алған асуларын көпшілікке таныстыру. Көрмеге еңбек ардагерлері мен аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкерлері қатысты. 


 

2017 жылдың маусым айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2017 жылдың маусым айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 2029 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 32773 дана, келушілер саны 12976. Кітапхананың жалпы кітап қоры 413798 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 113613 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада маусым айында «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш» мерекелік кеш, «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесінің ашылу салтанаты, «Экология және бүгінгі әлем» экологиялық сағат, «Кітап әлеміне – жазғы саяхат» кітап көрмесі, «Менің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қосатын үлесім» ток-шоу, «Кітап патшалығы» саяхат, «ЕХРО-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» кітап көрмесі, «Қолөнер - сырлы өнер» қолөнер шеберлерімен кездесу кеші, «Я думал, чувствовал, я жил» жұлдызды кеш, «Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл» дөңгелек үстел, «Ертегі кейіпкерлері шақырады» мерекелік кеш, «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл» ойын-сайыс, «Зерек бала» үш тілде зияткерлік сайыс, «Жүзден жүйрік» ойын-сайысты, «Өнердің ғажайып әлемі» кітап көрмесі, «Кітаптар қалашығы» саяхат, «Заманымыздың заңғар жазушысы» кітап көрмесі, «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» ток-шоу, «Нашақорлық – ғасыр індеті» кітап көрмесі, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» а кітапхана қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

Облыстық филармония бойынша:

4 маусым – ҚР Рәміздері күніне арналған «Ұлт айбыны» атты танымдық концерт өтті. Концертте ҚР Рәміздері жөнінде мағлұмат бере отырып, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуді насихаттап, филармония өенр иелері ҚР «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Ү.Медеуова, «Тұран» триосы, Р.Дарибаева, Г.Алиханова, Г.Бисекенова, Н.Тлеулесова, М.Мақұлбеков, Ж.Жүсіпов, Ш.Ешниязова, Б.Молдабергеновтер өз өнерлерін көрсетіп,  патриоттық рух берді

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы және Қызылорда облыстық филармониясы арасындағы меморандумға сәйкес 2 маусым күні Ақтөбе қаласында Қызылорда облыстық филармониясының Камералық оркестрінің концерті өтті. Концерттік бағдарламада жергілікті авторлардың төл туындыларымен қатар қазақ халқы және әлемдік авторлардың да туындыларын орындады Концерттің классикалық өнер шеберлері С.Байсейтова, М.Мақұлбеков, Ғ.Бекмұрзаев, Ж.Жүсіповтар өнер көрсеттіп, көрерменің ыстық ықыласына бөленді.

         5-11 маусым аралығында филармония залында Н.Гернеттің «Балапан қаз» қойылымы кішкентай көрермендерге ұсынылды.

          Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 23 маусым күні филармония концерт залында «Сағындырған әндер-ай» атты ретро-концерт өтті. Концерттің ерекшелігі, филармония өнер иелері ретро-әндерді тамылжыта орындап, сонымен қатар Шәмшінің әндерінен попури орындап, оларға тәнті болған көрермендер әсем әндерді қосыла шырқап, кеш ажарын аша түсті. Концертте ҚР Еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова, «Тұран» триосы, Р.Дәрібаева, Р.Үсенов, Г.Бисекенова, Г.Әлиханова, Б.Молдабергенов, Н.Тлеулесова, Ш.Ешниязова, Б.Найманов, О.Нұралиев, Н.Нұраддинова, Д.Есентеміров, Ғ.Бекмұрзаев, М.Мақұлбеков, жырау М.Сүгірбай, Ж.Төлебай өнер көрсетті.

 

          24 маусым – Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай филармония концерт залында мерекелік салтанатты шара өткізілді. Аталған шара барысында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы сала қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, ҚР Ішкі істер Министрлігінің және облыстық ішкі істер департаментінің бұйрығына сәйкес марапаттады. Шара соңы филармония өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

24 маусым күні филармония концерт «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің концерті болып өтті. Аталмыш концертте қазақ халық әндерімен қатар шетел авторларының төл шығармалары орындалды. Вокалды аспапты ансамбльдің сүйемелдеуімен А.Наукеева, Н.Нұраддинова, О.Тлеулиев, Р.Үсенов, И.Ахметова, Г.Бисекеновалар әуелете ән шырқады.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

1 маусым Ақмешіт музейінде Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Мен музейдемін» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараға «Шаттық», «Ая» балабақшасының бүлдіршіндері қатысып, өнерлерін көрсетті.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай "ашық есік" күні жарияланып,"Бар жақсылық балаларға" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға қалалық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты "мумкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету" бөлімшесінен 60 бала қамтылды.

Көркемсурет галереясында "Мен сурет әлеміндемін" атты ашық есік күні ұйымдастырылды.

4- маусым күні сағат 11- 00 де Ақмешіт музей қызметкерлері Қызылорда политехникалық колледжі студенттеріне Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тәуелсіздік» залында рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышым» атты тақырыптық экскурсия өткізді.

 

5 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай музейдің "Қызылорда облысы Тәуелсіздік жылдарында" атты залының экспозициясында орналасқан құнды экспонаттарды көрнекілік құрал ретінде пайдалана отырып, қаламыздағы №15 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Рәміздерім – мақтанышым" атты квест ойыны ұйымдастырылды.


2017 жылдың мамыр айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

 

Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасы бойынша:  

2017 жылдың мамыр айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 2643 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 47480 дана, келушілер саны 17578. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412853 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 113126 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада мамыр айында «Ұлттық рухтың қайнары» кітап көрмесі, «Ерлік ердің туы» кеш, «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» кітап көрмесінің салтанатты ашылуы, «Ұрпақ денсаулығы-ұлттың саулығы» лекция сабақ, белгілі ақын, журналист Мырзан Кежебайдың туғанына 70 жыл толуына орай «Жыр жазып өмір жайлы, өзім жайлы» кітап көрмесі, «Нашақорлық – ғасыр індеті» кітап көрмесі, «Сынның сырлы семсері» кітап көрмесі, дүлдүл күйші Әлшекей Бектібайұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Әлшекейдей күйші өткен алашымда» кеш, «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» тарихи-танымдық сағат, «Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар» әдеби кеш, «Менің Қазақстаным» сурет байқауы, «Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» шеберлік сабағы, «Ұлт болашағы – тіл» пікірталас, "Баға жетпес сыйлық" акциясы, «Зұлмат жылдар жаңғырығы» кітап көрмесі, «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Облыстық филармония бойынша:

3 мамыр күні филармония залында ұлттық өнерімізді ұлықтау, оркестрдің І жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін бері, шығармашылығын насихаттау мақсатында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің маусымдық жабылу концерті өткізілді. Концертте қазақ ұлттық музыкасын кәсіби деңгейде дамыту мақсатында шығармашылығын шыңдап келе жатқан оркестр бас дирижеры, «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері К.Ботабаевтың дирижерлауымен халық және қазақ композиторлары мен әлемдік классика алыптарының туындыларымен қатар, жергілікті күй шеберлерінің шабытты шығармалары қамтыған кең ауқымды репертуарымен көрерменінің көзайымына айналса, оркестр әртісі, прима-қобыз аспабының құлағында ойнайтын үздік музыканттардың бірі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Гүлдана Берікқызы өнер көрсетті. Бағдарламада Құрманғазының «Серпер», А.Жайымовтың «Қорқыт», Ә.Қазақбаевтың «Ақсақ қыз», И.Чайковскийдің «Русский танец», К. Дженкинстің «Палладио», М.Сыдықовтың «Астанаға сәлем» шығармалары орындалды.

8 мамыр күні филармонияның концерт залында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті.

10 мамыр, сағат 15.00-де ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге арналып «Бірлігіміз жарасқан» атты облыстық филармония өнер иелерінің қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада Р.Үсенов, Н.Тлеулесова, Ш.Ешниязова, Ж.Жүсіповтер патриоттық әндері орындаса, жыраулық өнердің жалғастырушылары Ә.Қуаңбаев және Ж.Төлебай, З.Баймырзалар Тұрмағамбеттің, Базар жыраудың жыр термелерін тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

12 мамыр филармония концерт залында филармония әртістері Ш.Ешниязова, Н.Тілеулесова, Б.Найманов, З.Баймұрзаевалардың  біріккен ағымдық концерті өтті.

13 мамыр күні Жаңақорған ауданында ІІ облыстық малшылар слёты ұйымдастырылды. Аталған шарада облыстық филармонияның өнер ұжымы мен әртістері өнер көрсетті. Мыңғырған мал өсіріп, даңғайыр даралығын еңбекпен танытқан үздіктерді облыс әкімі марапаттады. Шара соңы облыстық филармония өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

2017 жылдың 1 мамыр күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде  1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Әр ұлт өкілдерінің шай ішу дәстүрі мен мәдениеті» тақырыбында шара ұйымдастырылды.

2017 жылдың 3 мамыр күні Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мекемесінен келген 1-2 топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Қатысушы саны 23

2017 жылдың 3 мамырында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумының көрмесі өтті. Симпозиумға қатысқан 25 қылқалам шеберінің қолынан шыққан ғажайып өнер туындылары өнерсүйер қауымның назарына ұсынылды.

2017 жылдың 5 мамыр күні Ақмешіт музейінде «Ұлы жеңісті ұмытпайық ұрпақтар» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге музей қорында сақталған соғыс ардагерлерінің майдан хаттары, құжаттары мен медальдар, қолданыста болған заттары мен әскери киімдер қойылды. Музейге келушілерге соғыс ардагерлер суретінен жасалынған слайд көрсетіліп, көрмеге экскурсия жасалынды.

 

 


2017 жылдың сәуір айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

 

Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасы бойынша:  

2017 жылдың сәуір айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 3333 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап  берілімі 58244 дана, келушілер саны 19732. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412728 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 113048 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада сәуір айында «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» кітап көрмесі, «Қиялдар әлемі» - «Мир фантазий» көрме-хобби, «Кітаптар сөйлейді»  кітап көрмесі, «Саусағынан бал  тамған»  шеберлік сағаты, «Театр – тәңірім, кино – іңкәрім» кітап көрмесі, «Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі» дөңгелек үстел, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» кітап көрмесі, «Қауіпсіз интернет» іс шара, «Ғарыш –келешектің кемелді жолы» көрме ақпарат, «Кітап – тарих, шежіре!» ток- шоу, «Адам өмірі және суицидтен сақтану" денсаулық сағаты, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармашылығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» поэзия кеші, «Кітап әлемнің жаршысы» кітап көрмесі, Қазақстанның Халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтің бюсті жанында «Ұлылыққа тағзым» әдеби оқу, «Ескерткіштер – ел тарихы» кітап көрмесі, «Сан сұраққа саяхат» интеллектуалдық сайыс, «Мен өмірге ғашықпын» фото – көрме, «Мың бір мақал, жүз бір мақал» сайыс, «Кітапханадағы түн» акциясы, «Суретшінің ғажайып әлемі» хабарлама сағаты, балалар ақыны А.Сопыбековтың туғанына 80 жыл толуына орай, «Бала тілін тапқан ақын» әдеби кеш, «Кітап патшалығының сырлы әлемі» жанұялық оқу, «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа үлгі» кездесу кеші, «Қазақстан – достық мекені» кітап көрмесі, Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын арналған «Оян, қазақ» әдеби кеш, талантты жас, клуб мүшесі, І топ көз мүгедегі Әкімжан Халықовпен кездесу кеші өткізілді.

 

Облыстық филармония бойынша:

12-14 сәуір күні Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай филармония өнер ұжымының Әзербайжан Республикасының Баку, Шеки қалаларында концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, оркестр дирижерлары Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе, бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері, білім беру ісінің үздігі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Кеулімжай Ботабаев, «Томирис» би ансамблі, жыршылар – «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері жырау, ұстаз Р.Ахметов, Тұрмағамбеттің жыр жалғастырушысы, түрлі деңгейдегі жыршылар байқауының жеңімпазы К.Түрікпен, классикалық орындаушылар Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаттары С.Байсейтова, М.Мақұлбеков, сонымен қатар Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұсабаев, В.Алпысбаева, Мағжан Аманжоловтар өнер көрсетті.

17 сәуір күні Белкөл кентінде және 19-20 сәуір күндері Қазалы ауданының Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде және Оқушылар сарайында филармония өнер иелерінің шығармашылығын насихаттау, тұрғындардың мәдени шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Сыр елінің мақтанышы, сахна сәні К.Қалымбетованың концерті өткізілді. Концерттік  бағдарламада «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, Н.Нұраддинова, О.Нұралиев, Б.Молдабергенов және дәстүрлі орындаушы Б.Қарғабаевтар ән-жырдан шашу шашып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

18 сәуір- Халықаралық Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай халқымыздың тұтастығы мен еліміздің бірлігін ойлаған ұлт азаттық көтерілістің бас қолбасшыларының бірі, Сыр бойынан шыққан қас батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының ескерткіші алдында «Үш жүздің батыр биі Жаңқожа» атты шолу- концерт ұйымдастырылды. Бұндағы мақсат жас ұрпақты тарихи құдылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштерімізбен –мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып  табылады.

 

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

2017 жылдың 3 сәуірінде «Жаңғыру жаңарған конституциядан басталады» тақырыбында М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж студенттеріне лекция оқылды.

2017 жылдың 7 сәуірінде ақын Т.Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай №15 мектеп-лицейінің оқушыларына «Періште мінезді ақын» тақырыбында лекция оқылды.

18 сәуір күні тәжірибе алмасу мақсатында және музейлік серіктестік жобалар аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейіне «Сырдың сырлы шежіресі» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

2017 жылдың 18 сәуірінде «Ескерткіштерді қорғау күніне орай» Қызылорда өңіріндегі тарихи ескерткіштердің фотосуреттерінен «Тарихы терең ескерткіштер» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

18 сәуірінде №10 Облыстық дарынды балаларға арналған  қазақ-түрік лицей оқушыларына  «Ескерткіштер – ел мұрасы» тақырыбында қала бойынша маршруттық  экскурсия жүргізілді.

 

25 сәуір күні нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мақсатында мектеп оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.


2017 жылдың наурыз айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

Қызылорда облыстық филармониясы наурыз айында барлығы 31 концерттер мен гастрольдік сапарлар ұйымдастырылып, оған 10302 көрермен тартылды. Оның ішінде ақылы негізде 17 концертке 4752 көрермен, ақысыз 11 концертке 5550 көрермен қамтылды. Оның ішінде өзге облыстар мен елді мекендерде ақылы негізде 11 гастрольдік сапарлар және 4 қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

Өткізілген шаралар:

8 наурыз күні филармония концерт залында «Ғаламның сұлу бейнесі» атты қойылым-концерт ұйымдастырылды. Концертте «Тұран» триосы, «Томирис» би ансамблі және ҚР Еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова бастаған филармония әртістері Р.Дәрібаева, Г.Әлиханова, М.Мақұлбеков,  Ғ.Бекмұрзаев, Ж.Жүсіпов тағы да басқа әншілер ғаламның сұлу бейнесін –әйел деп таныған көрермендерге тақырыптық әндер ұсынып, ыстық ықыласына бөленді.

16 наурыз күні № 5 арнаулы түзету мектеп интернатында тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл – күй сыйлау, концерттік шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Наурыз шапағаты» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

17 наурыз күні филармония концерт залында бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың ару-нұр көктем» атты мерекелік концерт өткізілді.

18 наурыз күні ЗК 169/5 мемлекеттік мекемесінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік көпшілік шараны филармония әртістері Г.Әлиханова, Р.Дәрібаева, Н.Тілеулесова жырау М.Бекпейісовтер концерттік бағдарламамен қамтамасыз етті.

23-26 наурыз аралығында филармония өнер иелері қазақ елінің тұңғыш астанасы, қазіргі Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы қандас бауырларымызға Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» мерекелік концертін тарту етіп қайтты. Гастрольдік сапар барысында Соль- Илецк, Беляевка, Димитровский, Новорск аудандары қамтылды. Гастрольдік сапарға жасақталған өнер иелері «Томирис» би ансамблі, Ү.Медеуова, Н.Нұраддинова, О.Нұралиев, Б.Молдабергенов, З.Баймұрзаевалар  көрермендердің қошеметіне бөленді.  

31 наурыз күні филармония концерт залында камералық оркестрдің концерті ұйымдастырылды. Бағдарламада  Қазақстан композиторларының шығармалары мен халық әуендері қамтылып, классикалық музыка мәдениеті насихатталды.

Жетістіктер:

Қармақшы ауданында өткен Базар Оңдасынұлының 175 жылдығына арналған «Жамиғы қазақ бір туған» атты облыстық жыраулар байқауында Ә.Қуаңбаев Бас жүлде иемденді.

Архивтер бойынша:

2017 жылдың 3 наурызында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде ақын С.Желдербаева мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі К.Қалымбетовамен «Әйел-ару, Әйел–ана, Әйел-қайраткер» атты кездесу өткізілді. Шараға архивистер, студенттер мен колледж мұғалімдері қатысты. Кездесу қонақтары архив қорында сақталатын құжаттардан дайындалған С.Желдербаева мен К.Қалымбетованың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құжаттары мен фотосуреттерінен дайындалған көрмені тамашалады.

2017 жылдың 3 наурызында Шиелі аудандық архивінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-күннің шуағы» атты  кездесу өткізілді. Кездесуге батыр-ана, теміржолшы Ұ.Мырзабаева, архив ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 3 наурызында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде ақын С.Желдербаева мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі К.Қалымбетовамен «Әйел-ару, Әйел–ана, Әйел-қайраткер» атты кездесу өткізілді. Шараға архивистер, студенттер мен колледж мұғалімдері қатысты. Кездесу қонақтары архив қорында сақталатын құжаттардан дайындалған С.Желдербаева мен К.Қалымбетованың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құжаттары мен фотосуреттерінен дайындалған көрмені тамашалады.

2017 жылдың 3 наурызында Шиелі аудандық архивінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-күннің шуағы» атты  кездесу өткізілді. Кездесуге батыр-ана, теміржолшы Ұ.Мырзабаева, архив ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 27 наурызында Қазалы аудандық  архивінде «Көп болып күресейік» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қазалы  аудандық бөлімінің жауапты мамандары мен архив қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру. Жемқорлықтың жолына тосқауыл қою, оны болдырмау және жою бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру.

2017 жылдың 29 наурызында Шиелі аудандық архивінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, оқу ағарту ісінің үздігі Қ.Тұрсынованың 60 жасқа толуына орай «Ұстаздықтан бастау алған ұлылық» атты тақырыптық көрме болып өтті.  Көрмеге архив қорындағы Қ.Тұрсынованың жеке тектік құжаттарынан өмір жолына, еңбек еткен жылдарына қатысты құжаттар, марапатту құжаттары, ордень, медальдерінің куәліктері, БАҚ-на жарияланған құжаттар, жеке суреттері және «Шежірелі Шиелі» атты кітабы қойылды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2017 жылдың наурыз айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 2861 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 49840 дана, келушілер саны 16871. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412176 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 112766 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

 Кітапханада наурыз айында «Ана – жыры, көктем - нұры» атты әдеби сазды кеш, «Күн шуағын сыйлаймыз» атты қайырымдылық акция, ақын Жүсіп Қыдыровтың туғанына 80 жыл толуына орай «Сырдың сыршыл бір ұлы» атты кітап көрмесі, «Кітап – ғасыр мұрасы» атты көшпелі кітап көрмесі, ҚР Халық әртісі, әнші Н.Нүсіпжановтың 80 жасқа толуына орай «Нәр берген ән бұлақтан» атты музыкалық сағат, «Жан жүрегінен төгілген мейірім» атты мерекелік концерт, «Терроризмге жол жоқ» атты библио-квилт, «Суицид – қасіреттің қара түнегі» атты кітап көрмесі, «Андерсен ертегілерінің сиқыры» атты мерекелік шара, «Қиындықта шыңдалған құрыш» атты тарихи - танымдық кеш, «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі, «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын-сайысы, «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, «Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі» атты интеллектуалдық сайыс, «Жүрек жылуымыз – балаларға» атты қайырымдылық акциясы, «Кітапханаға қалай жетуге борлады?» атты либмоб өткізілді.

2017 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

Қызылорда облыстық филармониясы ақпан айында барлығы 18 концерттер мен гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, оған 3483 көрермен тартылды. Оның ішінде ақылы негізде 12 шараға 2253 көрермен, ақысыз 6 концертке 1230 көрермен қамтылды. Оның ішінде өзге облыстар мен елді мекендерде ақылы негізде 7 гастрольдік сапарлар және 3 қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

Өткізілген шаралар:

        10 ақпан күні  филармония концерт залында халық күйшісі Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған «Жауһар мұра» атты күйшілер концерті ұйымдастырылды. Күйші құрметіне арналған концертті жерлесіміз, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, қауымдастық профессоры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының  ұстазы өнер танушы, композитор Т.Тоқжанов жүргізді.

        15 ақпан күні Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, музыка өңдеушісі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің ұстазы Төлеген Каденовтың 60 жылдығына орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде тәлімгер-ұстаздың шығармашылығына арналған “Парасат пырақ – саз ғұмыр” атты кеш өтті.

 23 ақпан күні «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы қаланың кішкене тұрғындарына арнап орыстың ақын-драматургы Н.Гернеттің «Балапан қаз» ертегісінің желісімен, балаларды адалдыққа, достыққа тәрбиелеуге негізделген “Ғажайып ертегі” қойылымының премьерасын ұсынды.

 24 ақпан күні облыстық филармония төрінде тәжірибе алмасып, шеберлікті одан әрі шыңдау мақсатында ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері М.Әмзенің дирижерлік етуімен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрінің концерті өтті.

Жетістіктер:

 

2017 ж- Алматы қаласында өткен ҚР Халық әртістері К. Кенжетаев пен Ш.Бейсекова атындағы Халықаралық әншілер байқауының "Академиялық ән салу" номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанды.

Архивтер бойынша: 

2017 жылдың 3 ақпанында Сырдария аудандық архивінде «Электронды архив – ақпараттарды іздестіру жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға  «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті аудандық бөлімшесінің архивисі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария   аудандық бөлімінің қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 7 ақпанында Шиелі аудандық архивінде «Жемқорлыққа тосқауыл қоямыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мамандары мен архив қызметкерлері қатысты. Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру. Жемқорлықтың жолына тосқауыл қою, оны болдырмау және жою бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру.

2017 жылдың 9 ақпанында Байқоңыр қалалық архивінде  «Сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күресейік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Байқоңыр қаласының Әділет басқармасының, «Байқоңырбаланс» мекемесінің және архив қызметкерлері қатысты. Мақсаты сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, оның алдын алу шараларын құрастыру, күресу.

2017 жылдың 10 ақпанында Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архив ісін ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті –Елбасы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау насихаттау мақсатында архив мекемелерінің мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа облыстың архив мекемелерінен барлығы 30-дан аса қызметкерлер, сондай-ақ Жолдаудың негізгі критерийлерін кәсіби деңгейде түсіндіру мақсатында «Сыр медиа» ЖШС ақпараттық-талдау орталығының басшысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты С. Сахиев қатысты. Жиналыс барысында Жолдауда қамтылған мәселелер қызу талқыланып, архив мамандары тарапынан белсенділік танытылды. Жиналысқа дейін қонақтар, 2017 жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай архив қорына қабылданған құнды 100 сурет құжаттарын қамтитын  әсерлі көрмемен танысты.

Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасы бойынша:  

 

2017 жылдың ақпан айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 3900 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 53852 дана, келушілер саны 18220. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412176 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 112766 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада ақпан айында «Тәжібаев оқулары», Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауына түсіндірме, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Рухты қалам, табанды талант» атты әдеби-сазды кеш, «Алтын жүрек анамыз» атты өлең оқу байқауы, «Балалар  кітабына суретіңді сыйла» атты акция, ақын Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Періште қанатты тағдыр» атты әдеби кеш, «Жауқазын – ғұмыр» шығармашылық клубы дөңгелек үстелі, «Жемқорлықпен күрес – азаматтық парыз» тақырыбында талқыланған дебат, күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ халқының бұлбұлы» атты музыкалық шара, «Масленица» - «Құймақ» фолькролдық мерекесі, «Есірткісіз - болашаққа» атты ток- шоу, «Қазақстан мұнайы - ғасырлық тарих» атты ақпарат күні, «Бағбан» клуб мүшелерінің мәдени – бас қосуы, «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен  Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

2017 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы мәлімет

 

Қызылорда облыстық филармониясы  қаңтар айында ақысыз негізді 3 шара ұйымдастырып, оған 520 көрермен тартылды.

 Өткізілген шаралар:

20 қаңтар  күні  «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы қаланың кішкене тұрғындарына арнап орыстың ақын-драматургы Н.Гернеттің «Балапан қаз» ертегісінің желісімен,  балаларды адалдыққа, достыққа тәрбиелеуге негізделген “Ғажайып ертегі” қойылымын  № 5 арнаулы түзету мектеп  интернатынының  тәрбиеленушілеріне ұсынды.

     27 қаңтар күні филармония концерт залында «ЭКСПО- 2017» Халықаралық көрмесі аясында «Жастары жалындаған Қазақ елі!» атты концертпен ұйымдастырылды.  Сонымен қатар № 5547 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты шараны филармония өнер  иелері концерттік бағдарламамен қамтамасыз етті.

Архивтер бойынша:

2017 жылы 13 қаңтарда Жаңақорған аудандық архивінде «Істер номенклатурасын жасау тәртібі» атты семинар өтті. Семинарға Жаңақорған аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, орталық атқарушы органдардың аудандық бөлімдерінің іс жүргізуге және  ведомостволық архивке жауапты мамандары қатысты. Семинардың мақсаты  ведомостволық архив қызметкерлеріне істер номенклатурасын жасау барысында үлгілік қағидаларды басшылыққа алып, методикалық және практикалық көмек көрсету болды.

2017 жылы 18 қаңтарда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде  «Сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресейік» тақырыбында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің және облыстық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру.

2017 жылы 20 қаңтарда Жаңақорған аудандық архиві №169 Иллялетдинов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен «Архив – ұлттық құндылық қазынасы» тақырыбында сабақ өткізді. Сынып оқушыларына баяндама оқылды.

2017 жылы 31 қаңтарда Қармақшы аудандық архивінің қызметкерлерінің ұйымдастырумен Алаштың 100 жылдығына орай, Ә. Егізбаев атындағы №121 қазақ орта мектебінде «Алаштың асыл азаматтары» атты ашық сабақ өткізілді. Сабаққа мектеп мұғалімдері мен оқушылары және архив мамандары қатысты.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2017 жылдың қаңтар айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 3883 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 45067 дана, келушілер саны 16355. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412176 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 112766 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада қаңтар айында «Қазақстанның болашаққа 100 қадамы», «Еліміздің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік», «Діни экстремизм – опат болудың жолы!», «Тіл – ұлттық қазына», «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі», «Дүниежүзілік Универсиада - дүбірлі дода»,  атты кітап көрмелері, «Халықаралық көрмелер тарихынан» атты слайд-сабақ, «Халқына қорған, ұрпаққа ұран болған батыр – Жанқожа Нұрмұхамедұлы» атты мәдени шара, «Білім - таным әлемінің кілті» атты әңгіме, «Кітап менің өмірімде» атты тақырыптық кеш, «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты кітаптар шеруі өткізілді.

 

2016 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралартуралы мәлімет

2016 жылдың желтоқсан айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 30843 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 509172 дана, келушілер саны 178123. Кітапхананың жалпы кітап қоры 407945 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 108666 дана. Электрондыкітаптар саны 495 дана.

Кітапханада желтоқсан айында «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі, «Өнерді сүйген өмірді сүйеді» атты дәріс, «Денсаулық –жетістіктің кепілі» атты кітап көрмесі, «Алуан түрлі кәсіп бар» атты кітап көрмесі, «Сұлу саздың зергері» атты музыкалық кеш, «Үш тұғырлы тіл» атты ток-шоу, «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты жастар акциясы, институтында «Кітапханадағы ақпараттық технологиялардың оқу процесіне тигізер әсері» ақпарат күні, «Қайырымдылық» атты акция, «Тәуелсіздік белесі –ЭКСПО-2017» атты кітап көрмесіне шолу, «Ғарышты бағындырған Қазақстан» атты кітап көрмесі, "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" атты кітап көрмесіне шолу, «Жыр әннің елі, Тұранның төрі – Сыр елі» атты кең көлемді тұрақты кітап көрмесі, «I  LOVE ASTANA» атты флэшмоб, «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты кітап көрмесі, «Тәуелсіздік – биік сенің айбының»  атты жыр кешін өткізді.

Архивтер бойынша:

 

  • 2016 жылғы 9-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханада кітапхана мекемесімен бірлесіп архив қызметкерлері «Тәуелсіздік-арманы едің бар қазақтың» атты тақырыптық экспозициялық көрме ұйымдастырды. Көрмеге архивтік құжаттар, мақалалар, суреттер мен кітаптар қойылды. Көрменің мақсаты жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.
  • 2016 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қармақшы аудандық архивінде «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге желтоқсан оқиғасына қатысқандар, архив қызметкерлері, еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі, Ш. Уалиханов атындағы №26 орта мектептің оқушылары және аграрлы-техникалы колледжінің мұғалімдері мен студенттері қатысты.
  • 2016 жылғы 13 желтоқсанда Жаңақорған аудандық архивінде «Тәуелсіздікке талпынған жерлестер» тақырыбында кездесу өткізіліп, оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының кеңесшісі, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, №169 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, мұражай қызметкері қатысты.
  • 2016 жылғы 14 желтоқсанда Арал аудандық архивінде «Желтоқсан тәуелсіздііктің ұлы рухы» тақырыбында көрме ұйымдастырылып  №220 орта мектебінің оқушылары, мұғалімдер және архив қызметкерлері қатысты. Көрмеге Елбасының кітаптары, мақалалары қойылды.  
  • 2016 жылғы 14 желтоқсанда Ақай ауылдық клубында Байқоңыр қалалық архивінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік-ел тілегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға балабақша қызметкерлері, №99 мектеп оқушылары мен ұстаздары және архив қызметкерлері қатысты. Мақсаты Желтоқсан оқиғасының маңызы мен Тәуелсіздігіміздің мазмұнын насихаттау.
  • 2016 жылғы 14 желтоқсанда Жалағаш аудандық архивінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «30 жылдан соңғы –Желтоқсан» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық сот қызметкерлері, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, архив қызметкерлері қатысты.

2016 жылғы 27 желтоқсанда Облыстық қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» Партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Істер номенклатурасын дайындау, мекеменің  ведомстволық архивінің  құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға архив қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жауапты мамандары қатысты.

 

 

2016 жылдың қараша айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралартуралы мәлімет

2016 жылдың қараша айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 28870 оқырманға қызметкөрсетті. Кітап берілімі 471983 дана, келушілер саны 165489. Кітапхананың жалпы кітап қоры 412457 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 110242 дана. Электрондыкітаптар саны 437 дана.

Кітапханада қараша айында «Қайдасың, Қасқақұланым» және «Жоқ іздеген жүрек» атты кітаптарының тұсаукесері, «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты жастар акциясы, «Білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайыс, «Мәңгілік Қазақстан жобасы - жаңа дәуірдің келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел, «Едем, едем на джайляу» атты әдеби нон-стоп, «Ұлық тұтар - Ұлы Заң» атты кітап көрмесі, «Тәуелсіздік–қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Тәуелсіздік залына саяхат, «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Еңбегі ерен ер тұлға» атты кітап көрмесі, «Тіл – халықтың жаны» атты тақырыпта талқыланған дебат, «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады» атты слайд-шолу, «Қоңырау соғыңыз, кітап сізді табады» атты акция, «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында этно–мәдени орталық өкілдерімен кездесу кеші, «Тәуелсіз Қазақстан және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы, «Ертеңіне ел сенген, тегеурінді төл теңгем» атты тарихи сабақ, «Ең үздік оқырман» бенефисі, «Bilim land – жаңа білім әлемі» тақырыбында видеосабақтар ұйымдастырылды.

 

 

2016 жылдың қазан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралартуралы мәлімет

Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасы бойынша:

2016 жылдың қазан айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 23325 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 430111 дана, келушілер саны 149283. Кітапхананың жалпы кітап қоры 411758 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 109 895 дана. Электрондыкітаптар саны 437 дана.

Кітапханада қазан айында «В гости к дедушке Корнею» атты әдеби каламбур, «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік кеш, «Дән патшасы-Ыбырай» атты көшпелі кітап көрмесі, «Ғарышкер ағалар ізімен» атты сайысы, «Бабалар сөзі – тәрбие көзі – жан азығы» атты  танымдық кеш, «Дулаттың асыл мұрасы» атты мәдени –шара, «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында лекция-сабақ, «Спорт – әлем жаршысы» атты кітап көрмесі, «Қожа Ахмет Иасауи хикметтері – тәрбиенің қайнар көзі» атты дөңгелек стол, «Қалағаңның қалжыңдары- халық мұрасы» атты әдеби кеш, «Мәңгілік ел, біздің ұлы еліміз Қазақстан » атты кітап көрмесі, «Таланттыларды іздейміз» атты әдеби сайыс, «Алаштың ардақты қайраткері» атты дөңгелек стол, «Терроризм – қазіргі заманның жаһандық проблемасы» атты эссе-сайыс, «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы» атты онлайн-лекция  өткізілді.

 

 

 

 

2016 жылдың қыркүйек айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралартуралы мәлімет

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2016 жылдың қыркүйек айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана 23 640 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 377 055 дана, келушілер саны 132 166. Кітапхананың жалпы кітап қоры 411 257 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 109 599 дана. Электронды кітаптар саны 437 дана.

Кітапханада қыркүйек айында Білім күніне арнап «Кітап білім әлемін ашады» атты кітап көрмесі, каталогтар залында «Білім кілті – кітапта» атты кітапхана – библиографиялық білім сағаты, білімнің барлық саласын қамтитын «Жан азығы – кітап» атты жаңа кітаптар көрмесі, «Отан – сенің ата-анаң» атты сурет көрмесі, «Ұрпақ саулығы-ұлт байлығы» атты дөңгелек стол, «Үш тұғырлы тілдің ұрпағы» атты ток-шоу, «Тіл – ұлттың жаны»  атты мәдени шара, Ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлға» атты портрет кеші, қала оқу орындарының 1- ші курс студенттерімен «Жастар қуаты – Қазақстан болашағы» атты оқырман қатарына қабылдау мерекелік шарасы өткізілді.

Архивтер бойынша:

  • 2016 жылғы 1 қыркүйекте Қазалы аудандық архивінде «Ұстаз ұрпақ мақтанышы» тақырыбында көрме өтті. Көрмеге  аудандық №249 лицейдің жеке тектік құжаттарынан аты аңызға айналған  педагог, «Құрмет» орденінің, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері      К. Мергенбаеваның, «Ең үздік ұстаз» Ж. Абжанованың, Халықаралық білім беру жүйесіндегі ағылшын тілі пәні мұғалімдер сайысының жеңімпазы Ж. Жиеналиеваның құжаттары  қойылды.
  • 2016 жылғы 14 қыркүйек күні Қазалы аудандық архивінде ақын Есқара Көмекбаевтың «Жырымен ой тербеткен ұрпағына» атты көрме болып өтті. Көрмеге ақынның өмірбаяны, медальдары, баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, газет кітапшалары, сурет құжаттары, буклеттер қойылды.
  • 2016 жылғы 14 қыркүйек күні Сырдария аудандық архив мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы             Ж. Қонысбаев, аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Т. Болғанбаев және кент ардагері               Б. Сауытбаев, аудандық «Сырдария» қорының төрағасы Н. Әкімжанов, аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері мен №35 И. Тоқтыбаев атындағы мектеп – лицейінің мұғалімдері қатысты.
  • 2016 жылғы 16 қыркүйек күні Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің оқу залында «Құрылысшылар еңбегі құрметке лайық» тақырыбында құрылысшылармен кездесу өткізілді.  Шараға инженерлік зерттеу геотехникалық институты ЖШС-нің директоры    Ш. Тағатаев , Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мектеп оқушылары және архивистер қатысты.
  • 2016 жылғы 16 қыркүйек күні Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында аудандық архив және орталық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен 22 қыркүйек «Тілдер» мерекесіне орай «Тілім тірегім-ұлтым жүрегім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кітапхана, архив қызметкерлері қатысып, кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
  • 2016 жылғы 21 қыркүйек күні Қазалы аудандық архивінде «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында көрме болып өтті. Көрмеге Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері        Қ. Асқаровтың жеке тектік құжаттары, сондай-ақ аудандағы әр түрлі салада жұмыс істеген қарттардың құжаттары қойылды.
  • 2016 жылғы 26 қыркүйекте Қазалы аудандық архивінде  ақын                                                А. Қаржаубаеваның қатысуымен «Бұлағы бар жанымның сарқылмаған» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
  • 2016 жылы 27 қыркүйекте Облыстық қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде «Қызылорда қаласының көшелері» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеге Қызылорда қаласындағы көшелерге атау беру туралы қала әкімінің шешімдері мен қаулылары және көшелерге есімдері аталғандардың архив қорындағы жеке тектік құжаттары қамтылды.
  • 2016 жылғы 27 қыркүйек күні Арал аудандық архивінде Қарттар күні мерекесі қарсаңында архив саласы ардагерлерімен «Қарттарым аман-сау жүрсінші»  тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлер өздерінің жұмыс тәжірибесі мен архив саласындағы ұзақ жылғы еңбектегі жемістері мен архив саласының дамуына қосқан үлестері туралы айтып берді.
  • 2016 жылғы 27 қыркүйекте Қармақшы аудандық архиві қызметкерлерінің ұйымдастыруымен архив саласының ардагерлері Ж. Нұржанов және Ә. Тұрғановпен «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында кездесу болып өтті.
  • 2016 жылғы 29 қыркүйек күні Шиелі аудандық архиві қызметкерлерінің және аудандық архив саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматтары Қ. Сүгірбаев, Ө. Исаханның қатысуымен «Қарты бар ел-қазыналы ел» тақырыбында кездесу өткізілді. Сондай-ақ кітаптар көрмесі қойылды.

 

2016 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралартуралы мәлімет

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2016 жылдың тамыз айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана 19 376 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 287 100 дана, келушілер саны 101 300. Кітапхананың жалпы кітап қоры 409 100 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 108 610 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана.

Кітапханада тамыз айында «Жан азығы-кітап» атты жаңа әдебиеттер көрмесі, «Туы биік, тұғыры берік Сыр елім», «Алуан-алуан кәсіп бар» және Қазақстан  Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ұлық тұтар - Ұлы Заң» атты кітап көрмелері, «Конституция – халықтың төл құжаты» атты сұрақ – жауаптар кеші, Алаш арыстарының ізін жалғастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың ақтаңгері» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды.

 

Облыстық архивтер бойынша:

 

- 2016 жылғы 4 тамыз күні Сырдария аудандық архивінің ұйымдастыруымен  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментің аудандық бөлімінде «Ұйымның іс-номенклатурасы – құжаттардың бет айнасы» тақырыбында семинар болып өтті.

- 2016 жылғы 10 тамыз күні Шиелі аудандық архиві «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында архив қызметкерлері мен аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

- 2016 жылғы 12 тамыз күні Байқоңыр қалалық архивінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық Әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күресейік» тақырыбында семинар болып өтті.

-   2016 жылғы 24 тамыз күні  Конституция күніне орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ата Заң-тәуелсіздіктің негізі» атты көрме дайындалды. Көрмеге 1937 жылғы Бүкіл қазақтар кеңесінің «Қазақ ССР-нің Конституциясын бекіту туралы» төтенше қаулысы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы Заң, «ҚР Тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық  Заңын енгізу туралы қаулы, білім мекемелері мен ұжымдарында Қазақстан Республикасы Конституциясын кеңінен талқылап оқып үйрену туралы бұйрық, Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін насихаттау туралы ХХІ сайланған халық депутаттары облыстық Кеңесінің қаулысы, Қазақстан Республикасының Конституциясы , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандар туралы» жарлық,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы қысқаша мәлімет, Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы және суреттері іріктеліп қойылды.

- 2016 жылғы 25 тамыз күні Қазалы аудандық архивінің мәжіліс залында архив қызметкерлерінің, ауылдық округ мамандарының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Мұрағаттық анықтамаларды рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізілді.

- 2016 жылғы 26 тамыз күні Байқоңыр қалалық архиві қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақай ауылдық клубында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Ақай ауылдық мектептерінің ұстаздары және балабақша қызметкерлерінің, Ақай ауылдық клубының, Байқоңыр қаласының Әділет басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

- 2016 жылғы 29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Жалағаш аудандық сот ғимаратында аудандық архив қызметкерлері және БАҚ өкілдері арасында «Ата Заң – тұғырлы елдің тұмары» атты кездесу өткізілді.

- 2016 жылғы 30 тамызда  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні      мен Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толу мерекесіне орай архив қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Конституциясы айқындап берген міндеттердің қоғам алдындағы жағдайын және  «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» ақпараттарды кеңінен түсіндіру.

- 2016 жылғы 31 тамыз күні Қармақшы аудандық архивінде Қазақстан Республикасы Конституция мерекесіне орай «Ата Заң – алтын тұғырым» атты тақырыптық –экспозициялық көрме болып өтті. Көрмеге А. Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебінің оқушылары қатысты. Көрме 4 бөлімнен тұрды:

1)Ата Заң-азаттығымыздың  тірегі!

2)Рәміздер

3)Ата Заң-алтын тұғырым

4)Елбасы жолдаулары.

2016 жылдың шілде айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар

туралы мәлімет

 

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:

2016 жылдың шілде айында облыстық кітапхана 18 602 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 288 629 дана, келушілер саны 101 862. Кітапхананың жалпы кітап қоры 410 692 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 109 225 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана.

Кітапханада шілде айында 6 шілде – Астана күніне орай «Астана – әлем таныған қала» атты видео-саяхат, «Елімнің бақ ордасы – Астана» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы, «Ғылым мен техника жаңалықтарына зер салсақ...» атты кітап көрмесі, Қазақстанның халық артисі, КСРО-ның халық әртісі  Ермек Серкебаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  «Әлем тамсанған әнші» атты кітап көрмесі дайындалды.

 

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бойынша:

Қазақстанның Елордасы – Астана күні мерекесіне орай, Көркемсурет галереясында «Тәуелсіздік түндігі - Астана» атты мәдени іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға  Өнер мектебінің оқушылары, №268 және №2 «Мұрагер», №9 Н.Ілиясов атындағы орта мектептердің өнерлі оқушылары, сондай-ақ, қаламыздағы «Шұғыла» балабақшасы бүлдіршіндері мен жас өнерпаздар қатысты. Мереке жас суретшілер арасында болатын «Сүйікті қала - Астана» атты сурет салу  сайысымен басталып, оқушылардың өлең-жырлары, балабақша бүлдіршіндері мен жас өрен өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Астанамыздың туған күніне орай "Арай-Санрайз" балалар тынығу лагерінің оқушыларының назарына «Астана: Кеше және бүгін» атты фотокөрме ұсынылып, экскурсиялар жасалды.

Экскурсия барысында балалар қысқа мерзім ішінде «Ғасыр жобасына» айналған, әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойған Астанамыздың жетістіктері мен өрлеуі туралы кең мағлұмат алды. Көрмені 180 оқушы, 8 мұғалім тамашалады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына  орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің жас сарбаздарын Қызылорда облысының тарихымен таныстырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

2016 жылдың 25 шілдесінде қаладағы «Арай-Санрайз» балалар тынығу лагерінде демалушыларға музей қорындағы экспонаттардан Қызылорда облысының табиғаты, климаты және Сыр елінің тарихы, қолөнер шеберлерінің Сыр нақышына тән этнографиялық бұйымдардан «Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмені тынығушылар аса қызығушылықпен тамашалады. Көрмеге барлығы 200 оқушы қамтылды.

 

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы бойынша:

2016 жылдың 1 шілдесінде Әлшекей күйлерін насихаттау, жас күйшілердің қатарын көбейту мақсатында Жаңақорған ауданының «Ордакент» жастар және ардагерлер орталығында Әлшекей Бектібайұлының шығармашылығына арналған «Әуезді күйдің құдіреті» атты облыстық күйшілер байқауы болып өтті.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені жаңақорғандық С.Әбдуахат жеңіп алса, жүлделі І орынды Г.Кембилова /Жаңақорған ауданы/, жүлделі ІІ орындарды сырдариялық О.Дүйсенбаев және  жаңақорғандық Н.Ахметжановтар өзара бөліссе, жүлделі ІІІ орындарды Б.Аққалиев /Қармақшы ауданы/, Н.Әшімхан /Қызылорда қаласы/ жеңіп алды.

«Ерекше қағыс» номинациясымен жалағаштық А.Нұрдәулет марапатталды. Барлық өнерпаздар арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2016 жылдың 5 шілдесінде Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажайында Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері әнші-сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің әндерін орындаушылардың «Ақбаян» атты облыстық конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты – композитордың әндерін талапкер әншілердің репертуарына енгізу, халықтық нақышта орындаушы әншілерді насихаттау.

Конкурсқа Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласынан 15 өнерпаз қатысты. Конкурс ережесі бойынша 18-35 жас аралығындағы талапкерлер  Б.Байкенжеевтің 1 әнін орындады.

Қонкурстың қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының көркемдік жетекшісі – Рамазан Тайманов, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының бөлім меңгерушісі – Бағдагүл Есмұрзаева, Б.Байкенжеев атындағы шығармашылық мектебінің жетекшісі – Әбсұлтан Өтепбергенов болып жастар өнеріне баға берді.

Конкурс нәтижесі бойынша:

 Бас жүлде Әділбек Ержігіт /Жаңақорған ауданы/.

І орын Шүкіров Айбек /Жаңақорған ауданы/

ІІ орын Сембаев Айтуған /Арал ауданы/ және Сүлейменова Ақзираш /Сырдария ауданы/

ІІІ орын Өмірсерік Бисенбиев /Жаңақорған ауданы/  Әлиева Индира /Қызылорда қаласы/ иеленді. Жүлдегерлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

2016 жылдың 6 шілдесі күні қалалық мәдени және демалыс паркінде облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Елордасы Астана күніне орай «Асқақтай бер, Астана!» мерекелік шарасы болып өтті.

Мерекелік шарада Қызылорда облыстық филорманиясының әншілері, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінің өнерпаздары, «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің мүшелері және қаламыздағы ұлттық орталықтардың өнерпаздары өнер көрсетті.

Мерекелік шара барысында балалармен ойын ойналып, жеңімпаз атанған бүлдіршіндерге ойыншықтар таратылды. Балалар ойынына «Біз біргеміз!» қоғамдық бірлестігі демеушілік танытты.

 

Облыстық филармония бойынша:

4 шілде Тереңөзек ауданы «Жалын» балалар тынығу лагерінде, 9 шілде Жаңақорған ауданы «Тау самалы» балалар тынығу лагерінде, 10 шілде Жаңақорған аудан орталығында «Әдемі» балалар театр-студиясының «Мазасыз тиін» атты ертегі қойылымы болып өтті. Аталмыш ертегіде балаларды еңбексүйгіштікке, өжеттілікке тәрбиелеу көзделген. Сондай-ақ ертегі барысында кейіпкерлер балалармен тығыз байланыса отырып ойын ойнап бүлдіршіндерге керемет көңіл күй сыйлады.

5-6 шілде Қазақстанның Елордасы Астана күніне орай ұйымдастырылған қазақ халық аспаптар оркестрлерінің «Серпер» ІҮ республикалық фестивалінде облыстық филармонияның «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада жергілікті авторлардың төл туындыларымен қатар қазақ халық және әлемдік авторлардың да туындыларын орындады. Сондай-ақ оркестрдің сүйемелдеуімен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р.Ахметов, С.Байсейтовалар ән шырқады.

6 шілде филармония залында Қазақстанның Елордасы Астана күніне арналған «Ән көгі әсем Астана» атты мерекелік концерт болып өтті. Алты алаштың ардағы, жаңа ғасырдың жаңа қаласы Елордамыздың туған күніне арнап филармония өнер иелері ән әуелетіп, күй күмбірлетті. Атап айтар болсақ мерекелік кеште ҚР Еңбек сіңірген әртісі – К.Қалымбетова, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері - Ү.Медеуова, Н.Тілеулесова, Б.Найманов, О.Нұралиев, Н.Нұраддинова, Р.Ысқақова, Г.Бисекенова, Г.Әлиханова, И.Ахметова, Р.Үсенов әннен шашу шашса, А.Шағдатов, С.Ділдабаев, А.Жүсіпов күмбірлеген күймен көрермен ықыласына бөленді.

 

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

Қазақстанның Елордасы – Астана күні мерекесіне орай, 6 шілде күні театр сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Р. Отарбаевтың «Нарком Жүрегенов» атты тарихи драмасының қойылымы ұсынылды. Режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір – Темір Хұсейн Жүсіпұлы. Суретшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмаханов.

 

Облыстық архивтер бойынша:

2016 жылғы 12 шілдеде Шиелі аудандық архивінде архив қызметкерлері мен аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылғы 14 шілдеде Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінің ұымдастыруымен «Қызылорда облысының және қаласының құрметті азаматтары» тақырыбында көрме дайындалды. Көрмеге Қызылорда облыстық комитетінің  бірінші хатшысы Т. Есетов қоғам қайраткері С. Шаухаманов,  Компартия және еңбек ардагері С. Сейтов, Ғ.Жарқынбаев, ғалым-тарихшылар А. Айдосов, М. Киреев, еңбек сіңірген ұстаз М. Подольский, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы В. Пак, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігерлері С. Мақашева, Е. Омаров, Т. Маханов сынды азаматтардың өмірдеректері, марапаттау құжаттары, суреттері, кітаптары қойылды. Сонымен қатар, осы жылдың 15 шілдесінде «Мұрағаттық анықтама беруде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және оған қарасты филиал қызметкерлері қатысты.

2016 жылғы 15 шілдеде  Жаңақорған аудандық архивінде «Мемлекеттік қызмет бізге міндет» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімінің жауапты мамандары, ЗТМО департаменті Жаңақорған аудандық бөлімінің, архив және музей мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және қызмет алудың жолдарын талқылау.

2016 жылдың 22 шілде күні Қазалы аудандық архивінде «Қазақ елін әлемге танытқан спортшылар» атты көрме өтті. Көрмеге Лондон қаласында өткен 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері М. Вольнова мен Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері С. Нысанбаевтың жеке тектік құжаттарынан өмірбаяндары, медальдары, баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар, газет кітапшалар, сурет құжаттары, буклеттер қойылды.

Байқоңыр қалалық архивінде ағымдағы жылдың шілде айының 29 жұлдызында «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі, Ақпараттық есептеу орталығы акционерлік қоғамы Байқоңыр бөлімінің, «Жылжымайтын мүлік орталығы» департаментінің Байқоңыр қалалық бөлімшесі және архив қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа сенімді нық қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараның мақсаты- сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тұлғаларға осы тұрғыда құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.

 


2016 жылдың маусым айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

2016 жылдың маусым  айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана 11 085 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 150 624 дана, келушілер саны 53 640. Кітапхананың жалпы кітап қоры 408 396 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 108 189 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана. Кітапханада маусым айында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне «Табиғатты аялайық, Туған жерді бағалайық» атты экоақпарат, ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне «Ел рәміздері – ел рухы» атты лекция – концерт, №278 орта мектептің «Жаз самалы» күндізгі тынығу лагеріндегі балалармен «Зерек бала» зияткерлік сайысы, «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты ойын-сайыс, «Білімді мыңды жығар» атты ойын-сайыс, Алан Милнның «Винни - Пух әрі бәрі, бәрі, бәрі» кітабы бойынша ойын-мереке өткізілді.

2016 жылдың 2 маусым күні 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханада аудандық архив мекемесі мен аудандық кітапхана бірлесіп «Зұлмат жылдар жадымызда жаңғырады» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге архивтік құжаттар, мақалалар және кітаптар қойылды.

2016 жылдың 3 маусым күні Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: аса маңызды мемлекеттік белгілер-рәміздермен жан-жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткен мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.

2016 жылдың 14 маусым күні Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы теміржолшылар кәсіби одағы қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының жауапты мамандарымен «Істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру және мемлекеттік архивке өткізу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

2016 жылдың 15 маусым күні Қазалы аудандық архивінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қазалы аудандық бөлімінің жауапты мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында «Сыбайластыққа тосқауыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ал, 21 маусым күні Қазалы аудандық зейнетақы төлеу орталығы мамандарының қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және egov.kz порталы арқылы жүйелі жұмыс жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

2016 жылдың 17 маусым күні Арал аудандық архивінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Арал аудандық бөлімімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет беделі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2016 жылдың 29 маусым күні Жаңақорған аудандық архивінде «Еңбегімен елге танылған-ел ағалары» атты кездесу өткізіліп, оған аудандық архивтің зейнеткері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ауданның құрметті азаматы Р. Әділбеков, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі А. Бибасаров, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі сатирик, ақын Н. Елтай, ұлағатты ұстаз, республикалық, облыстық дәрежедегі марапат иесі Ү. Хасенова, үздік ұстаз С. Жұманұлы, Еңбек ардагері М. Ибраимов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Б. Байкенжеевтың ұлы Ә. Байкенжеев, Түгіскен совхозының механизаторы А. Наубаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә. Төлегенов, «Жаңақорған тынысы» баспасының тілшісі Қ. Ерубай және №163 орта мектебінің түлектері мен архив қызметкерлері қатысты.

Арнаулы кітапханада жоспар бойынша Балаларды қорғау күніне орай «Балалар біздің болашағымыз» атты өлкені таныстыру мақсатында балалармен облыстық музейге саяхат, «Ел Рәміздері – Тәуелсіздік айғағы» атты ақпарат сағаты, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» атты кітабына талдау, «Елдік пен еркіндіктің жыршысы» атты кітап көрмесі, «Нашақорлық қоғам дерті» атты дауыстап оқу, «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» атты оқушылар арасында дебат, «Біз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты «Сырласу» клубының кездесу кеші, «Дін ислам тазалыққа бастаушы жол» атты мешіт имамымен кездесу кеші өткізілді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабакша бүлдіршіндеріне Ақмешіт музейін таныстыра отырып «Мен музейде не көрдім?» атты экскурсиялық сабақ жүргізілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығымен Көркемсурет галереясының бірлесуімен «Әлем балалар көзімен» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қорқыт Ата кешенінің амфитеатрында «Әлем балалар көзімен» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

4 маусым – ҚР Рәміздер күніне орай «Еліміздің Рәміздері – тәуелсіздік белгісі» тақырыбында көрме ұйымдастыру, тақырыптық экскурсиялар жүргізу.

4- маусым Рәміздер күніне орай Қармақшы аудандық ішкі істер қызметкерлерімен «Туым – тұғырым, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – айбыным» атты кездесу ұйымдастырылды. Келушілерге музей экспозициясы таныстырылды.

Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай Көркемсурет галереясында «Асыл мұрамыз» тақырыбында жас суретшілер арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған елімізге әйгілі суретшілер Әбілхан Қастеевтің, Г.Хлудовтың, Г.Исмайлованың, А.Ғалымбаева сынды және Қазақстан бейнелеу өнері өзіндік үлес қосқан жергілікті қылқалам шеберлерінің қолынан шықан туындыларынан  ЗК/1695 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандарға ел арасында танымдық жұмыстарды өрістету, ұлттық құндылықтарымыз бен мұраларымызды келешек ұрпаққа жеткізіп, елдің  санасына патриоттық қөзқарасты қалыптастыру бағытында  жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

«Арай-Санрайз» балалар тынығу лагерінде демалушыларға музей қорындағы экспонаттардан Қызылорда облысының табиғаты, климаты және Сыр елінің тарихы, Сыр нақышына тән  қолөнер шеберлерінің асыл бұйымдарынан «Бабалар мұрасы ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.      

Облыстық музей қорында сақталған этнографиялық және археологиялық бұйымдардан ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандарға ел тарихынан мағлұмат беру, патриоттық сезімдерін күшейту, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында «Сыр елінің тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Жас ұрпақты «Елтану» бағдарламасы аясында, Отансүйгіштікке баулу, шежірелі Сыр елінің тарихын насихаттау мақсатында «Жасұлан» ұйымының мүшелерінің және ұстаздарының қатысуымен Қорқыт Ата кешеніне және  ғарыш көкке қақпа болған Байқоңыр қаласына «Тарихы тұнған шежіре» атты тарихи танымдық экскурсия жасалды. Экскурсия барысында жас жеткіншектерге Түркі әлемі түгел кие тұтқан Қорқыт бабаның мәңгілік мекені, ондағы және кешен жанындағы Қорқыт Ата музейі, сондай-ақ, Байқоңыр қаласындағы "Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы" музейі экспозициясы таныстырылды.


2016 жылдың мамыр айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

Кітапханада мамыр айында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші, Илья Жақановтың 80 жасқа толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты саз кеші, «Мәңгілік Жеңіс» республикалык акциясы аясында «Мәңгілік ұмытылмас отты жылдар» атты сазды-поэтикалық кеш, «Тілім менің- тұтастығым, елдігім» атты әдеби кеш, «Менің Отаным - Қазақстан» атты әдеби ертеңгілік, Олжас Сүлейменовтің  80 жылдығына арналған әдеби кеш, «Суицид – қасіреттің қара түнегі» атты жастармен пікірталас, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Полигон жаңғырығы» атты дөңгелек стол, «Дін жолында адасу» атты видео – лекция, «Кітаптар патшалығындағы мереке» атты оқырман қатарына қабылдау мерекелік шарасы өткізілді.

11 мамыр күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде ХҮІІІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өтті. Байқау вокал, хореография, халықтық орындау жанрларын қамтыды. Облыстың барлық аудандары мен Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан байқауға 600-ден аса өнерпаздар қатысты.

Байқаудың мақсаты халық арасынан таланттарды тауып, жас есімдердің танылуына мүмкіндік жасау, өнерін кеңінен насихаттап, шеберлігін шыңдау.

2016 жылдың 3 мамыр күні Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8,9 сынып оқушыларына 1941-     1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы «Тыныштық аманатын ақтағандар» атты сабақ өткізілді.

2016 жылдың 4 мамыр күні Қармақшы аудандық архивінде С. Есқараев атындағы №27 мектебінің оқушыларына «Ардагерлерді аялайық» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс кезіндегі суреттер, кітаптар, медальдар қойылды.

2016 жылғы 4 мамыр күні Сырдария аудандық архивінің ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың оқу залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Т.Әбілдаұлының жеке тектік құжаттарынан «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты көрме болып өтті.

2016 жылғы 4 мамыр күні Шиелі аудандық архивінде Жеңіс күніне орай «Айтары көп майдангер» атты архив қызметкерлері мен №50 Абай атындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

2016 жылы 5 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен №9 дарынды балаларға арналған облыстық Қазақ-түрік лицей-интернатында майданда да, тылда да  қайрат жігердің үлгі өнегесін көрсеткен соғыс және еңбек ардагерлерімен «Жеңіспен оралғандар» атты кездесу мен үш бөлімнен тұратын «Тылдағы еңбек пен ерлік», «Ер есімі ел есінде», «Ерліктің жарқын беттері» атты көрме және де «Батырлық пен ерлікті дәріптейміз» атты сабақ өткізілді.

Ұлы жеңістің 71 жылдығына орай Байқоңыр қалалық архивінде 2016 жылдың 5 мамырында соғыс ардагері, «Қызыл жұлдыз» және көптеген медальдардың иегері Қ. Жарманов, «Байқоңыр баланс», «Жылжымайтын мүлік орталығының» және де архив қызметкерлерінің қатысуымен «Етігімен қан кешіп-ауыздықпен су ішкендер» тақырыбында кездесу өткізілді.

Қармақшы аудандық архивінде 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері Қ. Бисембаевпен «Жеңіс жолымен» атты кездесу өткізілді. Ардагер соғыс кезіндегі ерліктері туралы естеліктер айтып, медальдарымен таныстырды.

5 мамыр күні Сырдария аудандық архивінде «Желбіре, жеңіс жалауы» тақырыбында соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді.

2016 жылдың 6 мамыр күні  Арал аудандық №220 орта мектебінің оқушылары Арал аудандық архиві ұйымдастырған Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына арналған сабақ, көрме және экскурцияға қатысты.

2016 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай Қазалы аудандық архивінде «Қан майданның куәгері» атты соғыс ардагері Ш. Абдуллинмен кездесу өткізілді.

2016 жылғы 6 мамыр күні Жалағаш аудандық архивінде  өзге ұлт өкілдерімен және кәсіпкерлердің қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлтымның татулығы-елімнің тұтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел және 11 мамыр күні «Ерлерді танымай, елдігімді танымаймын» атты соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді.

13 мамыр күні Байқоңыр қалалық архивінде толықтыру көзіне енген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен «Ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу мен номеклатура құрастыру тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

2016 жылғы 17 мамырда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы мекеме басшыларының, архив ісіне жауапты мамандарының қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының қоғамдық – саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен

20 мамырда Қазақ Гуманитарлық заң және техникалық колледжінің мәжіліс залында 31 мамыр «Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Саяси құғын-сүргін құрбандары: Ұлт болашағының жанашырлары» атты көрме, экскурсия және дөңгелек үстел өтті.

30 мамырда Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты архив мекемелерінің ұйымдастыруымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: Ұлт болашағының жанашырлары» атты көрме мен Қазақстан Ассамблеясы хатшылығы  мен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті.

9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай облыстық музейде №15 мектеп лицейі оқушыларының қатысуымен «Ерлік рухы сөнбейді» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізіліп, лекция оқылды.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай №268 мектеп оқушыларының қатысуымен облыстық музейде «Отанды қорғау – борышым» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ақмешіт музейінде Ұлы Отан  соғысына қатысып ерлік көрсеткен жергілікті соғыс және еңбек ардагерлерімен «Батырдың өшпес өнегесі» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай №183 Ү.К. Томанов  атындағы мектеп оқушыларына музей қорында жинақталған экспонаттардан «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты көрме ұйымдастырылды.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні – 2016» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, ашық есік  күні жарияланды. Келушілерге музей залдары бойынша тақырыптық және шолу экскурсиялары жүргізілді.


Облыстық мәдениет, өнер басқармалары бойынша 2016 жылғы наурыз айында өткізілген іс-шаралар:

 

Облыстық филармония бойынша  наурыз  айында  барлығы  30 концерт өткізіліп, оған  15 080  көрермен қамтылды. Оның ішінде  өзге облыстар мен елді мекендерде  ақылы негізде  11  гастрольдік сапар  және 5 қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

          Өткізілген шаралардың  басым көпшілігі Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналды.  Атап айтқанда  8 наурыз күні облыстық филармония концерт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мейірімі Мекке аналар» атты мерекелік концерт, 16 наурыз күні көзі нашар көретін балаларға арналған интернат үйінде 22 наурыз мейрамы аясында облыстық филармония өнер иелерінің «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті және Сыр елі өнер иелерінің бірегейі, облыстық филармонияның белді әншісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ү.Медеуовамен кездесу кеш ұйымдастырылды. 21 наурыз сағат 10.00-де ЗК 169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Ұлыстың Ұлы  күні Наурыз мейрамына арналған «Рауан ұлыс, ырыс күн» атты қайырымдылық концерті өтті.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Наурыз мерекесі орай  24-29 наурыз аралығында Ресей федерациясының Орынбор қаласы мен  Беляевка, Первомайск аудандарында  және облысаралық шығармашылықты дамыту мақсатында жасалған Меморандумға сәйкес Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында және Сырым, Перемётка аудандарында гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды.

 «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен 20-26 наурыз аралығында  Түркия мемлекетінде  және 27 наурыз- 3 сәуір аралығында Америка Құрама штатының Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында Түркі тілдес елдердің  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде  Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында  «Томирис» би ансамблі өнер көрсетті.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша:         2016  жылдың наурыз  айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана 11 085 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 150 624 дана, келушілер саны 53 640. Кітапхананың жалпы кітап қоры 414 613 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 106 854 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана.

         Облыстық кітапханада наурыз айында  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Ана жыры - көктем нұры» атты әдеби-сазды кеш, «Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару нұр көктем» атты мерекелік кеш, Д.Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай «Күй анасы» атты танымдық әңгіме, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тарихы терең халықпыз» атты брейн-ринг, славян халқының дәстүрлі қысты шығарып салуға арналған «Масленица» мерекесі, «Наурыз-думан» атты мерекелік кеш, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік   университетінің  «Жерге орналастыру» факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ақпарат күні өткізілді.

Облыстық музей бойынша: Халықаралық  әйелдер  күніне  орай «Өнерлі  қыз - өнегелі  Ана»  атты  аудандық  мектеп  оқушы  қыздардың  декаративтік  қолданбалы  өнер  көрмесі  ұйымдастырылды.  Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде конструкциялық материалдарды көркемдеп өңдеу жолдарына түсінік беру.

Мақсаты:  Жастарды рухани проблемаға тарту, шығармашылықтың көп қырлығын көрсету, ұлтаралық мәдени байланыстарды сақтау және нығайту. Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы-тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де,ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.


2016 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

29 ақпан күні сағат 11.00-де Ардагерлер үйінде 1 наурыз-Алғыс күніне  арналған «Ықылас, пейіл, мәртебе» атты облыстық филармония өнер иелерінің қайырымдылық концерті болып өтті. Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухамановқа берілді. Әрі қарай концерттік бағдарламаны К.Дүйсекевтің «Сәлем, саған туған ел» әнімен Б.Найманов жалғастырды. Сонымен қатар аталмыш концертте филармония әртістері Р.Ысқақова, Ж.Жүсіпов, Н.Тлеулесова және дәстүрлі орындаушылар – Б.Қарғабаев, М.Бекпейсов, М.Сүгірбай, Ә.Қуаңбаевтар өнер көрсетті. М.Іскендіров пен Б.Күзембаевтар күмбірлете күй тартып қазыналы ардагерлерімізге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекелік шара облыстық және республикалық «Хабар» телеарналарына түсірілді.

2016 жылдың ақпан  айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы 10 580 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 148 565 дана, келушілер саны 51 367. Кітапхананың жалпы кітап қоры 407 662 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 107 653 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана.

Облыстық кітапханада ақпан айында «Тәжібаев оқулары» аясында «Ой деген бір мұхит қой түбі терең.» атты жыр кеші, «Қосып Сырға сағынышын ақынның, Жүзіп келе, жүзіп келе жатырмын» атты сайыс, «Ә.Тәжібаев және қазақ әдебиеті» атты оқырмандар конференциясы, М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ жырының хантәңірі» атты әдеби-әуенді кеш, «Рәміздерім-мақтанышым» атты патриоттық сағат, Ж.Жабаевтың 170-жылдығына арналған «Жыраудан қалған жауһар сөз» атты  әдеби кеш, «Жемқорлық-іңдет, жою-міндет» атты пікірталас, «Тәуелсіз ел ұланымыз» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

2016 жылы ақпан айында 11 спектакль  сахналанды, яғни 5 драмалық, 3 жастар труппасының және 3 балаларға арналған қойылым.

5 ақпан күні театрымыздың жастар труппасы Р. Отарбаевтың "Қандыөзек" трагедиясын ұсынды. Қойылымда нашақорлардың өмірі көрсетілді.

10 ақпан күні театр сахнасында Т. Ахтановтың «Ант» трагедиясы қойылды. Спектакльде қазақтардың Ресей империясына қосылу кезеңі суреттеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   12 ақпан күні театр сахнасында Иран-Ғайыптың «Қорқыт» атты тарихы драмасы көрерменге ұсынылды. Спектакльде атақты бабамыздың өмірбаяны суреттеледі.

13 ақпан күні театрымыздың кішкентай көрермендеріне С. Қасымбектің «Қиял қуған Зу көжек» спектаклінің премьерасы ұсынылды. Спектакльде кішкентай көжектің саяхаттары туралы суреттеледі.

 25 ақпан күні театрымыздың жастар труппасы С. Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясы ұсынылды. Спектакльде тек қыздардан құрылған топтың қызықтары суреттеледі.

 26 ақпан күні театр сахнасында О. Бодықовтың «Нартай» драмасы қойылды. Спектакльде атақты ақынның өмірбаяны суреттеледі.

 Сонымен қатар театрымыздың жанынан құрылған «Нартай бүлдіршіндері» қуыршақ тобы ақпан айында «Жұлдыз», «Балнұр-Орда», «Самал», «Сарыарқа 2», «Сыр бөбегі», «Еркемай» балабақшарында және №11, №187, №235, №253 мектептерінде болып, балаларға «Қаңбақ шал», «Тоқта, сақтан жол ашық» және «Тапқыр бұзау» қойылымдарын ұсынды.

2016 жылдың ақпан айында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы 3 мәдени-көпшілік шарасын өткізді. Атап айтар болсақ, ұлттық өнерде өзіндік орны бар Рысбек жыраудың шығармалары мен мақам-саздарын халық жадында жаңғырту сонымен бірге қайталанбас өнер иесінің мұрасын насихаттау, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында 11-ші ақпан күні Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет Үйінде белгілі жырау, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Рысбек Әшімовті еске алуға арналған «Рухты жырдың Рысбегі...» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі, 23 ақпан күні сағат А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты суретшілер көрмесі және «Мәңгілік мәртебесі – Тәуелсіздік» атты театрландырылған қойылымдардың облыстық байқауы, 25 ақпан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде жастар мен студенттерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Облыс көлемінде  аталып өтілетін шараларға талапты  жастарды тарту. Көркемсөз жанрын, жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, концерт жүргізушілікке  бейімдеу мақсатында  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Маржан сөз қоңыр үн» атты концерт жүргізушілер мен конферансьелердің  конкурсы  өткізілді.

2016 жылдың қаңтар айында облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйі және олардың қорғалу мәселелері» атты семинар өткізілді. Семинарға Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ж.Нұржақыпова, мекеме қызметкерлері мен ескерткіштер жөніндегі аудандық  бөлімдердің мамандары қатысты.  Семинар барысында 2015 жылдың есебі мен 2016 жылдың жоспары және облыс көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында мекеме қызметкерлері мен аудандағы мамандар басқарма басышысының  алғыс хатымен марапатталды.

 

2016 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

Облыстық филармония бойынша қаңтар айында барлығы 3 концерт өткізіліп, оған 350 көрермен қамтылды. Оның ішінде елді мекенде ақылы негізде 2 гастрольдік сапар ұйымдастырылды.

29 қаңтар күні сағат 18.00-де облыстық филармония концерт залында күйші, композитор Д.Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған «Күй тәңірдің күмбірі» атты күйшілер концерті болып өтті.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бойынша: 2016 жылдың қаңтар айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 10 580 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 148 565 дана, келушілер саны 51 367. Кітапхананың жалпы кітап қоры 407 662 дананы құрады, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 107 653 дана. Электронды кітаптар саны 417 дана.

Облыстық кітапханада қаңтар айында «Жаңа жылдық жұлдыздар шашуы» атты мерекелік думан кеші, «Тамаша, тамаша, күн туылды жаңаша» атты балалар ертеңгілігі, «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым – Мәңгілік ел» кітап көрмесіне шолу, «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты  кітап көрмесі, педагог-ғалым, ақын, балалар жазушысы Әдібай Табылдиевтың 90 жылдығына орай «Жыр-өмір» атты әдеби кеш, «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара және Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Мұхамеджанов пен «Адамзаттың Айтматовы» атанған Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу» шығармасына арналған әдеби шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Облыстық музей бойынша: Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық–көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек.

 2016 жылдың Қайырымдылық жылы аясында тумысынан тағдырдың ащы дәмін татқан балаларға қуаныш, шаттық сыйлау мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарына облыстық музейдің Ақмешіт филиалының залдары бойынша «Ашық есік» күнін жарияланды.

2016 жылы 26 қаңтарда сағат 15-00 де Көркемсурет галереясында «Қайырылымдылық – жылы жүректен» Республикалық акциясы аясында Қызылорда облысының №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп интернаты балалары арасында «Мен өмірді сүйемін» атты сурет салу байқауы өтті.

Мақсаты: Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ең бастысы қоғаммен тығыз байланыс орнату. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға оларға қоғам мүшесі екендігін ұғындыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен балалар жұмыстарына жеке тоқталып, жүлделі орындар белгіленіп, алғыс хатпен марататталды. Балаларға байқаудың демеушісі болған «Жігер» Қызылорда спортшы мүгедектер қоғамы бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық–көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек.

2016 жылдың Қайырымдылық жылы болып жариялануына орай облыстық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музей қорындағы құнды экспонаттары мен құжаттардан Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту, Шежірелі Сыр елінің  тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы толық мағлұмат беру мақсатында Қарттар үйі ардагерлерінің назарына «Ұлт тарихы – ұлы мұра» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар саны 130 ардагер.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы аясында Қызылорда қаласындағы КГУ және Болашақ студенттері мен ұстаздарының қатысуымен «Елбасы жолдауы – халықтың қолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын жастар арасында насихаттау, түсіндіру. Қатысушылар саны 30 адам.

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры бойынша:

2016 жылы қаңтар айында 4 спектакль  сахналанды, яғни 2 драмалық, 1 жастар труппасының және 1 балаларға арналған қойылым.

26 қаңтар күні театрымыздың жастар труппасы Р. Отарбаевтың "Двойник" комедиясын ұсынды. Қойылымда бүгінгі күннің басты мәселелері - сыбайлас жемқорлық         пен алаяқтыққа қарсы күрес көрсетілді.

27 қаңтар күні театр сахнасында Ә. Ақпанбетұлының «Түнгі көбелек» драмасы қойылды. Спектакльде қазіргі кездегі жеңіл жүрісті қыздардың өмірі суреттеледі.

29 қаңтар күні театр сахнасында Иран-Ғайыптың «Жалаңтөс Баһадүр» атты тарихы драмасы көрерменге ұсынылды. Спектакльде атақты батырдың өмірбаяны суреттеледі.

30 қаңтар күні театрымыздың кішкентай көрермендеріне Е. Шварцтың «Күлшеқыз» спектаклі ұсынылды. Спектакльде әйгілі «Күлшеқыздың» өмірбаяны суреттеледі.

 

2015 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмешіт музейінде Елбасының тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігін, еңбек жолын насихаттау мақсатында «Ерен Елбасы - кемел көшбасшы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  Көрмені  «Нұр Отан»  партиясының мшелері, қала тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.

Ата-бабамыздың тұнық судай сақтап келген өнері мен мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар  және құжаттама басқармасының  қолдауымен  2015 жылдың 8-ші   желтоқсанында Жыр өнерінде өзіндік мақам-саз қалыптастырған белгілі жырау Сәрсенбай Бөртебайұлының 115 жылдығына арналған «Сыр сүлейі-Сәрсенбай» атты жыр кеші өтті.

             Жыр мерекесіне Ақтөбе облысынан белгілі жырау Демеубай Жолымбетов және Сыр еліндегі жыр мектептерінің өкілдері Шолпан Бимбетова, Серік Жақсығұлов, Нұртілек Ақтаев, Айбек Тәңірбергенов, Марат Сүгірбаев, дәсүрлі жыр өнерін насихаттап жүрген  жас жыршы-жыраулар сонымен бірге Сәрсенбай жыраудың ұрпақтары қатысты. Сондай-ақ жыр кешінде жыраудың халық арасында таныла қоймаған терме-толғаулары орындалды.

2015 жылдың 10-желтоқсаны күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде ақын, сыншы, аудармашы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Жарасхан Әбдірашұлын еске алу кеші болып өтті. Кеш арнайы дайындалған «Мен, даланың ұлымын» атты деректі фильмімен басталып, облыс әкімі Қ. Көшербаев ашылу сөзін сөйледі. Кешке ақынның жұбайы Назгүл Мергенбаева, ұлы Рүстем Әбдірашев және немерелері қатысты. Ақынның қаламдас замандастары атынан «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, Ақын-сатирик, «Ара» журналының бас редакторы Көпен Әмір-Бек еске алу сөзін сөйледі.

Сыр оқырмандары оның шығармашылығынан өлеңдер оқып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен бірге, Арал ауданының орталығындағы №64 орта мектебінде ақынның ескерткіш-бюсті ашылды.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Акмешит музейінде Тәуелсіздікті жырлау, Елбасының еңбегін насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік – қазағымның сан ғасырлық арманы» атты фотокөрме ұйымдастырылды

көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

            Көркемсурет галереясында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, №101, М. Шоқай атындағы №187 және «Парасат» мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен, желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына  еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында  «Елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында тарихи-танымдық кеш  ұйымдастырылды. Қатысушылар саны 50-ден аса көрермен. Шараға бұқаралық ақпарат  өкілдері қатысты.

Желтоқсанның 23 жұлдызы күні балаларға арналған Е. Шварцтың «Күлшеқыз»  жаңа жылдық спектаклінің прьемерасы болып өтті. Жаңа жылдық ертегі кішкентай көрермендердің көңілінен шықты.

2015 жылдың 26 желтоқсаны күні облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қ. Көшербаевтың жыл үздіктерін марапаттау кеші болып өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы жұртшылықты табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтар мен азаматшаларды марапаттады.

Осындай құрметке бөленгендер қатарында Александр Зайчиков «Жыл спортшысы», Асхат Кенімбаев «Озат шопан», Бауыржан Халданов «Жыл құтқарушысы», Толқын Қабылша «Үздік журналист», Мінәжадин Өтеев «Жыл меценаты», Мырзахмет Жуасбаев «Жылдың үздік энергетигі», Расул Ысқақов «Жылдың үздік құрылысшысы», Жалғасбай Оразұлы «Жыл мұнайшысы», Ринат Тимербулатов «Үздік теміржолшы», Кеулімжай Ботабаев «Мәдениет майталманы», Бибігүл Әбдірасылова «Жыл ұстазы», Гүлнәр Қазбекова «Үздік әлеуметтік қызметкер» және тағы басқа да азаматтар болды. Марапат иелеріне арнайы дипломдар табыс етіліп, сый-сияпат көрсетілді.

Салтанатты жиында өнер ұжымдарының мерекелік бағдарламасы сахнаның көркін келтірді.

2015 жылдың қараша айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымы театрдың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында, 4-8 қараша күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласына гастрольдік іс-сапармен аттанды. Жұмат Шанин атындағы қазақ Академиялық драма театрының сахнасында шығармашылық ұжым 4 қараша күні Иран-Ғайыптың «Қорқыт» драмасымен гастрольдік іс-сапарын ашылса, 7 қараша күні Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясымен жабылады. Сонымен қатар, Дулат Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасы 5 қараша күні және Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалы комедиясы 6 қараша күні көрермен назарына ұсынылады.

                                               

Найманов, Б.Кәкімнің біріккен концерті болып өтті. Сырлы сезімге толы бұл кеште Сыр елінің эстрада жұлдыздары, бірнеше конкурстардың лауреаттары Б.Молдабергенов, Г.Әлиханова, Б.Найманов, Б.Қоқымбаевалар әуелете ән салып көрермен ықыласына бөленді.

7 қараша күні сағат 18.00-де облыстық филармония концерт залында «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің концерті болып өтті. Аталмыш концерт ансамбль әншісі Тәуекел Әділханның орындауындағы К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел» әнімен ашылды. Әрі қарай ансамбль шетел және қазақ халық композиторларының шығармаларын көрерменге тарту етті. Сонымен қатар ансамбльдің сүйемелдеуімен филармония әншілері Б.Молдабергенов, Р.Үсенов, Г.Бисекеновалар ән шырқап көрерменге көтеріңкі көңіл сыйлады.

11 қараша күні Айдарлы елді мекенінде дәстүрлі орындаушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ш.Тілеулесов пен «Мәдениет саласының үздігі» Г.Нұржанованың «Тал бесікпен тербетілген текті өнер» атты отбасылық концерті өткізілді.

12 қараша күні облыстық филармония концерт залында бүгінгі күнде әлемнің басты қауіпті мәселесі «Терроризм» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» сауаттылықтарын ашу, онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдау мақсатында «Қалмұхамед Ишан» мешітінің бас имамы Н.Ш. Әбжанов, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Н.С Ахметов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің консультанты Қ. Әбдрамановтың филармония қызметкерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шара барысында кеш қонақтары тақырыптық баяндамалар оқып, слайдтар көрсетіп өз ойларын ортаға салып, ақыл-кеңестерін берді. Сонымен қатар қызметкерлер сала мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды.

Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры қараша айының 13-14 күндері 60 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өтті. 13 қараша күні О. Бодықовтың «Нартай» спектаклі ұсынылды. Сонымен қатар, театрдың меретойымен қатар келген көркемдік жетекші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х. Әмір-Темір мен бас суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері С. Пірмахановтың 75 жылдық мерейтойлары да қоса тойланды. Іс-шара барысында бағдарлама бойынша ең алдымен театрдың 60 жылдығына арналған «Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына – 60 жыл» атты кітаптың, «Алпыста алған асулар» атты деректі фильмнің тұсаукесерлері өтті. Сондай-ақ, театр тарихында тұңғыш рет театрдың арнайы музейі ашылды. Онда театр тарихынан сыр шертіліп, Қазақстанның халық артистері Ш. Бәкірова мен С. Шотықовтың киген костюмдері, пайдаланған заттары қойылды. Өнер қайраткерлерінің қатысуымен 60 жылдық мерейтойға арналған пресс-конференция өткізілді. Мерейтойларға арналған мерекелік кеш болды. Облыс әкімі, облыс театрларынан келген қонақтар мен өнер майталмандары аталмыш кешке қатысты. Кеште театр қызметкерлері, шығармашылық ұжым түрлі марапаттарды иеленді.

2015 жылдың 14-қарашасы күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жылының аясында өзге ұлт ардагерлері мен өнерпаздарының «Жүзі бөлек, жүрегі бір, өнер ортақ» атты өнер фестивалі болып өтті. Әрбір ұлттың сан ғасырдан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ізгі мұраларын және саяси мәдени құндылықтарын, әрбір ұлт өнері мен өнегесін сақтау, оны жас ұрпақ бойына сіңіру, ардагерлердің шығармашылығы арқылы жастарға адамгершілік, патриоттық, ұлттық эстетикалық тәрбие беру, өнерлі ардагерлерге қолдау көрсету мақсатын көздеген фестивальға аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен өткен 60-тан астам өнерпаз қатысып, бақ сынасты. Талапкерлер ән салу, өзге халықтар биі, ансамбльдік орындаушылық сынды 3 кезең бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен ән номинациясы бойынша:

І орын – Т. Скрипкина. Шиелі ауданы

ІІ орын – Татар этно-мәдени орталығының өнерпазы Р. Смаханова. Қызылорда қаласы

 ІІІ орын – Славян этно-мәдени орталығының өнерпазы Н. Ленева

Өзге халықтар биі:

І орын – Славян этно-мәдени орталығының өнерпаздары. Қызылорда қаласы

ІІ орын – Татар этно-мәдени орталығы өнерпаздары. Қызылорда қаласы.

ІІІ орын – Сырдария аудандық Корей этно-мәдени орталығының өнерпазы С. Пак пен қалалық Корей этно-мәдени орталығы өнерпаздары өзара бөлісті.

Ансамбльдік орындаушылық өнері:

І орын – «Сударушки» вокалдық ансамблі. Славян этно-мәдени орталығы. Қызылорда қаласы.

ІІ орын – «Сандуғаш» вокалдық ансамблі. Татар этно-мәдени орталығы. Қызылорда қаласы.

ІІІ орын – Сырдария аудандық «Достық» вокалдық ансамблі иеленді.

Сонымен қатар, дуэт, трио, квартет болып ән салу жанры бойынша:

І орын – Корей этно-мәдени орталығы. Қызылорда қаласы.

ІІ орын – Шиелі ауданы өнерпаздары

ІІІ орын – Қазалы ауданы «Бірлік-Единство» этно-мәдени қоғамдық келісім бірлестігінің өнерпаздарына бұйырды.

Қатысқан өнерпаздар ынталандару сый-ақыларымен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық ардагерлер кеңесі атынан арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

2015 жылдың 17 қарашасы күні облыстық Н.Бекежанов атындағы  музыкалық драма театрында Соцалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, даңқты диқаншы С.Жұмабекованың 80 жылдық  мерейтойына орай «Сыр анасы – Сәлима» атты салтанатты шара өтті. Мерейтой С.Жұмабекқызының екбек жолындағы өмірі жайлы арнайы дайындалған 10 минуттық фильмнен бастау алды.

Кеште Елбасы Н. Назарбаевтың Еңбек еріне жолдаған құттықтау хатын аймақ басшысы Қ. Көшербаев жұртшылық алдында оқып, мерейтой иесіне табыстады. Сонымен қатар, автокөлік кілті мен сый-сияпатын және Қызылордадағы Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған күріштің жаңа сортына Сәлима Жұмабекованың есімі беріліп, арнайы серификатын табыс етті.  

Батыр ананың 80 жасқа толған мерейтойына ҚР Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков құттықтау хаттар жолдады. Мерейтой иесіне өзі туып өскен Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов,  облыстық мәслихат депудаты, «Жаңажол» ЖШС-нің төрағасы Қ.Әбішев, Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры С.Өмірзақов ізгі лебіздерін жеткізді. Кеш соңы мерейтой иесінің құрметіне арналған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

2015 жылдың қазан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

2015 жылдың 8 қазан күні Тараз қаласында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған мәдени шарада Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында облыстық филармония әртістері гастрольдік сапарда болды. Аталған концертте  «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, жыршы- термешілер Ә.Мақсатбаев, Ш.Бимбетова, Б.Төлеубаев, М.Сәрсенбаевалар Сыр сүлейлерінің жыр-жаухарларын шашса,  классикалық және эстрадалық  орындаушылар С.Байсеитова, Ж.Жүсіп, «Тұран» триосы, Н.Нұраддинова, И.Ахметова, Н.Тілеулесова,О.Нұралиев және т.б өнер иелері Сыр елінің өнерін мәртебелеп қайтты.

                                              

10 қазан күні орталық алаңда өткізілген «Жарқын болашақ-дені сау ұрпақ қолында» атты жастар музыкалық фестивалінде «Томирис» би ансамблі және филармония әншілері Б.Молдабергенов пен И.Ахметовалар өнер көрсетті.

2015 жылдың 12 қазаны күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «Өздерің білер Нартаймын» атты республикалық әншілер конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты – Н.Бекежановтың ән мұрасын кеңінен насихаттау арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жас орындаушылар шеберлігін шыңдау, дәстүрлі орындаушылық өнерді дамыту.

Конкурсқа Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарынан және Астана, Алматы, Семей қалалары мен Сыр елінен 22 дәстүрлі әншілер қатысты.

           Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар дипломмен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталды

                                              

13 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр елінің мәдени өміріне белсене араласып, мақтанына айналған бірден бір өнер ұжымы «Тұран» триосының шығармашылығын қала тұрғындарына паш ету, мәдени іс-шараларға  қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ажары күннің әнімде» атты «Тұран» триосының ағымдық концерті өткізілді. Концерт барысында «Томирис» би ансамблі және халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, жас әнші Б.Молдабергенов өнер көрсетіп көрерменнің ризашылығына бөленді.

                                               

15 қазан күні «Мәңгілік ел–мәңгілік өнер» атты Қызылорда облыстық филармониясының 43-ші маусымдық ашылу шарасы аясында өнер майталмандарының қатысуымен брефинг өткізілді. Сонымен қатар, сағ:15.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Н.Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Нартай нақыштары» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті және өнерімен  өрбіген  облыстық филармонияның өз ғимаратында сағ:18.30- да облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен  камералық оркестрдің классикалық концерті өтті. Аталған концертте Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының  студенттері Дархан Қуанов, Кәмила Қарашева, Тамила Умарханова, Меруерт Тұрсынбековалар және Сыр сандуғашы С.Байсейітова, классикалық орындаушылар Ж.Жүсіпов пен А.Ораз өнер көрсетті.

                                               

                                               

16 қазан күні облыстық филармония залында бірнеше халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары, Сыр елінің ғана емес қазақ өнерінің жалауын көкте желбіреткен  әншілер Индира Ахметова мен Гаухар Бисекенованың концерті өткізілді. Концертке сонымен қатар «Томирис» би ансамблі, филармонияны жеке бишісі Г.Абитов және қос әншінің  өнердегі әріптестері О.Нұралиев, Р.Үсенов, Ж.Жүсіповтер өнер көрсетіп көрермен ықыласына бөленді.

                                             

21 қазан күні қазақ хандығының 550 жылдығына орай Т. Ахтановтың «Ант» спектаклінің премьерасы қойылды. Спектакльде қазақтардың Ресейге қосылу кезеңі суреттеледі. Спектакльді қойған режиссер Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай Жаманқұлов.

                                             

2015 жылдың қазан айының 23 жұлдызында Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Ақындар айтысына еліміздің өңірлерінен қатысқан 16 ақын / Айбек Калиев, Мухтар Ниязов, Асем Ережекызы, Жансая Мусина, Сұлтанхан  Мейірбек  және т.б/ өнерсүйер қауымды өрелі ой, терең толғамдарымен тәнті етіп, рухты жырымен сусындатты.

Шараның мақсаты - тарихи тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық пен ерлікке тәрбиелеу.

Айтыс қорытындысында бойынша Бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов жеңіп алса, жүлделі І орынды Шымкенттік Нұрлан Есенқұлов, жүлделі ІІ орынды Орал қаласынан келген Жансая Мусина, ІІІ орындарды Қызылорда қаласынан Нұрмат Мансұров және Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиевтер өзара бөлісті.

Қалған айтыскер ақындар алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 24 қазан күні көркемдік ұжым Атырау қаласына Р. Отарбаевтың драматургиясына арналған фестивальге аттанды. 26 қазан күні, фестиваль барысында Атырау қаласының көрермендеріне Р. Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасы қойылды.                             

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 30 қазан күні сағ: 18.00-де филармонияның классикалық орындаушыларының  шығармашылығын және әлемдік өнер туындыларын, қәзіргі бағыттағы классикалық музыканы насихаттау мақсатында  классикалық концерт өтті. Аталған концертте саксафоншы С.Әжібековтың жетекшілігімен жұмыс жасап жатқан үрлемелі аспаптар ансамблі, инструмендалды орындаушылар М.Толыбеков, Н.Мирманов, А.Шағдатов және вокалисттер А.Ораз А.Алтынбек, Ж.Жүсіп, Д.Жамантаев, Қ.Дүйсенбайлар орындауындағы  әлем және қазақ композиторлары П.Пиццигони, П.Мориа, Э.Капуа, А.Жайымов, Н.Тілендиевтың шығармаларын тыңдап классикалық өнердің жауһар жақұттарын  тыңдауға  асыққан  көрермендердің  ыстық ықыласына бөленді.

                                              

2015 жылдың қыркүйек айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

    Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық дрма театры 4 қыркүйек күні Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясымен 61-ші театр маусымын ашты.

         Спектакльде Ұлы ақынның өмірінің соңғы сәттері, Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көрсетілді.

                                             

    5 қыркүйек күні Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария ауылының 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген мәдени көпшілік шарада «Томирис» би ансамблі және ҚР Еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова, ҚР мәдениет қайраткері Ү.Медеуова бастаған филармония әртістері өнер көрсетсе, орталық алаңда өткізілген «Денсаулық фестивалін» облыстық филармония әншілері Г.Бисекенова, Б.Кәкім, Г.Әлихановалар концерттік бағдарламамен қамтамасыз етті.

                                              

   11 қыркүйек күні Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында Р. Отарбаевтың «Қандыөзек» драмасы ұсынылды.

    Спектакльде қазіргі замандағы нашақорлардың өмірі суреттеледі.

                                               

  11-13 қыркүйек күндері Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументі алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой шараларын Қызылорда облысы өнерпаздары да қатысты. Мерекелік шаралар аясында Сыр елі өнер шеберлерінің концерті өткізілді. Этноауыл алаңына ұлттық нақышта жабдықталған 3 киіз үй тігіліп, «Ұлықталсын ұлы дала тарихы» атты облыс музейлері қорындағы жәдігерлерден көрме, зергерлік, кілем тоқу өнері, ағаштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік дәрістерін ұйымдастыру, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сату көрмелері ұйымдастырылды.

  Сонымен қатар, облыс өнерпаздары мерейтой шаралар аясында өткен «Сиқырлы би әлемі» атты би фестиваліне, «Ғасырлар үні» атты этно-концертке және гала-концертте өнер көрсетті.

                                                

                                                 

  14 қыркүйек күні Соқырлар қоғамы клубында Отбасы күніне орай өткен шарада облыстық филармония әртісі , «Мәдениет саласының үздігі» Г.Нұржанова бастаған өнер иелері зағип жандарға қайырымдылық концерт өткізді. Сонымен қатар, осы күні № 5547 әскери бөлімінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы жолдауын насихаттауға арналған концерт өтті. Концерттік бағдарламада филармония әртістері Д.Есентеміров, Г.Бисекенова, Г.Әлиханова, Ә.Өтепова және жырау Ә.Қуаңбаевтар өнер көрсетті.

  15 қыркүйек күні Махамбетов ауылдық мәдениет үйінде ҚР Еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетованың концерті өтті. Концертте әнші қазақ композиторларымен қатар, жергілікті композиторлардың әндерін орындады. Аталған концерттің бағдарламасында «Томирис» би ансамблі,  «Тұран» триосы, Г.Әлиханова, О.Нұралиев, Н.Нұраддиновалар  ән-биден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді.

  17 қыркүйек күні Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылында және 23 қыркүйек күні Қоғалыкөл ауылында шалғай елді-мекен тұрғындарының концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету, филармония әртістерінің өнерін насихаттау, қала мен шалғай ауыл мәдениетін ұштастыру мақсатында «Ән сарайы» атты облыстық филармония әншілерінің концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама шымылдығы «Томирис» би ансамблінің «Шаттық» биімен ашылса, Сыр елінің белгілі эстрада жұлдызы Б.Молдабергенов және филармония әншілері Н.Тілеулесова, Б.Кәкім, А.Қуаныш, Б.Найманов, Р.Үсеновтер ауыл тұрғындарына әннен шашу шашып ыстық ықыласына бөленді.

 

  22-23 қыркүйек аралығында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы V облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалі өтті. Фестивальге 160-қа тарта өнерлі балалар қатысты. Жас өнерпаздар ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, қолөнер, көркемсурет жанрлары бойынша шығармашылық қабілеттерін танытты.

  Фестивальдің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар арасында олардың шығармашылық қабілетін анықтап, бағыт-бағдар беретін, өнерлі балаларды халық арасында кеңінен насихаттап және оларға көмек қолын ұсыну.

                                               

  24 қыркүйек күні Шиелі ауданының орталығында ХХІХ облыстық спартакиаданың ашылу салтанатын эстрадалық орындаушылар мен «Томирис» би ансамблі концерттік бағдарламамен қамтамасыз етсе, Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Н.Бекежанов ауылында Н.Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Нартай нақыштары» атты жыршы-жыраулардың концерті өткізілді.

  25 қыркүйек күні Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында Р. Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасының премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

  Спектакльде Ұлт мұраты үшін күрескен, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны суреттеледі.

                                            

  29 қыркүйек күні Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Еңбек күніне арналған «Ата кәсіп-алтын мұра» атты еңбек сабақтастығы форумы өткізілді. Аталған шараға өнерлі отбасы номинациясы бойынша филармония әртістері «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, дәстүрлі орындаушы Ш.Тілеулесов пен «ҚР мәдениет саласының үздігі» Г.Нұржанованың отбасы қатысты. Сонымен қатар шараның концерттік бағдарламасында «Томирис» би ансамблі, C.Байсейітова, Д.Алмасұлы, «Тұран» триосы және күйшілер А.Шағдатов пен Ә.Әбсадықовтар өнер көрсетті.

Облыс мұрағат мекемелерінде 2015 жылы қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар

         2015 жылғы 8 қыркүйекте Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен басқарма басшылары, орынбасарлары, ведомстволық мұрағатқа жауапты мұрағатшы мамандарының қатысуымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында «Құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару және құжаттардың сақталуы» атты оқу семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыстық басқармалардан барлығы 60-тан аса қызметкер қатысты. Семинарға қатысушылар арнайы дайындалған құжаттардың тізімдемелерінен тұратын көрмемен танысты. Көрмеге Ұлттық мұрағат қорында сақталған 20 облыстық басқарманың 20303 құжатының мұрағаттық тізімдемелері қойылды.

            Оқу семинардың мақсаты – мұрағат құжаттарын арнайы талапқа сай сақтау және Ұлттық мұрағат қорына уақытылы, белгілі бір жүйемен өткізу жолдарын түсіндіру бағытында, басқарма басшысының орынбасары Мира Қазбекова арнайы баяндама жасап, құжаттарды сақтаудағы негізгі мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында құжаттама жасаудың тәртібі, ведомстволық мұрағаттар жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды сақтау туралы баяндама оқылып, слайдтармен әдістемелік көмек көрсетілді, әдістемелік брошюралар, нормативтік құқықтық актілер және слайдтар қамтылған дискілер таратылды.

                                               

                                              

         2015 жылғы 15 қыркүйекте Байқоңыр қалалық мұрағатында № 13 өрт сөндіру бөлімінің капитаны Ерлан Жолдасбаевтың және мұрағат қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту бағытында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық» жөнінде оқу өтті.

                                              

       2015 жылғы 16 қыркүйекте Шиелі аудандық мұрағатында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге №2 кітапхана қызметкерлері, №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары және мұрағат қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында мұрағатшы Ж.Ментаева «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты баяндамасын оқыды.

         2015 жылғы 17 қыркүйекте Байқоңыр қалалық мұрағатында мұрағат қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, құжаттау және құжаттаманы басқару, мұрағат ісі жөніндегі құқықтық-нормативтік және ғылыми әдістемелік құжаттарды жұмысқа енгізу бағытында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары  негізінде семинар сабағы өтті.

                                            

 

       2015 жылғы 18 қыркүйекте Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Жаңақорған аудандық мұрағатының ұйымдастыруымен «Ведомстволық мұрағаттармен жұмысты ұйымдастыру» атты оқу-семинар өтті. Оқу-семинарға басқарма басшысының орынбасары, аудан әкімдігінің өкілдері, облыс, аудан, мұрағат мекемелерінің басшылары және ведомстволық мұрағатқа жауапты мұрағатшы мамандар барлығы 50-ден аса қызметкер қатысты.

                                            

 

        Оқу семинардың мақсаты – мұрағат құжаттарын арнайы талапқа сай сақтау және Ұлттық мұрағат қорына уақытылы, белгілі бір жүйемен өткізу жолдарын түсіндіру бағытында, басқарма басшысының орынбасары Мира Қазбекова арнайы баяндама жасап, құжаттарды сақтаудағы негізгі мәселелерге тоқталды.

Семинар барысында құжаттама жасаудың тәртібі, ведомстволық мұрағаттар жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды сақтау туралы баяндама оқылып, слайдтармен әдістемелік көмек көрсетілді, әдістемелік брошюралар, нормативтік құқықтық актілер және слайдтар қамтылған дискілер таратылды.

        2015 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда облысының қоғамдық–саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының оқу залында «Қарттарым - қазынам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мұрағат саласының ардагерлері мен мұрағат мамандары қатысты. Мұрағат – тарихтың деректі ескерткіші. Уақыт озған сайын маңызды құжаттардың құндылығы артып, кейінгі ұрпақтардың кәдесіне жарайтындықтан, мұрағат саласына аса мән беріп, абыройлы жұмыс атқаруға тілектерін білдірді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: мұрағат саласының ардагерлерін қарттар күнімен құттықтау, мұрағаттағы өзгерістер жайлы мағлұмат беру.      

                                             

         2015 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты және № 15 мектеп-гимназия бірлесіп «Отбасы - өмір аясы» атты кездесу өткізді.

Кездесуге теміржол саласында талмай еңбек етіп келе жатқан үлгілі Бадырақовтар отбасы, ардагер ұстаз К.Саткеева, көп балалы ана А.Жанаева, мұрағат қызметкерлері және № 15 мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Кездесудің мақсаты - отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, адам баласының қасиетті борыштары ата-анаға, үлкенге құрмет, кішілерге ізет көрсету, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік және отансүйгіштік қасиеттер отбасынан бастау алатынын ұғындыра отырып, рухани тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.

       Іс-шара барысында  № 15 мектеп-гимназия оқушылары Қазақстан және Ана туралы әндер орындап, отбасы туралы жыр шумақтарын оқып берді. Шара соңында ардагер Б.Бадырақов мұрағат қызметкерлеріне «Жол бойындағы жұлдыздар» атты кітапты табыстады.

 

       2015 жылғы 26 қыркүйекте Қызылорда облысының қоғамдық–саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты Ы.Алтынсарин атындағы № 10 мектеп-лицейінің акт залында А.Тоқмағанбетовтың туылғанына 110 жыл толуына орай «Сырды жырлаған Асқар ақын» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге А.Тоқмағанбетовтың қызы Аягөз Асқарқызы және ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, қонақтар мұрағат қорындағы А.Тоқмағанбетовтың жеке тектік құжаттарынан «Сырды жырлаған Асқар ақын» атты көрмемен танысты. Іс-шарада А.Тоқмағанбетовтың шығармаларынан үзінділер оқылды және концерттік бағдарламалар көрсетілді. Кездесу соңында Аягөз Асқарқызына сый-сияпат тапсырылды.

Кездесудің мақсаты - көрнекті сатирик, ақын А.Тоқмағанбетов туралы мәлімет беру, дарынды жерлес ақынымыздың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру.

                                            

         2015 жылғы 30 қыркүйекте Шиелі аудандық мұрағатында 1 - қазан Қарттар күніне орай «Қариясы бардың қазынасы бар» тақырыбында мұрағат саласының ардагері Қ.Сүгірбаевпен кездесу өтті. Қ.Сүгірбаев мұрағат мекемесінің құрылымы мен тарихы жайлы әңгіме қозғап өтті. Мұрағат саласында жұмыс істеген жылдарында мұрағат жұмысының қиын да, қызықты екендігіне тоқталды. Кездесу соңында мұрағат саласының ардагеріне құттықтау тілектер айтылып, сый-құрмет жасалды.

                                            

 

 

    Облыс мұрағат мекемелерінде 2015 жылы шілде айында өткізілген іс-шаралар

           

          2015 жылғы 10 шілдеде Шиелі аудандық мұрағатында «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудан прокурорының аға көмекшісі А.Жаппасбаев пен аудандық мұрағат мекемесінің қызметкерлері қатысты. Іс-шарада қор сақтау қоймасының меңгерушісі Н.Төлешова «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» деген тақырыпта баяндама оқыды.

                                              

        2015 жылғы 22 шілдеде Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен «Үкіметтің ресми www.e-gov.kz порталымен Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында ХҚКО орталық мамандарының қатысуымен семинар өтті. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мұрағатқа келіп түскен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы Үкіметтің ресми www.e-gov.kz порталымен жүзеге асыру қажеттігі талқыланды.

 

                                              

           2015 жылғы 24 шілдеде Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көздерінің тізімінен өтетін «Сыр медиа» ЖШС, «Желтоқсан и К» ЖШС-нің жауапты мамандарымен Шығармашылық үйінің мәжіліс залында және 31 шілдеде мұрағаттың оқу залында Облыстық, қалалық сайлау комиссиясы, «Азаматтық Альянс» ЖШС-нің жауапты мамандарымен «Істерді  қалыптастыру және мемлекеттік мұрағатқа өткізу» тақырыбында семинар өтті.

         Семинардың мақсаты - «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын» (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы) және «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін» (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы) басшылыққа ала отырып, мекеменің іс жүргізуіне енгізу.

         Сонымен қатар, мұрағаттың бөлім басшысы А.Ұзақбаева «Істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру», «Мекеменің сараптау комиссиясы туралы ережесі» және «Істерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыру тәртібі» тақырыптарында баяндама оқып, істерге ғылыми-техникалық өңдеу жұмысы көрсетілді.

                                              

                       

           2015 жылдың мамыр,маусым айларында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

         

          1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай қалалық мәдени-демалыс паркінде және орталық алаңда облыстық филармонияның өнер ұжымы «Мамырдың майса гүлдері» атты концерт ұйымдастырды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай,облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ерліктің өшпес рухы» атты ашық тәрбие сағаты, көркемсурет галереясында «Тарих. Тағылым. Тағзым» тақырыбында көрме, филармония өнер ұжымы Ардагерлер үйінде,  А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ұлы Жеңіс ұрпаққа рух!», Ішкі істер департаментінің алаңында, 20/19 әскери бөлімінде  «Мәңгілік тағзым», қалалық демалыс паркінде «Төрі жұмсақ туған жер!» атты мерекелік концерттер, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Ұлы Отан соғысы кезіндегі шағын колхоздың өмірі жайлы, ел тартқан азап, қиыншылықтарын суретейтін А.Кіребаевтың  «Махаббат пен ғадауат» спектаклін ұсынды.

                                             

           

         13-30 мамыр аралығында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театр сахнасында Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасы, Б.Айдарбековтың «Қара мең», Р.Отарбаевтың «Двойник» комедиясы, А.Вампиловтың «Метранпаж оқиғасы», С.Ембергеновтың «Ана жүрегі», С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясының премьерасы әлемге әйгілі Аладдиннің қызықты оқиғалары бейнеленеді. «Аладдиннің сиқырлы  шамы», С.Мақұлбековтың «Балапан» балалар қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.

                                                                                               

                                                                                

                                                                                                                                

        15 мамыр күні облыстық филармония өнер ұжымы Халықаралық отбасы күніне арналған «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты қайырымдылық концерт  өткізді.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні – 2015» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, «Ашық есік» күні жарияланды. Ал, көркемсурет галереясында Қазақстанға танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Оразбек Есенбаевтың «Шанырақ» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрмеде автордың 30 дан астам туындылары қойылды. Өзінің шығармаларында автор бірнеше жанрда жұмыс жасайды. Кескіндеме, графика, мүсін өнері және қолданбалы өнердің хас шебері болып саналатын О.Есенбаевтың туындыларында, шебердің өз халқының өнері мен тарихын терең білетіндігі, оның табиғатпен жанасудан шексіз шаттыққа бөленетіндігі көрінеді. Оның шығармаларынан өмірге деген құштарлық, шексіз қиял, сыпайы әзіл-оспақ, туған жеріне және оның адамдарға деген шексіз сүйіспеншілік сезіліп отырады.

                                            

         21 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, комедия жанрының шебері, ұлт мақтанышы Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды. Жазушының жеке кітапханасында 8 мыңға жуық кітап, сонымен қатар оның көп жыл пайдаланған жеке заттары, жазу құралдары, ескерткіш жазулары бар кәдесыйлары, портреті қойылған.

                                           

       21 мамыр күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған концерті өтті. Оркестрге халықаралық және республикалық дирижерлар конкурстарының жүлдегері, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық - этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе дирижерлік етті

23-25 мамыр аралығында Қызылорда облыстық филармониясы Өзбекстан республикасының Ташкент қаласымен аудан орталықтарында және Шымкент қаласына Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Достық әуені» тақырыбымен гастрольдік сапармен барды.         

  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық  мәдени-

демалыс паркінде «Бала - өмірдің көктемі» атты мерекелік шара, «Арай» ойын-сауық кешенінде филармония өнер ұжымы концерт ұйымдастырып Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік ұжымы “Мүгедектерге арналған оңалту орталығының” балаларына В.Орловтың «Алтын шөжек»  спектаклін ұсынды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қаладағы «Күнекей» балалар бақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Бала – өмірдің сәні» тақырыбында ертеңгілік өткізді.

                                           

      2,4 маусым күндері Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасымен «Келіндер көтерілісі» комедиясын  көрермен назарына ұсынды.

                                          

      4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, музейде «Қазақстан тәуелсіздік жолында» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыптық экскурсиялар жүргізілді.

                                         

        5 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында терроризм және діни экстремизмнің қазіргі өмірдегі адамзатқа қаупі туралы түсінік беру және лаңкестік теракт қаупі төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қорғаныс шараларын үйрету мақсатында   «ХХІ ғасыр қаупі –терроризм» атты видео - сабақ өткізілді.

                                      

        9,16 маусым күндері Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында филармония әншісі, бірнеше халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты жас әнші Бекзат Молдабергеновтың «Ғажайып күндер» және филармония әншісі, аймақтық Р.Бағланова атындағы конкурстың лауреаты Р.Ысқақованың «Сағыныш» атты ән-кештері өткізілді.

                                     

                                     

        12 маусым күні балалар бөлімі «Білім-білгенге байлық» атты зияткерлік ойын өткізді. Мақсаты: балалардың  зеректік қабілетін дамытып ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сайысқа №101, №12 І.Қабылов атындағы мектептердегі күндізгі тынығу лагерлеріндегі балалар қатысты. Балалар «Білгірлер», «Алғырлар» болып екі топқа бөлініп сайысты. Ойын «Кім тапқыр», ««Мақал-сөздің мәйегі», «Кім жылдам», «Жұмбақтар жасыру», «Жаңылтпаш айта отырайық» бөлімдерден тұрды. Шара соңында балалар кітапханаға саяхат жасады.

                                    

       12, 25 маусым күндері Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында Р. Отарбаевтың «Қандыөзек» драмасы  ұсынылды. Спектакльде қазіргі заманның ең басты мәселелерінің бірі – нашақорлықпен күрес жайлы суреттелінді.

                                    

         7, 13, 14, 28 маусым күндері А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен үрлемелі аспаптар ансамблінің ұлттық өнерді ұлықтау, күй өнерін дәріптеу, ансамбльдің шығармашылығын өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау мақсатында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің, әлемдік өнер туындылары мен қәзіргі бағыттағы классикалық музыканы және оркестр шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық филармония жанынан құрылған камералық оркестрдің, «Томирис» би ансамблімен эстрадалық орындаушылардың  маусымдық жабылу концерттері өткізілді.

                                    

                                    

        17 маусым күні қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, Сыр елінің саңлақ ұлы – Әбділда Тәжібаев есімін ұлықтау мақсатында ақын атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана алдында

 бюст қойылды. Бюсттің ашылу салтанатына Ә.Тәжібаевтың қызы Зифа Әбділдақызы,

 немересі және жергілікті ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

                                   

                                   

       Кітапхана 19 маусым күні «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты семинар ұймдастырды.Семинарға мұғалімдер және 9 сынып оқушылары қатысты. Шараға қатысушыларға iMektep жобасы туралы түсіндірілді. Бұл жобының мақсаты –қазіргі технология мен білім беруді ұштастыру арқылы ұстазға да, балаға да тиімді көмекші құрал жасау.

        Семинарда iMektep жобасындағы бастауыш мектеп бағдарламасын толық қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын  түріндегі тапсырмалар туралы айтылды. Бұл оқыту кешенінде бастауыш мектеп бағдарламасына енген 8 пән бойынша толықтай сабақ үлгілері ұсынылған. Сонымен қатар BilimLand, iTest-ҰБТ-ға дайындайтын виртуалды жаттығу алаңы, Twid Bilim бағдарламалары туралы айтылды. Семинарға қатысушыларға жаднамалар таратылды және қойылған сұрақтарға жауап берілді.

                                   

        22-24 маусым аралығында облыстық филармониясы өнер ұжымы гастрольдік сапармен Тараз қаласында болып, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі концерт өткізді. Жамбыл облысының филармониясы басшыларымен кездесіп, кездесу барысында екіжақты мәдени байланысты нығайту, достық пен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды.

                                  

                                   

            25 маусым күні кітапханада Астана күніне орай «Елдігіміздің жүрегі- Астана» атты кең ауқымды көркемделген кітап көрмесі ашылды.

Кітап көрмесі «Елбасы және Елорда», «Мәңгілік Елдің арқауы - Елорда», «Шабытыма қанат берген Астана», «Астана-кемел істердің алтын тұғыры», «Мерейі асқақ Қазақстан» атты Астана жайлы толық та тың ақпарат беретін кітаптар топтамасы қойылған 5 тақырыптық бөлімнен тұрды.

 

                                   

            27 маусым күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры С. Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясымен маусымды жапты.

                                    

          30 маусымы куні «Ел мәдениеті – Елбасы мерейі» тақырыбы аясында Қармақшы ауданы мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген ардагер Сұлтан Сармолдиннің жүлдесі үшін «Үздік клуб қызметкері - 2015» атты ауылдық клуб меңгерушілерінің облыстық кәсіпқойлық сайысын өткізді.

 

                                    

                      

                             Облыс мұрағат мекемелерінде 2015 жылдың маусым айында өткізілген іс-шаралар

        

          4 маусым күні Арал аудандық мұрағатында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Желбіре көк байрағы елімнің» атты салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста мұрағат директоры Б.Қуатов мұрағат қызметкерлерін мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиіс деген пікірін білдірді.

         4 маусым күні Қармақшы аудандық мұрағатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты кездесу өтті. Кездесуге әділет басқармасы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Іс-шарада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің шығу, жасалу тарихы туралы дәріс оқылып, олардың мән-маңызы түсіндірілді.

          5 маусым күні Қазалы аудандық мұрағатында аудандық орталық мешіттің және аудандық әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризмге, экстремизмге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шарада үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын терроризм, экстремизм әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда екендігі және бұл жағдай елімізге сырттан келіп, қоғамымызды жат діндер арқылы улап жатқаны туралы мәселе көтерілді. Отырыста қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану туралы ой-пікірлер айтылды.

         12 маусым күні Арал аудандық мұрағатында «Ведомстволық сақтаудағы құжаттарды істер номенклатурасы бойынша қалыптастыру және құжаттарды сараптау туралы» тақырыбында семинар өтті. Іс шараға Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі Арал аудандық аумақтық инспекциясының маманы, Арал аудандық ветеринариялық станциясының маманы, аудандық ауыл шаруашылығы саласындағы  мамандары қатысты. Семинарда мұрағатшы Р.Исламханова «Істер номенклатурасын жасау туралы және Істерді қалыптастыру мен сақтау істі рәсімдеу туралы» баяндама оқыды.

          16 маусым күні «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында тікелей эфир арқылы Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Қазбекова шықты. Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан зейнеткерлікке шығуға байланысты еңбек өтілін анықтайтын және т.б. мұрағат анықтамаларын алу туралы сұрақтарына жауап берді.

         24 маусым күні Жалағаш аудандық мұрағатында «Ведомстволық мұрағатта іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, кадр мамандары мен іс жүргізушілері қатысты. Ведомстволық мұрағаттың басты мақсаты – ведомстволық сақтау сатысында құжаттардың мұрағатқа сапалы, толық күйінде тапсырылуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, семинар барысында аудандық мұрағат қоймасының меңгерушісі Р.Усерова Ведомстволық мұрағаттарға қойылатын талаптар жөнінде баяндама оқыды.

         24 маусым күні Шиелі аудандық мұрағаты мекемесінде «Іс қағаздарын жүргізу негіздері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Еңбекші, Жаңа тұрмыс, Бестам, Керделі, Ортақшыл, Майлытоғай, Жылантөбе, Қарғалы, Төңкеріс, Тартоғай, Талаптан, Телікөл, Бәйгеқұм ауылдық округтері  әкімі аппаратының мамандары, заңгерлері қатысты.

         26 маусым күні Шиелі аудандық мұрағаты мекемесі мұрағатшыларының ұйымдастыруымен Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары мен мұрағат қызметкерлері қатысты.

 

                                  

Облыс мұрағат мекемелерінде 2015 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында өткізілген іс-шаралар

 

12 қаңтар күні Байқоңыр қалалық мұрағатында Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі туралы және ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» № 267-1 Заңының басты мақсаттары мен принциптері жайлы семинар өтті.

21 қаңтар күні Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты қала әкімі аппараты, қалаға қарасты бөлімдерге, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарына «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары» тақырыбында семинар өтті.

12 ақпан күні Қармақшы аудандық мұрағаты «Нұр Отан» Партиясымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өткізді.

13 ақпан күні   Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға қаламыздағы №15 мектеп-лицейдің мұғалімдері мен 8 сынып оқушылары  қатысты. Қатысушылар «Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз» атты тақырыптық көрмені, қор сақтау қоймаларымен, бөлімдердің жұмыстарымен танысты. Шара барысында №15 мектеп-лицейдің оқушылары сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.

19 ақпан күні Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты   Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өтуде «Достық біздің-тірегіміз» атты кездесу  өткізді. Аталған шараға Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-ның бөлім басшысы У.Ибраев, ҚР-ның еңбегі сіңген мұғалімі Марк Захарович Подольский, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  Қызылорда гуманитарлық-техникалық заң колледжінің оқытушылары, студенттері, мұрағат саласының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері  қатысты. Қонақтар біздің еліміз көпұлтты екенін, татулығымыз берік болу үшін ең бастысы тұрақтылық пен бірлік қажет екендігін атап көрсетті.       

Сонымен қатар мұрағат қоры құжаттарынан «Қазақстан –баршамыздың ортақ Отанымыз»  атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1890 жылдан 2013 жылдар аралығындағы әр ұлт өкілдері мен қазақ халқының достығынан мәлімет беретін құжаттар қойылды.

20 ақпан күні Байқоңыр қалалық мұрағатында «Мұрағат қызметі, ҚР-ның заңнамалық актілерін, құжаттау және құжаттаманы басқару, мұрағат ісі жөніндегі құқықтық-нормативтік және ғылыми әдістемелік құжаттарды жұмысқа енгізу» тақырыбында семинар өтті.

24 ақпан күні Қазалы аудандық мұрағаты  аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен ведомстволық мұрағаттарға  жауапты мамандардың қатысуымен «Ведомстволық мұрағат ашу және оған қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өтті.

27 ақпан күні Жаңақорған аудандық мұрағатының іс жүргізуші қызметкерлері мен кенттік клуб үйінің басшыларының қатысуымен «Істер номенклатурасын жасаудың тәжірибелері», «Құжаттарды сараптаудың негіздері» тақырыбында 2 семинар өтті.

 Сонымен қатар осы күні Жаңақорған аудандық құқық қорғау органдарымен зейнетақы төлеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлық індет – қорғану міндет» тақырыбында семинар өтті.

5 наурыз күні Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне  арналған «Ана тіршіліктің тірегі» атты  кездесу өтті. Кездесуге жергілікті ақын-ұстаздар Рахат Наурызбаева, Ділдахан Торғаева, №12  мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Аталмыш іс-шарада мұрағат директоры қонақтарды 8-наурыз мерекесімен құттықтап,  қаламдарының мұқалмай, халыққа жасалған қызметтерінің абырой әкелуіне тілектестік білдірді. Шара соңында қонақтарға гүл шоқтары тарту етіліп, құрмет көрсетілді.

5 наурыз күні  Қармақшы аудандық мұрағатында  8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі» атты ардагер ұстаз, әжелер ансамблінің мүшесі, көп балалы ана Тілегенова Сарамен  кездесу өтті.

6 наурыз күні  Жаңақорған аудандық мұрағатында 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған аудан әкімінің орынбасары мен ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, «Ерлермен теңескен нәзік жандар» атты кездесу өтті.

12 наурыз күні Қазалы аудандық мұрағатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлескен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

12 наурыз күні Сырдария аудандық мұрағатында «Ұйымда істер номенклатурасын жасау» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Тереңөзек кенті, Аманкелді, Шаған, Шіркейлі ауылдық мәдениет үйлерінің, Тереңөзек кенті, Айдарлы, Ақжарма, Жетікөл, Қалжан ахун, Қоғалыкөл,  С.Сейфулли, А.Тоқмағанбетов, Іңкардария ауылдық клуб мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

12 наурыз күні Жалағаш аудандық мұрағатында «Ана өмір шуағы» тақырыбында мекеме ардагерлері, кент ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесу өтті.

9 наурыз күні  Сырдария аудандық мұрағатында  «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кездесу өтті. Кездесуге «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, аудандық кітапхана, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы аудандық бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

20 наурыз күні Жаңақорған аудандық мұрағатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында  аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Нұр Отан» Партиясы, аудандағы өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Қарттарым асыл-қазынам» атты  кездесу өтті.

8 сәуір күні Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау, сараптау,  өңдеу,  есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты қалалық бөлімдердің іс жүргізу және мұрағат ісіне жауапты мамандарының қатысуымен  семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске 20 мекемеден 36 тыңдарман қатысты. Семинарға қатысушылар мемлекеттік мұрағаттың қор сақтау қоймаларымен, «Электронды мұрағат» жұмысымен  танысты және «Ұмытылмас ерлік – өшпес даңқ»  тақырыбындағы көрмемен танысты.

8 сәуір күні Сырдария аудандық мұрағатында Қазақ хандығының 550 жыл толуына орай «Хандардан қалған қағанат, қазаққа бүгін Аманат!» атты кездесу өтті. Кездесуге Сырдария аудандық кітапханасының, тарихи-өлкетану мұражайының және №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің қызметкерлері қатысты.

16 сәуір күні  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы техникалық колледж басшылығымен бірлесіп «Сыр елі – достықтың мекені» атты кездесу өтті. Кездесуге «Қызылорда облысының құрметті азаматы» Марк Захарович Подольский, Татар этно-мәдени бірлестігінің өкілі Рафхат Закиевич Хафизов, Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Елена Владимировна Рыбина, облыстық қоғамдық келісім орталығының бөлім басшысы Ержан Уайс қатысты. Қонақтар мұрағат құжаттарынан дайындалған «Бірлігім - Бақытым» тақырыбында көрмемен танысты.

16 сәуір күні   Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында ашық есік күні өтті. Шараға қаламыздағы №3 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушылары мен №15 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары және мұғалімдері қатысты.

Қонақтар мұрағат қоры құжаттарынан әзірленген «Ұмытылмас ерлік өшпес даңқ» атты тақырыптық көрмені, қор сақтау қоймаларымен, бөлімдердің жұмыстарымен танысты.

20 сәуір күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне  орай Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында мұрағат құжаттарынан «Сыр елі – достық шаңырағы» атты көрме дайындалды. Көрмеге №12 мектеп, 15 мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Көрмеге: 1890 жылдан 2010 жылға дейінгі 43 құжат қойылды.

28 сәуірде  «Ұлттар достастығы-ұранымыз»  атты    кездесу  Жалағаш аудандық мұрағатының  ұйымдастырумен  «Жігер» мәдени-сауықтыру  кешені ғимаратында өтті.   Н. Цзю, Л. Шабалина, Г. Иванченко кездесудің құрметті қонағы болды.  Қонақтар  еліміз  жалғыз қазақтың ғана емес, қасиетті қазақ даласына әртүрлі себептермен қоныс аударған өзге ұлттардың да ортақ Отанына айналғаның, ел бірлігі, ынтымағы  біз бен сіздің қолымызда, ниетімізде деп ұтымды ойларын ортаға салды.

4 мамыр күні  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыстық қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы техникалық колледж басшылығымен бірлесіп, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты кездесу өтті. Кездесуге Ұлттық мұрағат қорында жеке тектік құжаттары сақтаулы соғыс ардагері, қоғам қайраткері Бөрібай Құлманов және соғыс ардагері Тенел Жұмабаевтың ұрпағы Асылбек Жұмабаев қатысты. Кездесу барысында қонақтардың жеке тектік құжаттарынан осы тақырыпта көрмемен танысты.

 

5 мамыр күні  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаныңда  Көркемсурет галереясында  соғыс ардагерлерімен өткізілген кездесуге  Сыр бойы батырларының ерлігі, тыл мен майданның мызғымас бірлігі, майданға көмек көрсету жөніндегі бүкілхалықтық патриоттық қозғалысты дәріптейтін құжаттар  негізінде дайындалған «Отты жылдардағы ерлік пен еңбек- мұрағат шежіресінде» тақырыбында  көрме  қойылды.

6 мамыр күні Сырдария аудандық мұрағатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңісті жақындатқандар» атты кездесу өтті. Кездесуге соғыс және тыл ардагерлері Я.Тасыров, М.Бержанов қатысты.

6 мамыр күні Қармақшы аудандық мұрағатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының  ардагері, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Шәкіман Бектібаевпен кездесу өтті.

11 мамыр күні   Қармақшы аудандық мұрағатында «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К. Раеваның қатысуымен  «Жемқорлық жолын кесу-міндет» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. 

20 мамыр күні  Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында Қазақ АКСР-і астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, Қызылорда атауының берілгеніне 90 жыл толуына орай «Алғашқы астана - Қызылорда» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге №4 орта мектептің ұстаздары, 8 «б» сынып оқушылары қатысты.

20 мамыр күні  31 мамыр-саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында «Азалы жылдар жаңғырығы»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге  Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің тарихшы-оқытушылары мен студенттері  қатысып мұрағат қорындағы  бай-құлақтардың мал-мүлкін тәркілеу, жер аудару, күштеп  ұжымдастыру туралы құжаттармен танысып, ашаршылық, қуғын-сүргін құрбандарының  рухына тағзым етіп, оларды мәңгі есте қалдыруда ой бөлісіп, пікір алысты. 

С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттеріне және №235 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына  «Нәубет жылдар жарасы», «Қызылорда және алаш қайраткерлері» тақырыбында сабақ өткізіліп, «Зұлмат жылдар-жан жарасы» тақырыбындағы көрмемен таныстырылды.

Қызылорда облысының қоғамдық саяси-тарихы мемлекеттік мұрағатында «Нәубет тартқан тағдырлар» атты көрме әзірленіп,  «Бір таяқ қата тиеді, бір таяқ бата тиеді немесе жазықсыз жапа шеккендер шежіресі» тақырыбында «Ақмешіт апталығы» газетінде (2015 жылы 16 мамырда   №36 саны)  мақала  жарық көрді.

 

2015 жылдың сәуір айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

4, 8 сәуір күндері А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, Соқырлар қоғамы клубында «Мәңгілік ел» тақырыбында филармония өнер ұжымының  концерті болып өтті.

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 4 сәуір күні Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясы сахналанды.

                                                                   

6 сәуір күні Алматы қаласында қазақ хандығының 550 жылдығына және Н.Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты жыршы-термешілердің концерті болып өтті.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 8 сәуір күні Р.Отарбаевтың «Двойник» комедиясының премьерасы болып өтті.

2015 жылдың 8-10 сәуірі күндері облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық ХҮІІ  «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсы өтеді. Конкурсқа вокал, хореография, халықтық орындау жанрлары бойынша 300-ден аса  өнерпаздар қатысты.

                                             

10 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Н.Тілендиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жеңіс салтанаты» атты дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібаймен Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

11 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ән сырымның сырғасы» атты филармония өнер иелерінің концерті өтті.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 11 сәуір күні И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» болып өтті.

15 сәуір күні Абай ауылында Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің  «Күй қайнары» атты қайырымдылық концерті өтті.

17 сәуір күні Ж.Махамбетов ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылына арналған «Бірлік бәйтерегі-бақыт байрағы» атты «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің концерті болып өтті.

                                           

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 18 сәуір – тарихи және сәулет ескерткіштерінің Халықаралық күніне байланысты және А.Тоқмағамбетовтің 110 жылдығына арналған «Жыр күмбезі» атты концерт өтті.

19 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Т.Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған «Шертпе күйдің шебері» атты концерт болып өтті.

 

2015 жылдың наурыз айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

3 наурыз күні облыстық кітапханада «Қазақ елі - Мәңгілік ел» атты ғылыми - танымдық конференция ұйымдастырылды.

                                         

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3, 7 наурыз күндері кітапхана «Әйел. Өмір. Махаббат» атты мерекелік шара, «Ана-өмірдің нұры, тіршіліктің гүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

4 наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде дирижер, композитор, домбырашы, музыка зерттеуші, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Дәулеткерей атындағы оркестрдің көркемдік жетешісі және бас дирижері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев қатысуымен «Шынайы шеберлік» атты концерт өтті.

                                         

5 наурыз күні филармония артистері «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірігіп, телеарнаның концерт залында «Мереке күніңмен» атты концертін ұйымдастырды.

6-7 наурыз аралығында Қармақшы, Шиелі ауданында, 8 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Жібек сезім» атты ҚР еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетованың шығармашылығына 35 жыл толуына және Халықаралық әйелдер күні арналған концерттер өтті.

7 наурыз күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – тіршілік тірегі» атты мерекелік салтанаты өтті. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ә.Дінішов, Б. Исаев арнайы шақырылды.

10 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында Ә.Ақпанбетұлының «Түңгі көбелек» драмасы көрерменге ұсынылды.

                                                            

11 наурыз күні С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Бірлік бәйтерегі - бақыт байрағы» атты «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің концерті болып өтті.

                                        

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында наурыз айының 12-і күні А.Кіребаевтің «Махаббат пен Ғадауат» спектаклін көрерменге ұсынды.

14 наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дәстүрлі орындаушылардың концерті ұйымдастырылды.        

15 наурыз күні М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Рух ұлықтаған -Ұлы Жеңіс» атты Жеңістің 70 жылдығына арналған филармония өнер иелерінің концерті өтті.

17 наурыз күні кітапханада Қазақстанның және КСРО халық әртісі, композитор, домбырашы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтың туғанына 90 толуына «Аққуын әлдилеген ән мен күйдің» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.

18 наурыз күні кітапханада Наурыз мерекесіне «Наурызым-тойлы нұрлы күн, елімнің сақта бірлігін» атты этнографиялық думан өткізілді.

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 18 наурыз күні Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасының премьерасы болып өтті.

Облыстық кітапхана 18 наурыз күні «Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

21-22 наурыз күндері Орталық алаң, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Ұлыстың Ұлы мерекесіне арналған «Наурыз нақыштары», «Әз наурыз – ән көктем» атты концерттер өтті.

20-24 наурыз аралығында театр сахнасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай балаларға арналған қуыршақ қойылымдары өтті.

28 наурыз күні «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының концерт залында 1,5 жасар Мұратбек Адиятқа қаржылай көмек беру мақсатында облыстық филармония өнер ұжымының «Мейірім шапағаты» атты қайырымдылық концерт өткізілді.

                                      

30 наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Санкт-Пертербург «Музыка үйінің» ұйымдастыруымен халықаралық конкурстардың лауреаттары Андрей Кузнецов (скрипка) және Виталий Стариковтың (фортепиано) қатысуымен классикалық кеш өтті.

 

2015 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

5-6 ақпан күндері А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, Абай ауылында, 20/19 әскери бөлімінде «Бірлік бәйтерегі-бақыт байрағы» атты филармония өнер ұжымы концерттер өткізді.

                                

6 ақпан күні көркемсурет галереясында жергілікті қылқалам шеберлерінің қатысуымен «Сыр елі суретшілерінің бейнелеу өнеріндегі ролі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

7 ақпан күні театр сахнасында Сейтмұрат Егембергеновтың «Ана жүрегі» спектаклі көрерменге ұсынылды.

                                      .

9 ақпан күні облыстық музейде қазақ ойшылы, қоғам қайраткері, тарихшы, журналист, публицист М.Шоқайдың 125 жылдық мерейтойына орай «М.Шоқай және Алаш идеялары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Облыстық музей 12-19 ақпан аралығында Ауған соғысы ардагерлерімен «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты кездесу кешін, «Құпия соғыстың қаһармандары» атты көрме ұйымдастырды.

         13 ақпан күні филармония өнер ұжымы 20/19 әскери бөлімінде концерт өткізді.

                                       

Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 13-14 ақпан күндері Б.Айдарбековтың «Қара мең», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклдері көрерменге ұсынылды.

14 ақпан күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Мәңгілік музыка» атты «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен үрлемелі аспаптар ансамблінің концерті өтті.

         16 ақпан күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында «Достық – татулық тірегі» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

 

                                           

 

2015 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

 

         Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында 22 қаңтар күні жылдың алғашқы қойылымы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклі көрерменге ұсынылды. Қойылымдағы Шәмшінің ролін сомдаушы жас актер Арай Көшімбаев  Вальс королі атанған Шәмшінің образын бейнеледі. Сахнаға алғаш шыққанда жүрегі іңкәр сезімге толы жас жігітті көрсетті. Айналасындағы нәзік әуенді актер жүрегімен сезінеді. Осындай жаңа басталған жас дәурен ғұмырын орындаушы жеке ізденулермен толықтыра білді. Көңілдерінен  шыққан көрермен қауым спектакль соңында шығармашылық қауымға қол соғып, гүл шоқтарымен өз ризашылықтарын білдірді.

Режиссер Қ.Қасымовтың Сыр сахнасына шығарған И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» поэтикалық драмасы ұтымды шешімге, ұтымды актерлік ансамбльге құрылған қойылым болды.

         22-24 қаңтар аралығында облыстық филармонияның ұйымдастырумен Арал Қазалы, Қармақшы аудандарында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бірлік бәйтерегі-бақыт байрағы» атты концерті өткізілді.

 

                                                        

         23 қаңтар күні ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау мақсатында Ақмешіт музейінде «Болашақ» университеті студенттерінің назарына «Елбасы Жолдауы – еліміздің жаңа самғауы» атты экскурсия сабағымен лекция өткізілді.

                               

         Сыр өнерінің қара шаңырағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 24 қаңтар күні көрермен қауымға Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы» драмасы бойынша сахналанған қойылымды ұсынды. Спектакль бүгінгі күннің келеңсіз оқиғаларын суреттейді. Психологиялық драманың  идеясы – ел тәуелсіздігін өз жеке пайдасына ғана пайдаланған қазіргі биліктегі білімсіз, біліксіз, мансапқорлардың қоғамның басым бөлігін жайлап алғандығын көрсету, пьеса кейіпкерлері арасындағы тартыс арқылы  ұлттық болмысымызға жат мінездерді сынау. Байлығы мен қызметіне сенген спектакльдің басты кейіпкері Ержан (Қазақстанның еңбек сіңірген артисті Б.Алпысбай) шынайы махаббат сезімі алдында дәрменсіз. Жамал (актриса А.Байдалиева) сүйген жігітін тастап, осы бизнесмен Ержанның соңынан кете барды. Дегенімен Ержан өз бақытын таба алмады. Спектакльдің режиссері – Ж.Досаев, көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х.Әмір-Темір. Спектакль көрермендерінің басым көпшілігі студент жастар мен ұстаздар болды. Қоғамның  шынайы бейнесін көрсеткен бұл қойылым жас ұрпақты үлкен ойға жетелейтін тәлім-тәрбиеге толы шығарма.

 

                                      

         27 қаңтар күні Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында, көркемсурет галереясында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Облыстық кітапханада 28 қаңтар күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Көрме «Ата дәстүрін сақтаған ұлт», «Жер бетінде мәңгі тұр, Қазақ елі!», «Этносаралық ынтымақ - ел тірегі», «Ұлттар арасындағы достық – ұлы жетістік» және «Қызылорда – татулық пен келісім қаласы» атты 5 бөлімнен ұйымдастырылды. Көрменің ашылу салтанатына ұлттық мәдени орталық өкілдері, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің және «Өркениет» медициналық колледжінің  студенттері қатысты.

 

                                     

29 қаңтар күні қаламыздың мектеп оқушыларына Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында А.Кіребаевтың драмасы бойынша «Махаббат пен ғадауат» спектаклі ұсынылды. Махаббат адамзаттың ұлы сезімін бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі шағын колхоздың өмірі.... Шолақ белсенділердің елге көрсеткен жәбірі, ел тартқан азап, қиыншылықтар театр артистерінің орындауында айқын көрініс тапты.

         А.Кіребаевтың «Махаббат пен Ғадауат» драмасын тамашалаған оқушылар мен ұстаздар қауымы спектакль соңында арнайы қойылым жөнінде арнайы сөз жарыс өткізді. Спектакльде сахнаның шынайы шеберлеріне айналған жас актерларлар Н.Шналиев, Қ.Айтжанова, Ұ.Баймаханов, Е.Асанов өнер көрсетті.

Облыстық кітапханада 29 қаңтар күні Қадыр Мырза Әлінің туғанына 80 жыл толуына орай  «Қазақ  жырының Қадыры» атты поэзия кеші, «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың ролі» атты дөнгелек стол болып өтті.

30 қаңтар күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде классикалық ән кеші өтті.

31 қаңтар күні облыстық кітапханада «Отбасының қызығушылық әлемі» атты отбасы вернисажын және №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 1 сынып оқушыларын оқырманға қабылдау салтанатын өткізді. Отбасы вернисажына Жұмаділдаевтар жанұясы қатысып өздерінің отбасылық әуестіктері туралы слайд-шоу көрсетіп, ата-аналары балаларына кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын кітап оқу арқылы үйрететінін, оларға жан-жақты, білімге құштар етіп өсіруге тәрбиелейтіні туралы әңгімелеп берді.

2017 жылдың тамыз айында өткізілген іс-шаралар

2017 жылдың желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 11-04-2018 09:43

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика